Академиялық жазылым



Дата06.02.2022
өлшемі282,5 Kb.
#81435
Байланысты:
слайд АЖ

Академиялық жазылым

  • Оспанов Е. Т. Ф.ғ.к.
  • Кіріспе
  • Кіріспе - жазба жұмысының ең көп оқылатын бөлімі. Кейде кейбір студенттер үшін кіріспе бөлімді жазу біршама қиындықтар тудырады.
  • Кіріспе жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған жөн:
  • Кейбір студенттер үшін кіріспені соңында жазған тиімді. Өйткені, жазу барысында түрлі ойлар туындап, олар эссе құрылымы мен кіріспенің жазылуына әсер етуі мүмкін.
  • Егер алдымен кіріспені жазғанды қаласаңыз, соңынан қайта қарап, түзетіп шығуды ұмытпаңыз.
  •  
  • Кіріспе көлемі сіз жазатын эссе көлеміне тікелей байланысты. Егер жиырма беттен тұратын ғылыми жұмыс жазсаңыз екі бет кіріспе жазылуы мүмкін. Сондықтан да, кіріспені тым көлемді түрде жазуға болмайды.
  •  
  • Мүмкіндігінше ойыңыз анық болу керек. Талқынатын тақырып алғашқы сөйлемнен-ақ білінуі қажет. Ойды немесе тақырыпты алыстан қозғау жиі кездесетін қателік. Ойыңызды кіріспеде анық білдіретін болсаңыз, оны кіріспенің соңында беруіңіз мүмкін, бірақ бұл міндетті емес.
  • Неліктен кіріспе жазу қиындық тудырады?
  • Ешқашан алғашқы қызығушылықты оятуға екінші рет мүмкіндік берілмейді.
  • Кіріспе мәтіннің негізгі жоспары болып табылады.
  • Кіріспе мәтінде қаралатын ақпарат туралы мәлімет беруі тиіс.
  • Кіріспе бөлімді жазудың жолы
  • Оқырманды жұмысты оқып шығарлықтай құнды екеніне сендіру.
  •  Кіріспені жалпы ақпарттан бастаңыз, бірақ тым кең мағлұматтан бастамау.
  • Кіріспені соңынан жазуға тырысыңыз.
  •  Кіріспені ең соңынан жазу.
  • Алғашқы сөйлемге ерекше мән беру.
  • Нархоз: все для студента
  • Қорытынды:
  • Қорытынды эссенің соңғы бөлімі. Онда негізгі бөлімде қарастырылған мәлімет қысқаша қамтылады, сол себепті ол негізгі бөлімге байланысты болады. Сонымен қатар, Кіріспеде айтылған сұраққа жауап беріледі.
  • Қорытынды жазу барысында
  • ескеретін кеңестер:
  • Өз аргументтеріңіз бен ойларыңызды қысқаша қортындылап беріңіз; Қорытынды бөлімде Негізгі бөлімде берілген ойларыңызды түйіндеу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданған жөн.
  • Өз қорытынды пікіріңізді білдіріңіз. Бұл қорытынды бөлімнің негізгі шарттарының бірі
  • Өз пікіріңіздің маңызды екенін анық етіп жазыңыз. Себебі, эссені жазудағы мақсатыңыз жазылып отырған тақырып жөнінде өз ойыңызды білдіру болып табылады.
  • Қорытынды көлемін шағын етіп жазыңыз. Негізен қорытынды жазылған жұмыстың 10 пайызынан аспауы қажет. Бірақ, эссе көлемі шағын болса, бұл көлем сақталмауы да мүмкін.
  • Қорытынды жазу барысында ескеретін жайттар:
  • Эссенің негізгі бөлімінде берілген көлемді ақпаратты қайталамау. Бұл эссе көлемін арттыру мен қатар оқырманды жалықтыруы мүмкін.
  • Негізгі бөлімде талқыланбаған жаңа ойды жазбау. Жаңа ой жаңа талқылауы қажет емес ал қорытынды бөлімде жаңа ой талқыланбайды, тек айтылған ой қорытындыланады

практикалық сабақ:

  • Кіріспені жазудың ерекшелігі.
  • Түйін сөздер.
  • Жазба жұмыстардың кіріспе бөліміне талдау жасау

студенттің өзіндік жұмысы

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Оразбаева Фаузия Шамсиевна. Тіл әлемі [Текст]: мақалалар, зерттеулер.- Алматы: Ан-Арыс, [278 б] 2009.- 368 б.
  • Короткина И. Б. Возможности использования зарубежного опыта развития академических языковых навыков в российском образовании // Вестник Московского государственного областного педагогического университета. – 2009. – № 4. – C. 81-84.
  • Чеканова А. Э. Обучение написанию аналитической статьи на английском языке как средство развития словесно-логического мышления студентов // Педагогическое образование в России. – 2011. – № 1. – С 176-183.
  • Oshima, A. and Hogue A. Writing Academic English (The Longman Academic Writing Series, Level 4) 2005, Pearson PTR Interactive
  • Sowton, C. 50 Steps to Improving Your Academic Writing Study Book Imprint: Garnet Education, 2012.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет