Түсті қырыққабат салаты[өңдеу]
Қырыққабатты суға шала пісіреді, гүл шоғырларын бөледі, сірке суын, тұз, қант, қара бұрыш қосып, үстіне өсімдік майын құяды. Қырыққабатты ыдысқа салып, үстіне ұсақтап туралған жұмыртқа мен көк пияз себеді. 500 г түсті қырыққабатқа: 1 піскен жұмыртқа, 2 ас қасық ұсақтап туралған пияз, 1 ас қасық өсімдік майы, 11 /2 ас қасық асхана сірке суы, 1 шай қасық құмшекер; татымына қарай тұз, бұрыш қажет.
Сүт тұздығы қосылған түсті қырыққабат[өңдеу]
Тазартылған қырыққабатты әбден піскенше (15—20 минут) қайнатады, суын сорғытады. Оның өзегін табаның түбіңе қарата салып, сүт құйып, үстіне үгітілген ірімшік себеді, май жағып, 10—15 минут ыстық духовкада пісіреді. 1 бас қырыққабатқа: 1 стакан сүт, 1 ас қасық бидай ұйы, 1 ас қасық үгітілген ірімшік, 1—2 ас қасық сары май керек.
Кольраби[өңдеу]
Сорттарына қарай формасы, түсі әркелкі болады. Өте кең таралған, тез пісетін сорты — Венская белая. Кольрабидің құрамында 50 мг % С витамині бар. Тағам ретінде суға пісірілген, қуырылған, бұқтырылған, консервіленген күйінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |