«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатын талдау I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі28,57 Kb.
#93144
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары

3.Қайырымды қаланың ерекшеліктері

Қайырымды қаланың ерекшеліктерін анықтап, Әл-Фараби қайырымдыға қарсы қайырымсыз қалаларды және олардың қанша түрлері бар екендігі, олардың басқару түрлері мен әдістерін де назардан тыс қалдырмайды. Егер қандай да бір қала қайырымды қаланың қасиеттерінің біріне ие болмаса, оны қайырымсыз қала қатарына жатқызады. Сол себепті, философ Платон және Аристотельдің атап кеткен қалалардың бәрін қайырымсыз қалаларға жатқызады. Тіпті, философтармен басқарылатын Платонның мінсіз қаласы да қайырымсыз қала саналады. Себебі, әл-Фараби дана философтың басқаруы ғана қаланы қайырымды жасай алмайды деген.

Қайырымды қала туралы ілімде, азаматтық қоғамның мұраты көрініс тапқан десе болады. Өзінің «қайырымды» және «қайырымсыз» қалалардың әр түрлі мінездемелерімен классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген әлеуметтік құрылымын қайта жасады. Ол қала – мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін береді. Фараби «адамның жануарлар әлемімен бөлініп тұратыны ақыл ойы және тәнінің жетілдірілгендігімен , бірақта адам одан әрі жетіле түсу үшін ол тіл және әр түрлі өнерге зәру» — деді.
Әл-Фараби бойынша, қайырымды қаланың бөліктері «өзара махаббатпен біріккен, байланысты; олар әділдікпен нығайып және сақталады». Қайырымды қала тұрғандарын нығайтатын келесі бір қасиет, ол әділдік, оны Әл-Фараби ең алдымен, «осы қала тұрғындары ие болатын, ортақ ізгіліктерді бөлістіру, ал кейін олардың арасында бөлістірілгенді сақтау» деп сипаттайды. Философ ондай ізгіліктер қатарына амандық, байлық, құрмет, бедел және «басқа ізгіліктер» жатқызады. Жоғарыда аталғандардың бәрі Әл-Фарабидің қайырымды қаласы мінсіз қала болып, азаматтық қоғамның негізгі қасиеттерін және құндылықтарын бейнелейді.

«Қайырымсыз қала» болса «қайырымдыға» қарама-қарсы, «ол қаланың тұрғындары ешқашан бақыт дегенді білмеген, оған жету олардың ойына да кірмеген». Әл-Фараби қайырымсыз қалалардың келесідей түрлерін атап көрсеткен: қажеттілік қаласы, айырбас қаласы, опасыз және бақытсыз қала, билікті сүйетін қала, адамгершіліксіз қала, өзгермелі қала. Барлық қайырымсыз қалаларды біріктіретін және оны қайырымды қаладан ажырататын кемшілік ол бақыт мәнін түсінбеуі және қайырымсыз қала тұрғындары, және оның билеушілерінің оған жетуге тырыспауы.


Сондықтан, әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп тұжырымдайды. Қаладағы өлшеушілер дегеніміз – есепшілер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және басқа сондайлар. Жауынгерлер дегеніміз – жасақшылар, сақшылар және соларға ұқсастар солардың тобына жатады. Байлар дегеніміз – қалада байлық табатындар: егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлерді атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет