Айтуреева ж ж «Түрлі мекемелердегі психологиялық қызмет»



бет14/37
Дата12.12.2023
өлшемі210,27 Kb.
#196317
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
xBwQGhekgQbnOF9wt4FsdjKjbrAMYH1xl5KlmX7A 2
Шуляковская А.Г. ЯЗЫК КАК ВАЖНЕЙШЕЕ СРЕДСТВО ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ОБЩЕНИЯ
6-практикалық сабақ.
Білім беру мекемелері психологының диагностикалық жұмыс әрекетінің мазмұны
Сабақ мақсаты мен міндеттері: Мектеп психологының диагностикалық жұмыс әрекетінің мазмұны
Сабақ барысы
Қысқаша теориялық ақпарат.
Психодиагностикалық жұмыс
Бұл бағыт мектепке дейінгі және мектептегі балалық шақтың барлық кезеңі бойынша баланы терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, жеке ерекшеліктерін, оқыту мен тәрбиелеуде бұзылу себептерін анықтайтын психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Диагностикалық жұмыс жеке баламен және балалар тобымен жүргізіледі.
Психодиагностикалық бағыт бойынша психологиялық қызмет қыз-меткерлері келесі нақты міндеттерді шешеді:
1.Баланың психикалық даму барысын, оның жас ерекшелік нормативтеріне сәйкес келуін анықтау мақсатында баламен қажет болған жағдайда психологиялық зерттеулер жүргізіледі.
2.Тәрбие жұмысының барысында кәсіби және жеке өз-өзін анықтауда көмек ретінде, жеке ықпал етуді қамтамасыз ету мақсатында балалардың ерекшелігін, олардың қызығушылығын, қабілеттерін, бейімділіктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі;
3.Балалардың үлкендермен және құрбылармен қарым-қатынас диагностикасын жүргізеді және қарым-қатынастың бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды.
4.Саласы сәйкес келетін мамандармен бірігіп, психикалық дамудағы әртүрлі ауытқулардың саралау (дифференциалдық) диагностикасын жүзеге асырады:
а)көбінесе медициналық және дефектологиялық жаратылысы бар бұзылуларды анықтау бағытында; ә) айқын көрініп тұрған әлеуметтік дөрекі мінез-құлық (қаңғыбастық, ұрлық, алкоголь мен токсикомания, наркомания, жыныстық бұзылу ж/е т.б.) себептерін және түрлерін анықтау мақсатында жұмыстанады.
Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстары
Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез-құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.
Психодиагностика барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және психологиялық зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1.Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, пси-хикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырады.
2.Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жүзеге асырады.
3.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарының бағ-дарламасына психологиялық және педагогикалық бөлімдер кірістіріледі. Психолог психологиялық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педа-гогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
4.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша өткізуге болады:
-жеке балалармен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
-балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;
-тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
-баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.
Әдістемелердің операционалды жіктелуі:
1.Әдістемелердің жіктелуі «обьективтілік-субьективтілік» деген өлшемдерге негізделеді. Обьективті әдістер жағдайындапсихологдиагностың нәтижеге әсері шамалы болады. Ал, субьективті әдістер нәтижесінде керісінше психолог-диагностың тәжірибесінен және интуициясына байланысты. Обьективті және субьективті әдістерді жүргізу барысында орындаушыдан әр түрлі технологиялық операцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан да бұл жіктелу «операциональды» деп аталады. Обьективтіжәнесубьективтіәдістемелерарасындаайтарлықтайайырмашылықтарболмайды.Жаңашылпсихологиядағыпсиходиагностикалық әдістер өздерінің сапасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет