Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала әдепті бала



Дата16.01.2020
өлшемі21,84 Kb.
#55962
түріСабақ
Байланысты:
Myrzataeva-1

ОҚО, Түлкібас ауданы, Мақталы ауылы, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Мырзатаева
Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала - әдепті бала.

Сабақтың мақсаты: Оқшылардың әдептілік, сыпайылық, адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.



Білімділік: Ұқыптылық, жинақтылық, әдептілік туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту.

Көрнекті құралдар: Нақыл сөздер, үнтаспа, дәптер, оқулық.

Өткізу әдісі: Шаттық шеңбері, сахналау, мәтінмен жұмыс, жаттығу-ойлану, түйіндеме.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу ә) Оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Шаттық шеңбері.

Оқушыларға шаттық шеңберін құруды ұсынамын:



  • Балалар, қайырлы күн! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірімізбен қуанышты көңіл-күйде, жылы жүрекпен, жақсы тілекпен, игі әдеппен сәлемдесейік. (Бәрі кезекпен амандасып шығады).

Балалар Ертай Ашықбаевтың «Мен өсемін» атты өлеңін қосылып айтады.

«Мен өсемін» Ертай Ашықбаев.

Мен өсемін, өсемін,

Жасыма жас қосылып.

Інімнің де төсегін

Жинап беремін.

Осыны ұқ.

Көмектесем үйіме,

Мен осылай өсемін.


Жаңа сабақтың тақырыбымен оқушыларды таныстырамын.

Ұқыпты бала-әдепті бала.



  • Балалар, енді өз орнымызға отырайық. Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектің адамды бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу.

Оқушыларға сұрақтар қоямын.



  • Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ұқыптылық не үшін қажет?

  • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

деген сұрақтар қойып, әңгімелесеміз.

Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға ұқыптылықтың мәнін түсіндіру үшін әңгімелесу жұмысы ұйымдастырылады.
«Ұқыптылық» Е.Өтетілеуов
Үшінші сыныпты бітірген үш дос Аслан, Бекет және Жомарт бүгін де әдеттегісінше жұптарын жазбай, кинодан бірге қайтты. Әңгімені Аслан бастады:


  • Айтпақшы, Бекет, атаң келген жоқ па?

  • Қорыққа қашан барамыз?

  • Мен сендерге айтамын деп ұмытып кетіппін ғой. Атам келді. Ертең қорыққа қайыра қайтады, - деді оған Бекет.

  • Ой, сен де, - деді Жомарт ренжіп.

  • Манадан бері айтпайсың ба, жүріңдер, атайға бір жалынып көрейік.

Атай бұлардың неге келгенін бірден-ақ сезе қойды да, қулыққа басты.

  • Ия, батырлар,-деді ол кісі күлімсіреп, - қорыққа барғыларың келе ме?

  • Ия, ия, ата, апарыңызшы!

  • Біз шаршамаймыз да, қорықпаймыз, - деді Аслан мен Жомарт.

  • Болмадыңыздар ғой, жарайды. Апарсам, апарайын. Тек күн шығар-шықпастан осы үйдің алдында болыңдар. Мен ерте жүремін,- деді.

Аслан мен Жомарт қуаныса үйлеріне жүгіріп кетті.

Таң ата бере, Қазанбай қарт үйден шықты. Қараса, есік алдындағы кеше өзі отырған орындыққа бір бала жайғасыпты Қолына ұстаған кішкене қапшығы бар.

Аздан соң Қазанбай қарт арбасына Бекет пен Асланды отырғызып алып, қарагер аттың делебесін қағып қалып еді. Олар Жомарттың үйінің тұсынан өте бергенде, Аслан шыдамай:


  • Ата, мен Жомартты шақырып шығайыншы, досымыз ғой деді.

  • Әуре болмаңыздар, - деді Қазанбай қарт, - қорыққа баратын адам бұл уақытқа дейін ұйқтамайды. Ол әлі төсегінен де тұрмаған болар. Ұқыпты бала мына Аслан сияқты, мана келетін еді. Кеттік, шуу, жануар! - Атай қарагерге қамшы басты.

  • «Ұқыптының уақыты мол» - деген сөз рас-ау.

Балалардың ұқыптылыққа көзқарастарын білу үшін әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қоямын:

  • Асланның ұқыптылығын неден байқауға болады?

  • Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?

  • «Ұқыптының уақыты мол»-дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер өз уақыттарыңды қалай үнемдейсіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

  • Ұқыпты бала әрқашан өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал, мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларға ұқыптылық сөзінің мағынасын түсіндіремін.

«Ұқыпты адам тәртіпті, тыңғылықты болады. Ондай адам өз іс-әрекетін де үнемі жинақылық танытады.
Сахналау.

Ұқыпсыз баланың іс-әрекетін тапсырмабойынша сахналап көрсету.


Жаттығу-ойлану.

Оқушыларды ұқыпты болуға дағдыландыру мақсатында жаттығу-ойлану орындалады.

Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіреді. 1-2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар бір-бірімен пікір алысады.

Түйіндеме.

Түйіндемеде оқушыларға «Ұқыпты болудың жолын біліп алуға» кеңес беріледі.



  1. Күнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруды ұмытпа.

  2. Бір күндік жұмыс кестесін құрып ал.

  3. Мерекелік күндерді белгілеп қой.

  4. Атқарылатын істерді жоспарлап ал.

  5. Өз істеріңді қадағалау үшін күнтізбені серік ет.

  6. Жақын, туыс адамдарыңның туған күнін есте сақта.

  7. Айналаңа мұқият бол.


Қорытындылау.

Бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып, қорытындылаймыз.



  • Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмысты дер кезінде орындап отырған жөн. Оқу-құралдарын, киімді таза ұстап. Әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де, өзгелердің де уақытын қадірлейік.

Осы аптада біз «Тәуелсіздік-тірегім» атты бастауыш сыныптар апталығын өткізіп жатырмыз.

Осы тақырыпқа орай салған суреттеріңді өздерің қорғай отырып, тапсыруларыңды сұраймын.

Әр оқушы өзінің салған суреті бойынша әңгімелеп береді.

Сонымен қатар, осы тақырып бойынша 2-топтың өлеңдерін тыңдаймыз.


Жүректен-жүрекке.

Балалармен бірге шеңбер құрып тұрамыз. Мүбәрәк Жаманбашиовтың «Бір аптада» өлеңін қосылып оқимыз.


Бір аптада
Бір аптаның күндері өтті,

Дүйсенбіде гүлдер ектім.

Сейсенбіде жуда тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім.

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен кино бардым,

Жексенбіде бір демалдым.



Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет