Айтуреева ж ж «Түрлі мекемелердегі психологиялық қызмет»



бет2/37
Дата12.12.2023
өлшемі210,27 Kb.
#196317
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
xBwQGhekgQbnOF9wt4FsdjKjbrAMYH1xl5KlmX7A 2
Шуляковская А.Г. ЯЗЫК КАК ВАЖНЕЙШЕЕ СРЕДСТВО ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ОБЩЕНИЯ
Пәннің мақсаты: Білім алушылардың бойында мектептегі психологиялық қызметтің кешенді ғылым ретінде қабылдауын және тұлғаның дамуы мен қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын кәсіби тұрғыдан ұғынуды қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеті: Білім алушылардың білімін жалпы психологиялық феномендер негізінде алынған жан-жақты бағыттар арқылы жүйелеу; әртүрлі психологиялық теориялар мен психологиялық фактілерді жүйелі түрде талдау барысында студенттердің біліктілігін, дағдыларын және танымдық белсенділігін дамыту; студенттерді даму психологиясы саласы бойынша зерттеу құрылымының әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздері туралы білімдермен қамтамасыз ету балаларды психологиялық дамыту мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарды психологиялық тұрғыдан хабардар ету қабілеттілігі; оқушылардың ғылыми жоба қызметтерін басқаруға дайындық.


Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері.
Практикалық сабақтар, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі болып табылады.
Практикалық сабақтар - студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы болып табылады. Мұнда студент практикалық сабаққа дайындалу барысында өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеп, тұлғалық сапасын дамытуға мүмкіндік алады (талдау жасау, рефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с).
Практикалық сабақтарның болашақ мамандарды даярлауда маңызы зор, себебі мұнда студенттер үшін әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Практикалық сабақта студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өндеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді.
Практикалық сабақ - студенттердің теориялық білім дағдысы, біліктілігін меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін сабақтың негізгі түрінің бірі.
Практикалық сабақ міндеттері:

интеллектуальдық проблема мен тапсырмаларды қоя білу мен шешу білігімен дағдысын меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет