Бұл Тiзбе автомобильдердiң, автобустардың, автопоездардың, тiркемелердiң, мотоциклдердiң, мопедтердiң, тракторлардың, өздiгiнен жүретiн машиналардың ақауларын және оларды пайдалануға тыйым салынатын жағдайларды бекiтедi. Келтiрiлген параметрлердi тексеру әдiстерi Автокөлiктiк құралдары. Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері ҚР СТ ГОСТ Р 51709–2004-пен реттелген.
1. Тежеу жүйелерi
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен (бұр. ред. қара) 1.1-тармақ жаңа редакцияда
1.1. Жол сынаулары кезiнде жұмысшы тежеу жүйесiмен тежеу тиiмдiлiгiнiң кестеде келтiрiлген нормалары сақталмайды:
Кесте
Ескертпе.
1. Сынақ тегiс, құрғақ, таза цемент немесе асфальт-бетон төселген жолдың көлденең учаскесiнде, тежеу басталғанда автомобильдер, автобустар және автопоездар үшiн — 40 км/сағ. және мотоциклдер мен мопедтер үшiн — 30 км/сағ. жылдамдықпен өткiзiледi. Көлiк құралдарын жұмысшы тежеу жүйесiн басқару органына бiр рет әсер ету жолымен сынайды. Сынақтар кезiнде көлiк құралының массасы рұқсат етiлген ең жоғары массадан аспауы тиiс.
2. Көлiк құралдары жұмысшы тежеу жүйесiнiң тиiмдiлiгi ҚР СТ ГОСТ Р 51709–2004-ке сәйкес басқа көрсеткiштер бойынша да бағалануы мүмкін.
3. "*" Осы жерде және бұдан әрi көлiк құралдарының санаты ҚР СТ ГОСТ Р 51709–2004-ке А-қосымшада көрсетiледi.
1.2. Гидравликалық тежеу жетегiнiң нығыздылығы бұзылған
1.3. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетектерi нығыздығының бұзылуы оларды толық iске қосқаннан кейiн 15 минуттан соң двигатель тоқтап тұрғанда ауа қысымының 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) астам төмендеуiне соқтырады.
1.4. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетегiнiң манометрi жұмыс iстемейдi.
1.5. Тоқтағандағы тежеу жүйесi қозғалыссыз күйiн қамтамасыз ете алмайды: толық жүктемедегi — қоса алғанда 16% дейiнгi еңiстегi көлiк құралы; жеңiл автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйiндегi — қосы алғанда 23% дейiнгi еңiстегi; жүк автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйiндегi — қоса алғанда 31% дейiнгi еңiстегi.
2. Рульдiк басқару
2.1. Рульдiк басқарудағы жиынтық люфт мына мәндерден асады:
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен ескертпе алып тасталды (бұр. ред. қара)
2.2. Детальдар мен тораптардың конструкцияда көзделмеген орын ауыстыруы; резьбалық қосылыстар тартылмаған немесе белгiленген әдiспен бекiтiлмеген.
2.3. Конструкцияда көзделген рульдiк басқарудың күшейткiшi немесе рульдiк демпферi (мотоцикл үшiн) жоқ немесе ақауы бар
3. Сыртқы жарықтандыру приборлары
3.1. Сыртқы жарықтандыру приборларының саны, түрi, түсi, орналасуы мен жұмыс режимi көлiк құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмейдi. Ескертпе. Өндiрiстен алынып тасталған көлiк құралдарына басқа маркiлi және модельдегi көлiк құралдарының сыртқы жарықтандыру приборларын орнатуға жол берiледi.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 3.2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3.2. Фардың реттеушiсi ҚР СТ ГОСТ Р 51709–2004 талаптарына сәйкес емес.
3.3. Сыртқы жарықтандыру приборлары мен жарық қайтарғыштары белгiленген режиммен жұмыс iстемейдi немесе ластанған.
3.4. Жарықтандыру приборларындағы таратқыштары жоқ не осы жарықтандыру приборы үлгiсiне сай келмейтiн таратқыш пен шам пайдаланылады.
3.5. Жарқылдауық маяк стандарт талаптарына сай қондырылмаған.
3.6. Көлiк құралының алдынан — қызыл түстi оттар бар жарықтандыру приборы немесе қызыл түстi жарық қайтарғыштар, ал артта — ақ түстi, артқы жүру және тiркелiм белгiсiн жарықтандыру, тiркелудiң, айырым және тану белгiлерiнiң жарық қайтару фонарынан басқа.
4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
4.1. Әйнек тазалағыштар белгiленген режимде жұмыс iстемейдi.
4.2. Әйнек тазалағыштар көлiк құралының конструкциясында көзделгендегiдей жұмыс iстемейдi.
5. Дөңгелектер мен шиналар
5.1. Жеңiл автомобильдердiң шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерiнiкi — 1мм, автобустардыкi — 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердiкi — 0,8 мм протектор суретiнiң қалдық биiктiгi болады. Ескертпе. Тiркемелерге шина протекторының суретiнiң қалдық биiктiгiнiң нормасы сүйретпе-көлiк құралдары шинасына арналған нормалармен бiрдей.
5.2. Шиналардың әр жерiнде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тiлiнген, кесiлген, жыртылған), сондай-ақ каркастың бүктелуi, протектор мен боковинаның ажырауы.
5.3. Бекiту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектiң дискасы мен құрсауы жарылған.
5.4. Шиналар өлшемi немесе рұқсат етiлетiн жүктеме бойынша көлiк құралының моделiне сәйкес келмейдi.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5.5. Көлiк құралдарының бiр осiне әр түрлi мөлшердегi, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгiдегi, протекторының түрлi суретi бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзiмдi және аязға төзiмсiз, жаңа және қалпына келтiрген шиналар орнатылған.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5.6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осiне қалпына келтiрiлген протекторлы шиналар, ал басқа остерiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған. Ескертпе: «**» Осы жерде және бұдан әрi автобустардың сыныптары ҚР СТ ГОСТ Р 51709–2004 -ке А-қосымшада көрсетiлген.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.7. Автомобильдiң және қалалық автобустың (І сынып) алдыңғы осiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.
6. Двигатель
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 6.1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6.1. Шығарылған газдардың құрамындағы зиянды заттар және олардың түтiндiлiгі 17.2.2.03–87 ГОСТ-та, 17.2.2.06–99 ГОСТ-та және 21393–75 ГОСТ-та белгiленген нормалардан асып түседi.
Бензиндi двигателi бар автомобильдер үшiн
Ескертпе. Автомобильдердi жолда бақылау тексеруi кезiнде (01.07.1978 ж. кейiн жасалған) 3 % дейiнгi бос жүрiс режимiнде иiндi бiлiктiң ең төменгi айналыс жиiлiгiнде көмiртегi тотығының болуына жол берiледi.
Дизельдi автомобильдер үшiн 21393–78 МЕМСТ Мемстандарттың 11.12.1985 ж. № 3919 қаулысы бойынша
6.2. Қоректену жүйесiнiң герметикалығы бұзылған.
6.3. Пайдаланылған газды шығару жүйесiнiң ақаулы болуы.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 6.4-тармақпен толықтырылды
6.4. Картердi желдету жүйесiнiң герметикалығы бұзылған.
7. Құрылымының басқа да элементтерi
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7.1. Көлiк құралының құрылымында көзделген артқы көрiнiс айнасы жоқ немесе олардың жиынтығы ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-те белгіленген талаптарға сәйкес келмейуі болмауы.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.1.1-тармақпен толықтырылды
7.1-1. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнегі және күнге қарсы күнқағарлары жоқ.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7.2. Дыбыс сигналы жұмыс iстемейдi немесе негiзгi жиiлiкпен өзгерiп отыратын дыбыс сигналы орнатылған.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7.3. Жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алу қаупiн тудыратын қосымша заттар орнатылған.
Механикалық көлiк құралы кабинасының желқағар және алдыңғы бүйiрiндегi әйнектерiне жабу, оның iшiнде түрлi-түстi мөлдiр пленкалар жапсырылған.
Ескертпе. Желқағар әйнегiнiң жоғары бөлiгiне - енi 140 мм-ден аспайтын, ал М3, №2, №3 санаттарындағы автокөлiк құралдарына енi желқағар әйнегiнiң жоғары шегi мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдiр пленка жолағын пайдалануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiне пердешелер, сондай-ақ жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiне жалюздер және пердешелер қолдануға рұқсат етiледi.
7.4. Автокөлiк құралының желқағар әйнегiнiң жүргiзушi жағындағы әйнек тазалағышпен тазалайтын бөлiгiнде сызаттың болуы.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7.5. Конструкцияда белгiленген тәртiппен көзделген қорап немесе кабина есiктерiнiң құлыптары, жүк платформасы борттарының тиектерi, цистерналар аузының тиектерi мен отын бактарының тығындары, жүргiзушi және жолаушылар отырғыштарын реттейтiн және бекiтетiн тетiк, есiктердiң авариялық ажыратқышы мен автобустағы тоқтатуды талап ету сигналы, автобустың авариялық жағдайда шығатын есiктерi мен оларды iске қосу құрылғылары, автобустың салонын iштен жарықтандыру аспаптары, есiктердi басқару жетегi және олардың жұмыс iстеу сигнализациясы, спидометр, тахограф, көлiктi айдап әкетуге қарсы құрылғылар, әйнектi жылыту және үрлеу құрылғылары жұмыс iстемейдi.
7.6. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы.
7.7. Тартқыштың және тiркеме буынның тарту-қосу және тiреу-қосу құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) ақаулы болуы. Мотоцикл рамасының бүйiрдегi тiркеме рамасымен қосылған жерiнде люфттердiң болуы.
ҚР Үкiметiнiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұрынғы ред. қара); 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7.8-тармақ өзгертілді
7.8. Мыналардың:
автобуста, жеңiл және жүк автомобильдерiнде, доңғалақты тракторларда медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, өрт сөндiргiштiң, авариялық тоқтап тұру белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь);
рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 3,5 т-дан асатын жүк автомобильдерiнде және автобустарда кейiн кетуге қарсы тiреуiштердiң (кемiнде екi);
бүйiрiнде тiркемесi бар мотоциклде медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, авариялық тоқтату белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь);
22895-77 ГOCT бойынша М2, М3, №2, №3, О2, О3, О4 санаттарындағы көлiк құралдарын СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 талаптарына жауап беретiн жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың болмауы.
Ескертпе. Медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының дәрiлiк заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.
Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 225 бұйрығын қараңыз
7.9. Жедел және арнайы қызметтерге тиесiлi емес көлiк құралдарында Р 50574-93 ГОСТ-пен көзделген жарыққа шағылысатын бағдаршалар, реңктерi алма кезек өзгерiп тұратын дыбыстық сигналдар және түстi-графикалық схемалар пайдаланылады.
Бұл ретте мемлекеттiк тiл және Қазақстан Республикасының нышандары қолданылады.
7.10. Көлiк құралының конструкциясында бекiтiлуi көзделген қауiпсiздiк белбеулерiнiң болмауы.
7.11. Қауiпсiздiк белбеулерi жұмыс iстемейдi немесе олардың таспасында көзге көрiнетiн жыртықтардың болуы.
7.12. Көлiк құралының тiркеу белгiсi стандарт талаптарына сәйкес келмейдi.
7.13. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауiпсiздiк доғасының болмауы.
7.14. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тiрегiштердiң, олардың орындықтарында жолаушыларға арналған тұтқалардың болмауы.
7.15. Тежегiш жүйелерiнiң, руль басқаруының және басқа да тораптар мен агрегаттардың конструкцияда көзделген, оларға қойылатын талаптар осы Тiзбемен регламенттелетiн қосымша элементтерiнiң болмауы немесе олардың көлiк құралын жасаушы кәсiпорынмен немесе уәкiлеттiгi бар басқа ұйыммен келiспей орнатылуы.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7.16. Жол полициясының рұқсатынсыз көлiк құралдарын қайта жабдықтау жүргiзiлген.
Ескертпе: көлiк құралдарын қайта жабдықтау (конструкциясын өзгерту) - көлiк құралының конструкциясында көзделген жол қозғалысының қауiпсiздiгiне әсер ететiн құрамдас бөлiктер мен жабдықтау заттарын алып тастау немесе көзделмегендерiн орнату.
3-қосымша. Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тізбесі
ТIЗБЕСI
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметi
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жедел қызметi
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң жедел қызметi
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери автомобиль полициясы.
6. Авариялық қызмет
7. Медициналық жедел жәрдем қызметi
Ескертпе:
1. Түстiк-графикалық бояу, айырым белгiлерi, жазулар, арнаулы жарық және дыбыс сигналдары Қазақстан Республикасының стандарттарымен реттеледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жедел қызметтерiнiң арнаулы түстiк-графикалық бояулар, айырым белгiлерi мен жазулары болмауы да мүмкiн.