Ішкі секреция бездерінің – сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды, сондықтан өнімдерін тікелей қанға бөледі.
Қос секрециялық бездер деп сыртқы секрециялық без ретінде өнімдерін сыртқа шығаратын, ішкі секрециялық без ретінде өнімін тікелей қанға құятын бездерді айтады.
Адам ағзасы мүшелер жүйесінің үйлесімді қызметі жүйке жүйесі арқылы және гуморольдық жолмен реттеледі және ағзаның біртұтастығын сақтайды. Гуморольдық реттелу ішкі сереция бездерінде түзілетін заттардың әсерінен жүреді. Бұл жағдай адамның бүкіл өмірінде, әсіресе жасөспірім шағында, оның өсуін, дамуын, пісіп-жетілуін, өзін қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.