Механикалық есте сақтау – (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтарды пайдалану; бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру; оқушыларға жауап туралы ойлауға түрткі болу үшін ишара жасау арқылы білім мен түсінігін толықтыру);
Нұсқаулық/баяндау ( оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
Талқылау (ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
Диалог (қателік пен тәуекелдерді азайтып, таңдауды қысқартуға,түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін құрылымдалған, кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу).
Сонымен қатар оқушылар кластер құру, тестерді сәйкестендіру, жабық тест, аргументтерді дәлелдеу, пазлдарды құрастыру әдістерімен де жұмыс жасай білді. Дәстүрлі сабақтарда әдістерді білгенмен оларды жүйелі қолданбағанбыз. Ал қазір орта мерзім жоспарына әдістерді енгізіп оқушылар тарапынан да қызығушылық туу арқылы тақырыпты меңгеру мен бекітуде өз әсерін жақсы жағынан көрсетті. Пазлдарды құрастыруда оқушылар бірге бірлесіп қызығушылықпен орындап белсенді қатысып берілген тапсырманы дұрыс орындай білді. Пазлдарды жасауда бір топқа ғана бергем. Басқа топтарға да келесі сабақтарымда қолдану керекпін.
(Оқушылар топта бірлесе «Көшпелілердің ат әбзелдері мен киімдері» атты тақырыпта пазлдарды құрастырды).
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін мағызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. (Мұғалімге арналған нұсқаулық – 57 бет).
Мен үшінші сабағымда тақырыпты ашу мақсатына және өздігінен меңгерту үшін оқушыларды үш топқа бөліп «Көшпелілердің материалдық мәдениеті» атты тақырыпта оқушыларға үш беттен тұратын таныстырылым дайындауға бердім. Мұнда мен оқушыларға көшпелілердің материалдық мәдениеті жайлы тақырыпты ашу керек дедім де болды ары қарай оқушылар өздігінен жұмыс жасады. Үш топтың ішінен бір топ интернет қолданды. Жиырма минут уақыт берілді оқушылар бірлесе жұмыс жасады. Топта рөлдерін жүйелі бөлген. Әрқайсысы өз міндетін атқарып жұмыстары жүйелі жүрді. Бірінші топ көшпелілердің материалдық мәдениетіндегі сақтардың киіз үймен мен ұлттық киімдері жайлы интернетті пайдалан отырып толық таныстырылым дайындап шығарды, екінші топ қаңлылардың металл өндірісі бойынша көптеген мәліметтер келтірген. Үшінші топ ғұндардың зергерлік өнері жайлы таныстырылым дайындады. Бұл тапсырманы орындауда жақсы нәтиже көрсетті өйткені оқушылар төменгі сынып болғанның өзіңде тақырыпқа сай, мағыналы дайындап шығарды. Қорғау кезінде де ойларын дәлелдеп берді.Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, орта мерзімді жоспар құрған уақытта осы тапсырмаларға күмәнмен қарадым. Ең нәтижелі сабақтардың бірі болып шықты.
(Бірінші топтың «Көшпенділердің материалдық мәдениті» атты тақырыпта сақтардың киіз үйі мен ұлттық киімдері жайлы таныстырылым қорғауда)
Мектептегі іс-тәжірбиемде орта мерзімді құруда бағалау кезеңіне келгенде көп ойландым. Сабақта смайликпен, бағдаршам, қол бұлғау, критериалды бағалау, өзара бағалау және өзің-өзі бағалау бойынша әдістерді қолдандым.
Өзара бағалауда оқушылар екі жұлдыз, бір тілек әдісін қолданды, бастапқы кезде оқушылар ұсыныстарын дұрыс білдіре алмады, бірақ дұрыс бағыт бергендіктен кейінгі сабақтарда оқушылар жұмыс жасай алды. Оқушыларға өзің-өзі бағалау әдістері ұнады, өйткені өздері оқыған жасаған жұмыстарына анализ бере алады және қандай жерлерді қарау керек толықтыру керек екендерін бағдарлап отырды. Сонымен қатар бұрын сабақта 7-8 оқушы бағаланатын болса, қазір сыныптың жартысынан көбі бағаланады және өзері ой түйіп кетеді.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық – 53 бет).
Сабақты бағалауда оқушылардың пікірімен де санасып отырдым қорытындылау кезіңде бағалары не қалай қойылғандығы жөнінде айттып отырдым. Сол арада да оқушылардың бағалау жөнінде сұрақтары болса бірден жауап беріп отырдым. Мұндағы ең нәтиже оқушылардың да ойларын ескеру керектігі дұрыс екен.
Әр сабағымда оқушылардан кері байланыс алып отырдым. Оқушыларға нақты сабақ жөнінде ойларын жазу керек екендіктерін айттып өттім. Келесі сабақтарда өткен сабақ бойынша оқушылармен рефлексия жасап отырдық. Сол арқылы келесі сабақтарда жіберген қателерімізді қайталамауға тырыстық. Оқушыларға да бұл ұнады, өйткені әрқашанда олардың ойларымен санасып отырдым. Осы жерде Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасы көрініс тапты және нәтижесі пайдалы екендігін көрсетті.
Негізінен бұл бағдарламаны оқығаныма өкінбеймін. Қазіргі таңда ойланудамын бұрынғы сабақтарыма қарағанда қазіргі сабақтарымының нәтижелігі көрініп отырды. Оқушы мен мұғалім арасында еркіндік бола отырып, оқушылар сенімділік білдіреді.
Мектептегі іс-тәжірбиемде дарынды оқушыға көп көңіл бөлінбеді. Келешекте осыған назар аударуым керек. Сонымен қатар әлі де болса бағалау жөнінде қосымша материалдар оқып білімімді шыңдау қажет. Басқа жоғарғы сыныптарға да орта мерзімді жоспар құруға шыңдалуым қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |