Катализ – катализаторлар деп аталатын заттардың көмегімен химиялық реакциялар механизмі мен жылдамдығы өзгеруінің физика химиялық процесі
Каталитикалық крекинг – мұнай өнімдерінен сапалы бензиннің шығымын арттыру мақсатымен катализатор қолдануымен жүретін процесс
Мұнай – көп компонентті көміртек атомдарының саңы 100-ге дейін және одан да көп гетероорганикалық қосылыстар мен кейбір металдардың қоспасынан тұратын көмірсутектердің күрделі қоспасы
Пиролиз – жоғары бағалы олефинді көмірсутектерді алуға негізделген жоғары температуралық процесс
Реакторлар – химиялық реакциялар жүретін аппаратттар
Ректификациялық колонна – ректификациялық табақшалармен немесе насадкамен қамтамасыз етілген вертикаль цилиндр тәріздес мұнайды айдап өңдеуге арналған аппарат
Ректификация – қайнау температуралары өте жақын өнімдерді бөліп жоғары дәрежедегі таза өнімдерді түзіп алу
Шайырлар – ұзын алифатты бүйірлік тізбектері бар конденсирленген циклді қосылыстар.
Фракциялау – бұл компонеттердің күрделі қоспасын қарапайым қоспаларға немесе жеке құраушыларға бөлу
Эмульсия - өзара ерімейтін сұйықтықтар немесе ерітінділерді араластырғанда түзілетін системалар
Эмульгаторлар – эмульсия түзілуіне жағдай жасайтын және эмульсияны тұрақтандыратын заттар