Айналайын, көше саған үй емес! Мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі106,02 Kb.
Айналайын, көше саған үй емес!
Мақсаты: оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету; жол белгілері, оларды оқу, тану дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, көше ретінде (бағдаршам, жол жолағы) безендірілген орын, жол белгілерінің суреттері, жол белгілеріне байланысты сөздер, нақыл сөздер, көрініс кейіпкерлері, макет, бейне материалдар, кітап көрмесі.
Барысы:

Мұғалім: Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз,

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Сабағымыз басталады сәлемменен.

«Айналайын, көше саған үй емес!» тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Балалар, біз жол жүру ережесімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз уақыт болыпты. Ендеше қала орталығына саяхатқа шығайық. Біз бүгін тек елестету арқылы барамыз. Ал, балалар, бағдаршамға байланысты кім жұмбақ құрастырып айтса, сол оқушы жүргізуші болып бізді орталық алаңға апарады.


1-оқушы: Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүр» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді.

Ән: «Бағдаршам».

(Макет арқылы қаланың жолдары көрсетіледі.)


Мұғалім: Қала үлкен, адамдар да, көлік те көп. Жүрісті реттеп тұратын не?

- Бағдаршам.

- Дұрыс.

- Көше тәртібін реттеуші кім?

- Сақшы.
Мұғалім: (Жол жиегінде тұрған сақшы ағайға амандасады.) Балалар, сақшы ағайларың бізге таныс емес сөздерге түсінік береді.

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ағай?

Сақшы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Естеріңде болсын, балалар, жол жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына қызмет етеді. Оның әр бөлігінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тротуар – жаяу жүргіншіге, трамвай жолдары трамвай қозғалысына, жүргін бөлік өзге де көлік қозғалыстарына арналған. Негізінен тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Егерде тротуармен келе жатқанда алдыңнан қандай да бір кедергі кездессе, онда сен тротуардан шықпай, айналып өтуге тиістісің. Қандай да бір ойын ойнап немесе тоқтап қалатын болсаң, өзге жұрытқа кедергі жасағаныңмен тұрмай өзіңе қауіп тудырасың. Егер жүргін бөлікке бір затыңды түсіріп алсаң, өзім аламын деп ұмтылма. Тротуарда тұрып, ересектерден көмек сұра. Тротуар – ойнайтын жер емес. (Макеттен көсретіледі.) Мына сызбада екі белгі көрсетілген. Мынау – «жаяу жүргінші жолы» белгісі. Бұл адамдар жүру үшін толықтай қамтамасыз етілген және рұқсат берілген. Ал мынау – «велосипед жолы» белгісі. Бұл жолда велосипед пен мопед қана жүреді. Өзге көліктердің жүруіне рұқсат жоқ. Қазіргі заманда барлығы автомат арқылы жүзеге асырылады. Сол автомат арқылы бүкіл көшедегі, аудандағы, тіпті қаладағы бағдаршамдарды басқаруға болады. Бірақ қазіргі көліктердің көптігіне байланысты автоматиканың ешқандай көмегі болмай қалды. Сондықтан әр көшеде адамдардың араласуы керек. Ол адамды біз «реттеуші» дейміз. Реттеушінің қолы мен денесінің қозғалысын реттеушінің сигналы дейміз. Реттеуші ережесін жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де білуі тиіс. Естеріңде болсын: реттеушінің төрт белгісі болады.
Мұғалім: Қане, балалар, жол жүру белгілерімен танысайық! Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін жете білмейді. Ал кейбірі біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Олай болса көшеден өту ережесі туралы білетінімізді ортаға салып көрейік.

Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік,

Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,

Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Біздің көшелер мен жолдарда қандай белгілер қойылған? Қане, солармен жақынырақ танысайық.


2-оқушы: Олардың 126 түрі бар. Көп. Бірақ олардың бәрін жаттап алудың қажеті жоқ. Пайдалануға қажеттілерін еске түсіріп, төрт белгісімен танысайық.
3-оқушы: Ескерту белгілері. (Макеттен көрсетіледі.)

Өзі қызыл, үшбұрыш, ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.

4-оқушы: Тыйым салу белгісі. (Макеттен көрсетіледі.)

Мен бәріне әрқашан тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін.

Осы жолы үндемеймін, бар ма тағы сұрағың?

5-оқушы: Көрсеткіш белгісі. (Макеттен көрсетіледі.)

Баратын сапардың қашығын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көкпенен боялған төрт бұрыш шырағым.
6-оқушы: Бағыт беретін белгі. (Макеттен көрсетіледі.)

Белгімен көрсетер жылдамдық бағытты,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де тез мені таныпты.
Барлығы: Төрт топтан құралған белгілер туыстай,

Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.

Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,

Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай!


Мұғалім: Балалар, енді осы төрт белгіні салмақтасақ, яғни тротуарда, көшеде дұрыс жүрмесек мынадай жол көлік оқиғасына ұшырауымыз мүмкін.

(Жол апатының оқиғалары бейнеленген бейнематериалдарды көсрету.)

Ендеше, балалар, сақшы ағайымызға бүгінгі бізге берген мәліметі үшін рахметімізді айтып, сақшы ағай туралы кім қандай өлең біледі екен соны тыңдайық?

7-оқушы: Отанын қорғап сақшы жүр

Аптапта желдің өтінде.

Көз ілмей ағай сақ тұрып,

Еліне қызмет етуде.

Жүргіншіні реттеп,

Жол тәртібін қорғап тұр.

Асықпа деп шоферге

Бағыт беріп жолдап тұр.


Автор: Қожа Насыр есегін ертіп үлкен жолдың бойында орталық алаңда ерсілі-қарсылы жүгіріп жүр. (Қасына Ақылбек жүгіріп барады.)

- Ата, не істеп жүрсіз? Машина басып кетеді ғой!

- Ау, қарағым?! Мынау өзі қандай шаһар?

- Шаһары несі? Сіз кімсіз, ата?

- Мен Бұқара шаһарынан келген Қожа Насырмын. Мына құрғыр есекті іздеймін деп адасып кеттім. Енді қайттім?!

- Қорықпаңыз, ата! Мен қазір сізге бәрін де түсіндіремін.

- Қай шаһар?

- Қызылорда шаһары.

- Естімеппін. Жаңадан пайда болған-ау!

- Жоқ, ата. 190 жылдығымызды тойлағалы отырмыз. Ежелгі Сейхун дарияның бойындағы Ақмешіт қаласы.

- А, солай ма? Ал мынау темір тұлпарлар не бәле өзі, адамды баса, ма? Өзі қандай көп, бір-бірімен соқтығысып қалмай ма?

- Ата, бұл машина. Маймен жүреді. Соқтығыспау үшін жол ережесін сақтайды, бағдаршамға қарайды.

- Бағдаршамың мынау ма? Үш көзді, әр көзін бір қысып, жынды қылып тұр мені. (Бағдаршамды көрсетіп.)

- Ата, ол сізді мазақ қылмайды. Қайта көмектеседі.

- Көмектеседі дейсің бе, қалай?

- Бұның үш көзі бар: қызыл, сары, жасыл. Жолдан өткіңіз келсе қарайсыз, қызыл жанып тұрса күтесіз, сары көзі жанса дайындаласыз, ал жасыл жанса жүре бересіз.

- Міне, ғажап? Ал мына кісі кім жалғыз өзі бүкіл темір тұлпарларды қамшысымен бағындырып тұрған?

- Ата, ол – мемлекеттік автоинспектор. Қолындағы ала таяғымен машиналардың жүрісін реттейді. Қараңызшы (Инспектор таяғымен жұмыс істеп тұрады.)

- А, түсінікті. Жасыл жанса жүгіре кетем кез-келген жерден.

- Жоқ, ата! Машина басып кетеді. Жолаушы өтетін арнайы жол – мына жолақ жол. Осы жерде машиналар тоқтап, сізді жібереді.

- Мынау жолақ жол ма? Менің шапанымдай жолақ жол екен, ұмытпаймын.

Дұрыс балам, рахмет! Тағы бір сауалым бар.

- Сұраңыз, ата.

- Мен болсам – қария, көпті көргенмін, көп білемін деймін. Ал сен кішкентай болып бұның бәрін қайдан білесің?

- А, ата. Мен оқушымын. Мектепте бәрін бізге үйретеді.

- Оқушы деген шәкір пе? Міне, жарайсың, «шәкірт ұстазынан озды» деп осыны айт. Біз болсақ молданың қамшысымен ілім алғанбыз. Ал қарағым, көп жаса! Мені мына құрғыр есегіммен бірге жолдан өткізіп жібер. Тезірек шаһарыма жетіп, көргенімді жұртшылыққа айтайын.

- Ата, мектебімізде жол ережелері туралы үлкен тәрбие сағаты өтіп жатыр. Жүріңіз, қонақ болыңыз.

- Жарайды.


Мұғалім: Балалар, енді біз жол ережелері туралы білімімізді ортаға салып, көрші сыныбымызбен СКАЙП желісі арқылы байланысқа шығып көрейік.
21 мектеп: Сәлеметсіздер ме? Бізге Бұқара шаһарынан Қожа Насыр атамыз келіп қалыпты. Сол кісіге тосын сый жасап, сіздермен байланысып отырмыз. Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз жол жүру ережесіне байланысты болғандықтан сұрақтарыңыз болса қойсаңыздар.

(Осы кезде Қожа Насыр интерактивті тақтаға қатты үңіліп таң қалады.)


Қожа Насыр: Ей, ана жақта біреулер сөйлеп тұр ғой. Бұл не өзі? Мен қандай шаһарға адасып кеткенмін.
Мұғалім: Ата, бұл Ақтөбе шаһары. №21 мектеп-гимназиясының білім ордасы.

(Интерактивті байланыспен көрші сыныптан Қожа Насыр атаға сұрақтар қойылады.)


Көрші сынып: Ата, «бордюр» дегеніміз не?

Қожа Насыр: Балалар, мен мына сұраққа жауап бере алар емеспін. Қане, маған көмектесіңдерші.
Балалар: Жарайды, ата, бұл – жол бойында орналасқан арнайы тас қаптал.

Мұғалім: Балалар, бұл жылдың қай мезгілі, қандай айы?

Балалар: Көктем мезгілі, сәуір айы.
Мұғалім: Ендеше, балалар, осы сәуір айында Қожанасыр атамыздың туған күні екен. Атамызға «Көшеде біз сақ боламыз балалар!» атты өліңімізді тарту етсек қайтеді.
Хор: «Сақтық керек көшеде» («Атамекен» әнімен айтылады.)

  1. Көшеде сақ болайық, балалар,

Қамықпасын ата-ана әрқашан.

Жолда сен бол әркез лайық тәртіпке

Жол бойының ережесін сақтаған.

Қайырмасы

Жолда жүру әліппесін

Білу керек бес саусақтай!

Сонда ғана жүре алармыз

Өзімізді аман сақтай.


  1. Жол тәртібін бағалаймыз, құптаймыз,

Өмірдің бар қызығына құлшынып.

Көшеде тек жүрелік біз шаттанып,

Сақшылар да қынжылмасын қамығып.
Қожа Насыр: Балалар, бағана жолда келе жатып, мына бір қапшықты тауып алдым. Қане, ашып көрейік.

(Сиқырлы ұяшықтардан тест сұрақтары оқытылып, оқушылардан жауап алынады.)



  1. Жаяу жүргінші дегеніміз не?

а) Жаяу жүретін адам.

ә) Көлік құралынан тыс және онда жұмыс атқармайтын жол бойындағы адам.

б) Қиылыста жүретін жүргінші.


  1. Қозғалысқа кедергі дегеніміз не?

а) Жүру бөлігінің осы жол жолағы бойымен келген материалдық нысан.

ә) Жолдың рельссіз көлік құралдарының қозғалысына арналған элемент.

б) Көлік құралынан тыс және онда жұмыс атқармайтын жол бойындағы адам.



  1. Жол қиылысы дегеніміз не?

а) Жолдардың жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгіленген сызықтармен қосатын қиылысу.

ә) Жолдың рельссіз көлік құралдарының қозғалыстарына арналған элемент.

б) Жүру бөлігінің осы жол жолағы бойымен келген материалдық нысан.



  1. Бағдаршамда қызыл жанса не істеу керек?

а) Қозғалысқа рұқсат етеді.

ә) Қозғалысқа тыйым салынады.

б) Жүруге дайындал.
5) Бағдаршамда жасыл жанса не істеу керек?

а) Қозғалысқа тыйым салынады.

ә) Қозғалысқа рұқсат етеді.

б) Жүруге дайындал.


6) Реттеушінің сигналдары қалай?

а) Оның денесі мен қолдарының жолмен жасаған қимылдары.

ә) Қолдарды созу.

б) Жүргіншілерге бағыт беру.


Қожа Насыр: Балам, мынау тіпті көп қой. Маған көмектесіп жіберші.
7) Реттеуші кеуде жағынан оң қолын алға созса, қандай мағына білдіреді?

а) Қозғалыс трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі.

ә) Барлық көлік құралдарына қозғалыс тек қана оңға рұқсат етіледі.

б) Барлық көлік құралдарына қозғалыс тыйым салынады.


8) Реттеуші арқа жағынан екі қолын екі жаққа созса немес төмен түсірсе қандай мағына білдіргені?

а) Жаяу жүргіншіге жүріс бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі.

ә) Барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады.

б) Қозғалыс трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі.


Мұғалім: Ата, бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қонақ болып келгеніңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыз.

«Жол тәртібін сақтайық, аман-есен жүрейік» дейтін жас насихатшыларымыздың көрінісін тамашалайық.


Автор: Жас бала доп қуалай жүгіріп келе жатады.

Инспектор: Бұзба көше тәртібін,

Өткізе алмай өміріңнің артығын

Жүрсің бе сен,

Қалай-қалай басасың?

Тоқта, байқа ойла,

Қателесесің.


Автор: Бала тыңдамай жүгіріп кетеді.

Инспектор: Ал кеп қалды,

Автобус пен трамвай!

Тоқта, бала!

Тәртіп бұзба,

Тұр былай.

Саспа босқа,

Қақтықпа, аптықпа!

Өз-өзіңе ойлайтының

Қастық па?
Автор: Тыңдамай жолдан өтемін деп үлгермеді. Қап әттең!

(Тұманбай өлеңі оқылады.)

Жаудыраған көздері

Қарақаттай қара еді.

Ойлап айтар сөздерін

Ойшыл болар бала еді.

Ары-бері өткенде

Бізге сәлем беретін.

Өзінен сәл үлкенді

«Сен» демейтін «сіз» дейтін.

Добын қуып көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына

Абайсызда түсіпті.

Өшіп қалған отындай,

Жатыр бала сәл жанып.

Шофер да тұр дел-сал боп,

Жүзін қара тер жауып.

Ана байғұс аңырап,

Айқайлап қатты жылады.

Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.


Ана: Неге, қарап тұрсыңдар? Жедел жәрдем шақырсаңдаршы. Құлыным-ау, көзіңді ашшы.
Автор: Одан бері зуылдап,

Талай-талай жыл өтті

Жасыл көше дуылдап,

Қуантады жүректі.

(Бала аурухандан емделіп шығады.)
Бала: Аяғымды сылтып басып,

Келдім міне ортаңа.

Осы істеген істерім

Болсын сабақ баршаңа.

- Сонымен балалар, көшеде өтетін кезде қайда қараймыз? Кімдерден көмек сұраймыз?

- Әрине, бағдаршамға қарап, үлкендерден көмек сұраймыз.







Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd storage
mvd storage -> Қостанай облысының іід жол полициясының басқармасы
mvd page -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd page -> Қазақша English Транслитерация
mvd page -> Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
mvd storage -> Сценарий агитбригады
mvd storage -> Методические рекомендации по подготовке и проведению
mvd storage -> Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы ережелерді” бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет