Айжан Қайратқызының бітіруші кәсіби-қолданбалы жобасының рецензиясы «Тақырыбы»



Дата05.08.2020
өлшемі14,39 Kb.
#76160
Байланысты:
А.рецензия


Айжан Қайратқызының бітіруші кәсіби-қолданбалы жобасының рецензиясы

«Тақырыбы»


Айжан Қайратқызының бітіруші кәсіби-қолданбалы жобасы "тақырыбы" контексті-бағытталған технологияны жаңа типтегі (профильді) мектептерде қолданудың өзекті мәселелерін қарастыруға арналады. Бұл тақырып назар аударуды талап етеді, өйткені контексті-бағытталған технологияның көмегімен мектеп оқушыларына коммуникативтік-мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру процесін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Өз жұмысында Айжан Қайратқызы "контексті-бағытталған технология" түсінігін негіздейді, және контексті-бағытталған технологияны мектептің барлық сыныптарында қолданудың рөлі мен мәнін ашады.

Жобаның мақсаты шет тілдерін оқытудың контексті-бағытталған технологиялары негізінде жаңа типтегі мектептер (профильные школы) мен болашақ шет тілі мұғалімдері арнап біліктілікке негіздеу, кәсіби-әдістемелік, әр түрлі мамандандырылған дайындықты қамтамасыз ету және контексті-бағытталған технологияларын оқытуға бағытталған «Тапсырмалар жинағын» әзірлеу болып табылады. Бұл әдістемелік құрал бірнеше бөлімдернен тұрады және тапсырмалар мен суреттерден құралған, сонымен қатар жұптық және топтық жұмыстардан тұрады. Әрбір тапсырма оқушы мен оқушы, оқушылар мен мұғалім қарым-қатынасына негізделген. Бұл жинақтың оңтайлы жағы барлық тапсырмалардың бастауыш мектеп оқушыларына сәйкес келуі, әр түрлі типті тапсырмалардың болуы және тапсырмаларды қолданудың нұсқаулықтарының берілуі болып табылады. Оның мазмұны әртүрлі деңгейлі тілдік дайындық пен кәсіби қатысу деңгейіндегі оқушылардың тыңдау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын ойдағыдай дамытуға ықпал етеді. Жұмыста көрсетілген жаттығулар оқытушы мен оқушылардың шығармашылық және ашық өзара әрекеттесуіне ықпал етеді. Бұл технологияның түрі таным процесіне табиғи тұтастықты береді. Сабақтың қажетті икемділігін сақтауға қызмет етеді және оқушыларға материалды кең ауқымда бейнелеуге мүмкіндік береді. Сабақ кезіндегі коммуникативті бағдарлау және мәдени мақсат принциптерінің сәйкестігінің ұдайы сақталуы - түрлі мәдени және әлеуметтік ортадағы кәсіби қарым-қатынасқа дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.



Сонымен қатар, бұл Қазақстан Республикасының ағылшын тілінен мектеп оқушыларына арналған Типтік оқу жоспарының негізгі талаптарына сай келеді. Мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуға қосымша әдістемелік құрал ретінде пайдалануға ұсынылады. Осылайша, Айжан Қайратқызы бітіруші кәсіби-қолданбалы жобасы оң бағаға лайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет