Қайырлы күн, апай! Тобы: бб-п-16 Студент: Серік Нұрай тапсырма: Өздеріңіздің курстық жұмыстарыңыздың тақырыбын ғылыми аппартқа салыңыз



бет5/5
Дата13.05.2020
өлшемі71,5 Kb.
#67993
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ғпз 12.05

Қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

Сын тұрғысынан ойлау стра­тегиясы бойынша жүргізілетін жұмыс­та оқушылардың тиісті дең­гейде өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбы­лыс­тар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізуге білу дағдылары белгілі бір деңгейде қалыптасты деп айтуға болады.

«Сын тұрғысынан ойлау» техно­логиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бо­йынша алуға тәрбиелейді. Оқу­шылар өзіндік жұмысына мақ­са­т­ты бағдарлар, айқын міндет­тер қоя білуге үйренеді. Бұл оқушының сыни тұрғысынан ойы дамып, өзіндік пікірінің қалыптасуында, өз ойын еркін, тиянақты жеткізе білуіне ықпалын тигізеді. Сынып­та жағымды психологиялық жағ­дай қалып­тасып, өзара ынтымақ­тас­тықта, жұмысты топпен жұмыла орын­д­ауға дағдыланады. 

Қазіргі заман талабына сай оқу­шы мектепте алған білімін өмір­де қолдана білуі маңызды. Елімізге қызмет ету үшін оқушы­лар білімді, ақпараттық техноло­гия­ларды қол­дана алатын, өмірде кездесетін проблемаларды шешуге бейімделген тұлға болуы тиіс. Бұл тех­но­логияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт-бағдар беруі ар­қылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәлі­мет­тер алып, еңбектену арқылы игереді. Сын тұрғысынан ойлау - технологиясы – білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып,оныңой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді » дегені мәлім .Осы тәжірибені сын тұрғысынан ойлау технологиясы да ұстанады. Сын тұрғысынан ойлау мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тірбие, коммуникативтік қабңлеттерңн шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.



Нәтижесінде:

- оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;

- жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;

- бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;

- жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;

- ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет