Айтмагамбетова Адеми Алиповна №56 жалпы білім беретін орта мектебі



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі54 Kb.
#91273
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоба Айтмагамбетова Адеми, Космагамбетова А.С.

Пәнаралық байланыс тиімділігі:
1-оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтау;
2-жеткіншектердің ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтауына мүмкіндіктер тудырып, жағдай жасау;
3-оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары, пәнаралық байланысты күшейтуге септігін тигізеді.
Пәнаралық байланыстар-ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенді мәселе болып табылады.
Оны үш бағытқа бөлуге болады:
1) Пән бойынша алғашқы білім мен дағды;
2) Пән бойынша екінші білім мен біліктілік;
3) Осы білім мен дағдылардың бірлігі, оны оқу үрдісінде қолданылу үрдісін кеңейтеді, яғни аннимациялық тәжірибелер арқылы. Осыған орай педагогикалық тәжірибемізде пәнаралық байланыстарды ашық кіріктірілген сабақтар, семинар сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми практикалық конференциялар мен ғылыми жобаларға оқушыларды қатыстыру арқылы жүзеге асырып отырамыз.
Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қосымша бөлімінің, сынып және сыныптан тыс жұмыстардың, инвариативті және вариативті білімнің , білім, білік, дағдының, сабақтың білім беру, тәрбие беру, дамытушылық мақсаттарының сабақтастығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Яғни интеграцияға баратын жол осы салалардың бірігуімен басталады,. Интеграциялық білім оқушының ақпараттық және коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырады. Пәнаралық байланыс арқылы бір ғылым саласының заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыспен байланыстырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Интеграция-ғылымдардың жақындай отырып байланысуы.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру барлық пәндердің міндеті. Пәнралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бір ізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту-әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден бір жол.
Бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық байланыстың төртінші түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты білім мазмұнының «тасымалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни елімізде ғаламдық интеграциялық үрдістің пайда болу нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің негізі қаланып жатыр. Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз-өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі. Ол өз бойына ғұламаларымыз Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, М,Әуезов, Қ.Сәтбаев т.б. жинаған энциоклопедиялық білімнің негіздерін жинап, осы қасиетті шәкірттеріне сіңіре білуі қажет.
Ол үшін әр сабағында пәнішілік, пәнаралық байланыстан бастау алатын интеграциялық білімнің біртұтас жүйесін ендіріп, оқушыларын әлемдік ақыл ойдың қол жеткен табыстар мен сусындауына, өз бетінше білім алуына, шығармашыл бастамаларға бейім болуына баулуы-заман талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет