Қайырлы күн,апай! Күніңіз сәтті өтсін! Топ: бб-б-19 Студент: Жанасыл Ақжайна Тапсырмалар



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі25,87 Kb.
#82695
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
анатомия

Бездер атауы

Орналасуы

Гормондары

Қызметі

Аурулары

Гипофиз

Ол аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді ар-қылы бекінеді.

Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді.

Оның гормондары ұйқы безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады.

Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспейергежейлілік пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық ауруына шалдығады.

Қалқанша без

Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан.

Тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады.

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Егер де ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырмасаэндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл – қалқанша безінің ісінуі. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен кретинизм ауруы пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет