«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатын талдау I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Қайырымды қала және азаматтық саясат ұғымдарына анықтама беру



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі28,57 Kb.
#93144
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары

5.Қайырымды қала және азаматтық саясат ұғымдарына анықтама беру

Адам бақыты – абсолютті құндылық. Сол себептен ол барлық адамдар ұмтылатын шек болып табылады. Бірақ бақыттың мәнін ұғынушылық барлық халықтарда бірдей емес. Түрлі діндердің тіршілік кешуі осының куәсі бола алады. Әл-Фараби бақытты діни өсиеттерден жоғары қояды.


Адамдар бақытты болуы үшін, нағыз бақыттың неден құралатындығын білуі тиіс, өйткені, дұрыс емес пікірдің бағасы бұл жерде аса маңызды. Философия да әлем дегеніміз не, ондағы адамның орны қандай деген сұраққа жауап іздеу барысында кемел адам болмысының мағынасын ашады.
Бақыт дегеніміз бақытқа алып келетін әрекеттер емес немесе жақсылық жасаушы адамның жасаған жақсылығы үшін өтемақы алуы да емес. «Ол дүниеде» ұжмаққа кенелуді ойлаған өзін-өзі тоқтатушылық пен тежеу, бұл – екіжүзділік пен жәдігөйлік. Әл-Фараби үшін жақсылық жасаушының табиғилығы маңызды, ол ақиретте сыйға кенелуді ойлап, ізгілік жасауды саудаға айналдырған екіжүзділерге қарсы шығады.
Шынайы қайырымды адам әділдікті оның өзі ізгілік болғандықтан ұстанады, ол өзіне деген қосымша сыйға мұқтаж болмайды және зұлымдық жасаудан тартынатын себебі, оның жиіркенішті және арсыз іс екендігін білгендіктен. Қайырымды адамның ақиқаттық сыйлығының өзі ізгі адамгершілік.
Қайырымды адам үшін өлім қорқынышты емес. Ол өзінің абыройын абзалдықпен сақтайды, абдырауға жол бермейді және өмірді ұзартуға тырысып, оны бағалайды. Қайырымды адам – өмірінің ұзаруын ізгілік жасау үшін қалайды. Сол себептен ол ажалды жақындатуға тырыспайды.

Қорытынды
Әр түрлі халықтардың шығармашы­лы­ғын­да мінсіз қоғамның көріністері сан алуан. Утопия қоғамдық қарым-қатынастардың арманы ретінде, рухани өмірде жалпылама бөлікті білдіреді. Ол барлық діни сенімдердің құрамына, этикалық және құқықтық теориялар, тәрбиелеу жүйесіне кіреді, — бір сөзбен айтқанда адам өмірінің бейнесін беретін кез келген білім және шығармашылық. Жерде жаннатты армандамаған ешбір кезеңді, ешбір халық, тіпті адамды елестету қиын. Бірақ утопияның рухани өмірде пайда болуы кездейсоқ жағдай деуге болмайды, оның пайда болуы қоғамдық-тарихи себептермен негізделеді. Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына үлкен әсерін тигізді. Әл-Фараби саясат пен мораль мәселесіне ерекше назар аударып, «Қайырымды қаланың» «Бірінші Тұлғасына» көптеген әлеуметтік-саяси, этикалық талаптар қойғандығын түсінеміз. Ойды тұжырымдй келе, қазіргі саяси ғылымдарды жаңа идеялармен толықтыруда екінші ұстаз еңбектерін кең дәрежеде пайдалана аламыз және оның орны ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет