Композитордың «Жарыс», «Жастар», «Тойбастар» еңбектері үй тапсырмасы бойынша оқушымен жұмыс ретінде көрсетіледі.Орындалатын шығарма «Ре мажор гаммасын» оқушы әртүрлі штрихта домбыра аспабында ойнап көрсетеді.Орындалған гаммаға байланыстыра отырып копозитордың «Тойбастар» шығармасын оқушының орындауында тыңдап, талдаймыз.Осы бағытта «Жарыс», «Жастар» күйлерін оқушының орындауында тыңдап, талдаймыз.
Жаңа сабақ
Композитордың «Қызыл құм» шығармасын шығу тарихымен таныстыру. М.Қойшыбаев елімізде болып жатқан жаңалықтарға үн қосып отыратын осы «Қызыл құм» күйі Ащысай кеншілерінің айбынды еңбектерінің құрметіне арналған естелік туындының бірі.Шығарманың мазмұны кең, тілі бай, шабытты, тыңдаушыға рухани байлық береді.Сабақтың келесі кезеңі орындау әдіс жолдарын 1цифрдан- 10 цифрға дейін орындап көрсету.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында оқытушы мен оқушының орындауында «Қызыл құм» күйін белгіленген цифрға дейін ойнау.
Үй тапсырмасын беру, оқушыны бағалау
Қорытынды:
Құрметті әріптестер жеткіншек ұрпақтың білім деңгейін арттыру жолында әр мұғалімнің жеке аспапта оқушыны дайындауда өз мақсаты міндеттері болады.Бүгінгі ашық сабақтағы оқушымен жүргізілген жұмысымды күнделікті сабақтағы тәжірибемді падалана отырып бүгінгі ашық сабағымды аяқтаймын.
Халық музыкасын қасиеттеп, оның ұшан- теңіз байлығын еркін игеріп, музыкалық көркем туындылар берген үлкен жүректі композитордың бар саналы уақыты ізгілікті жырлауға арналған
Илья Жақанов
Достарыңызбен бөлісу: |