Аңдатпа (аннотация) (лат. аппоtаtіо - ескерту, аңдату) - ғылыми мәтінді қысқаша ұсынудың бір түрі.
Аңдатпа - кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.
Аңдатпа - мәтін мазмұнының құрылымын анықтайтын, мәтінді ғылыми мазмұндаудыңерекшежанры. Аңдатпа мақаладан баяндалу түрі бойынша жанрлық жағынан ерекшеленеді. Айталық, мақалада белгілі бір тезис қисынды пайымдалып, дәлелденіп баяндалады, ал аңцатпада мақалада баяндалған талдаулар мен дәлелдемелердің қорытындысы
беріледі. Сондықтан аңдатпа мәтініндегі сейлемдер жалпылама, ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды» деген тақырыптық ұғым тұрғысында емес, «не айтылды» деген сұраққа құрылуы керек. Аңдатпа үшінші жақта жазылады.
Аңдатпа
Аңдатпаның басты мақсаты - өте аз тілдік құралдармен зерттеудің мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту. Осы екі мәселе нақты қамтылуы керек. Журнал бетінде жарияланатын барлық ғылыми мақалалардың авторлық аңдатпасы болуы тиіс. Әр басылымның аңдатпа көлемі мен құрылымына қатысты өз талаптары болады.
Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Хабаршысында» мақала аңдатпасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 7-8 жолдан аспайтын 800-1000 белгіден тұруы керек.
Ал «Вестник Санкт-Петербургского университета» журналына жарияланатын мақалаға берілген авторлық аңдатпа орысжәне ағылшын тілдерінде жазылып, аралық ашықтарымен қоса есептегенде 500-900 белгіден тұруы шарт.
Монография
Монография - бұл бір мәселеге немесе тақырыпқа толық әрі жан-жақтьі терең зерттеу жүргізетін, бір немесе бірнеше автор жазатын ғылыми жұмыс. Монографияның ғылыми және практикалық деген екі түрі бар. Ғылыми монография дегеніміз - ғылыми мәселе бойынша теориялық материал жан-жақты қорытылып жазылатын немесе тақырыпқа сыни тұрғыда талдау жасайтын, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды жинақтайтын ғылыми-зерттеу жұмысы. Монографияда ғылыми басымдыққа назар аударылады, қоғамды жаңа ғылыми ақпаратпен