Зерттеу обьектісі: физика сабағындағы сапалы есептерді шешуде пәнаралық байланысты қалыптастыру.
Пәндерді өзара байланыстыра оқыту педогогикада жаңа бағыт емес.Бұл туралы педагогтар Я.Коменский,И.Песталоцци,К.Ушинский т.б. өз еңбектерінде келелі ойлар айтқан.Оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты қолданудың теориялық мәселелері Г.Батурина,Ш.Ганелин, И.Зверев, П.Кулагин т.б.шығармаларында әдістемелік тәсілдерді Н.Лошкарева, А.Усова , В.Федерова , А.Пинский ,А.Бейсенбаева, Ә. Көшеров т.б зерттеулерінде баяндалған. Бұлардағы барлық ой-пікірлер, зерттеу нәтижелері пәнаралық байланыстың білім беруде , тәрбиелеуде және ой-жүйені дамытуда маңызы зор.
Физика пәнін математикамен, химиямен, биологиямен байланыстыра оқытатын болсақ, онда оқушылар тақырып мазмұнын толық түсініп қана қоймай, шығу негізін ғылыми түсінетін болады.
Мысалы, физика мен химия пәндерін байланыстырып оқытудың аса тиімді екендігі-олардың ортақ ұғымдар мен заңдарға негізделгенімен түсіндіріледі . Осы тұрғыдан алғанда, екі пәннің байланысын тереңдете зерттеу қазіргі білім берудің негізгі мәселелерінің тізіміне жатады. Бұл бағытта ғалым – әдіскерлер Л.Загрекова, Л.Уфимцева, Б.Яворский, Е.Менченко т.б. еңбектерінде құнды ұсыныстар берілген.
Дегенмен,физика мен химия арасындағы пән аралық байланыстар мәселесі толығымен шешімін тапты деп айтуға болмайды. Сондықтан мұндай пәнаралық байланысты жүргізудің әдіс-тәсілдерін оқыту үдерісінде жүйелі түрде пайдаланып, үнемі дамытып отыру қажет.
Төменде,осы екі пән арасындағы байланыстарды жүзеге асырудың кейбір мәселелеріне тоқталып өтейін.
1.Екі пәнге де ортақ болатын теориялардың,ұғымдардың,құбылыстар мен оқулықтар бойынша жүйелеу тәсілі.
Жүйелеудің белгілі бір тарауға әлде тақырыпқа кірісер алдында немесе оны аяқтағаннан кейін жүргізу керек. Жүйелеуді олардың негізгі белгілеріне байланысты сызба, кесте немесе диаграмма түрінде көрсеткен тиімді . Себебі осындай жағдайда нәтижелерді өңдеуге ,өзара салыстыруға мүмкіндік болады. Олар:атом ядросы, изотоп, энергетикалық деңгей,электрондар қозғалысы,элементтердің периодтық жүйесі,атом құрылысы,байланыс түрлері,кристалдық тор,электролиз,парциал қысым ,беттілік керілу ,т.б.
2.Екі пәнге де ортақ ғылымдар,заңдар және құбылыстарды жүйелеу тәсілі.
3.Пәнаралық байланысқа есептер шығарту және сұрақтарға жауап алу негізінде жүйелеу тәсілі.
Берілетін есептер немесе жауап алатын сұрақтар пәнаралық байланысқа негізделген болу керек.
Сабақ барысында физика мен химияны байланыстырудың жүйелеу тәсілдерін қолдану нәтижелері,оқушылардың алған білімдерінің терең де сапалы болатындығын көрсетіп отыр.
Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруге, физикадан алған білімінің сапасын көтеруде және жеке тұлғаны қалыптастыруда пәнаралық байланыстың мәні зор. Физика сабағында биофизикалық материалдарды қолдану оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы «Тербелістер мен толқындар» тарауын өткенде тербеліс тірі организмдерге де тән құбылыс. Айналадағы дыбыс құлақтың мембранасын тербелтеді, соның нәтижесінде біз дыбысты естиміз. Адамның жан дүниесін тебіренте әсерлі сезімге бөлейтін музыка, музыкалық аспап ішегінің, күй табақтың тербелісінің нәтижесі. Ақырында, жүрегіміздің соғуы, дем алған кезіміздегі өкпеміздің ұлғайып-кішіреюі, тоңған денеміздің тітіркенуі, жүрген кезіміздегі аяғымыздың қозғалысы – барлығыда тербелістің тірі организм табиғатына тән екендігін көрсетеді. Адамның денесіндегі тербелістерге қатысты, адам организмінің күйін зерттеуге бағытталған ауқымды жұмыстар-инженерлік ізденістердің жемісі. Бұл мәселелердің көпшілігі жасанды жүрек, өкпе, бүйрек жасаудан бастап, теңіз толқындарымен күресу мәселеріне дейінгі барлық шаралар-тербелісті процестермен тығыз байланысты.
9-сынып физикасында денелерді, олардың қозғалыстарын (механикалық) қарастырамыз.Қозғалыстағы дененің ізі-траекториясы қозғалыстың түріне қарай әртүрлі болып келеді. Мысалы,түзу сызықты бір қалыпты үдемелі қозғалыста-түзу сызық.
Айналмалы қозғалыста – шеңбер. Механикада денелер қозғалысының жаңа түрін-ауырлык күші әсерінен болатын қозғалысты қарастырамыз.Осы қозғалыста дененің траекториясы – парабола болады.Мысалы екінші космостық жылдамдықпен қозғалатын ғарыш ракетасының (v=11,2км\с) ізі. Фонтан суының атқыландағы ізі, лактырылған ізі, зеңбіректен атылған снаряд ізі т.с.с. көп мысалдар келтіруге болады. Артиллерияда артиллеристер параболаны білуге мәжбүр, өйткені,атқан снаряд ізін,түсу нүктесін білмесе,артиллерия өз максатын орындай алмаған болар еді.
Мысалы:
1.Бір үйден шыққан Айдана мен Жандос төменде көрсетілген траекториялар жүрген жолы АВС. Айдананың жүрген жолы АДС ждәне жарты шеңберлер радиусы 250м тең болса, онда төмендегі тұжырымның дұрысы.
1)Айдананың жүрген жолы көбірек
2)Жандостың жүрген жолы көбірек
3)Айдана мен Жандостың орын ауыстырулары бірдей
4)Айдананың жүрген жолы 400м тең
а)2,3 в)1,3 с)1,2,3 д)2,4 е)3,4
2. Қозғалыс теңдеуі х=5-6t боллатын бірінші дене қозғалыс теңдеуі х=2t болатын екінші дененің кездесетін уақыты мен қозғалысы кездесу уақыты кездесу координатасы
1. 1с 5. -1м
2. 2с 6. 1м
3. 3с 7. 0
4. 1,5с 8. 3м
А)3 пен 6 в)2 мен 6 с)2 мен 7 е) 4 пен 6
3. Бір-біріне 600 бұрышпен бағытталған ені F1=F2=2H күштің тең әсерлі күші неге тең?
Пәнаралық байланыс оқушылардың бір пәннен алған білімін екінші пәнге қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуды,яғни оқыту үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуды, оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жеке оқытуды дамыту мен пәндердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |