Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Мырзатаева, Б.П. Кіші мектеп оқушыларының психологиясы : оқу құралы / Б. П. Мырзатаева. - Қарағанды : ЖШС "Medet Group", 2016. - 118 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/3326/ www.lib.ukgu.kz
2. Ермекбаева, Л.К. Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау : оқу құралы / Л. К. Ермекбаева, Қ. Н. Нығметова. - Алматы : "Эверо", 2020. - 240 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/3326/ www.lib.ukgu.kz
3. Лекерова Г.Ж. Педагогическая психология : учебное пособие / Г. Ж. Лекерова. - Шымкент : Нурлы бейне, 2015. - 258 с.
4. Қабылбекова, З.Б. Психология және педагогика : оқу құралы жоғарыоқу орындарының 5В050300 - "Психология" мамандығының студенттеріне арналған / З. Б. Қабылбекова. - Шымкент : ОҚУ, 2021. - 160 с.
5-практикалық сабақ. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтегі мектеп психологының жұмыс мазмұны, мақсаты, міндеттері Сабақ мақсаты мен міндеттері: Мектеп психологының жұмыс мазмұны, мақсаты, міндеттері.
Сабақ барысы
Қысқаша теориялық ақпарат.
Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты — мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.
Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
Сабаққа дайындық жасауға ұсыныстар.
Білім берудегі практик психологтың негізгі іс әрекеттерінің түрлері:
Бала психологының негізгі іс әрекеттерінің бағыттары: психологиялық оқыту, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция жатады.
Кез келген шынайы ситуацияда психологтың кез келген жұмыс түрі мәселеге, жұмыс жүріп жатқан орынға байланысты негізгісі бола алады.