Ақжелек түйнегі


Суға пісірілген савой қырыққабатқсы



бет10/14
Дата27.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#133584
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
5- Көкөніс

Суға пісірілген савой қырыққабатқсы[өңдеу]
Ас дайындар алдында қырыққабатты әбден жуады да, беті ашық ыдыста 15—20 минуттай пісіреді (ұзақ пісірсе, қырыққабаттың түсі өзгеріп, жағымсыз дәм пайда болады). Піскен қырыққабатты 4-ке бөліп, ерітілген майға былғайды, кептірілген нан ұнтағын сеуіп, дастарқанға қояды. 1 кг қырыққабатқа: 4 ас қасық сары май, 2 ас қасық кептірілген нан ұнтағы қажет.
Түсті қырыққабат[өңдеу]
Бұл қырыққабаттың басы жапырақпен көмкерілген, ірі, қысқа бұтақ тәрізді сабақта орналасқан ұрықты гүлдерден (500-ден 2000 түйірге дейін) тұрады. Асқа тек жапырақсыз басы ғана пайдаланылады. Ерте пісетін сорттары — Гарантия, Мовир —74, Ранняя грибовская 1355; жаз ортасында пісетін сорттары — Отечественная, кеш пісетін сорттары — Адлерская зимняя 679, Адлерская весенняя. Түсті қырыққабат — тез бұзылады. Құрамында 70 мг % С витамині, сол сияқты РР1, К1, В1, В2, В3 витаминдері, каротин бар. Түсті қырыққабат организмге жеңіл сіңеді, сондықтан оның балалар тағамының құрамына мол енгізілгені жөн. Түсті қырыққабатты күйіп кеткен күйінде пайдалануға болмайды. Оның басында зиянды жәндіктер көп болады, сондықтан пайдаланбас бұрын қырыққабатты 30—40 минуттай тұзды суға салып қояды (1 л суға 20 г тұз қосады). Түсті қырыққабаттан дәмді сорпа әзірлеуге болады, майға қуырыл, кептірілген нан ұнтағын қосып, өзінше бөлек тағам ретінде немесе басқа тағамдарға гарнир есебінде (мысалы, піскен етке) пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет