Академиялық зерттеулер


таныстырады, ғылыми, диссертациялық зерттеулердің негізгі мазмұны мен нәтижелерін жариялайды



бет4/6
Дата23.05.2024
өлшемі0,62 Mb.
#202813
түріҚысқаша мазмұндама
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5-6 лекция Этика және Академиялық жазылым (2)

таныстырады, ғылыми, диссертациялық зерттеулердің негізгі мазмұны мен нәтижелерін жариялайды.

Монография

Ғылыми монографияның мазмұны тұтастығымен ерекшеленеді және ол ізденушінің ғылымға қосқан үлесін көрсетеді, білікті ғылыми жұмыс ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда ол диссертациялықжұмысты алмастырады. Диссертация ретінде есептелетін ғылым докторы ғылыми дәрежесін алуға жазылған ізденушінің жеке монографиясының келемі жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында 10 баспа табақтан (160 бет), ал гуманитарлықжәне қоғамдықғылымдар саласында 15 баспа табақтан (240 бет) кем болмауы тиіс.

Монография

Ғылыми монографияның екінші түрі - бұл диссертацияның негізгі мазмұнын немесе зерттеу тақырыбы бойынша негізгі жарияланымдардың біреуін жарыққа шығару құралы болып табылатын ғылыми жұмыс. Оған мынадай талаптар қойылады:

  • көлемі 10 баспа табақтан (160 бет) кем болмауы керек;
  • тиісті мамандық бойынша екі ғылым докторының пікірлерінің болуы;
  • ғылыми-зерттеу мекемесінің немесе жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің ұсынымының болуы;
  • тиражы 300 данадан кем болмауы тиіс;
  • ІSBN халықаралық стандарттық нөмірінің болуы.

Пікір

Пікір (рецензия) дегеніміз - ғылыми зерттеу жұмысына (реферат, мақала, монография, эссе, магистрлік/докторлық диссертация, курстық/дипломдық жоба т.б.) жүргізілетін шынайы талдау. Пікір беруші рецензент, пікір беру жұмысы рецензиялау деп аталады.

Рецензенттің басты міндеті - жұмысты құр сипаттау емес, ғылыми еңбек авторының көзқарасын қолдау немесе оған қарсы аргументтелген фактілер керсету, зерттеудің жетістіктері мен кемшіліктеріне баға беру. Пікір әділ, нақты, шынайы, еңбектің ғылыми, практикалық маңыздылығы турасында, жеке көзқарастардан ада, эмоциясыз берілуі тиіс. Пікір бермес бұрын рецензент материалмен мұқият танысып шығуы қажет.

Пікір

Ғылыми ортада курстық/дипломдық жоба, диссертация (магистрлік/ докторлық), монография, оқу құралы, әдістемелік құрал, мақала, ғылыми жоба сияқты зерттеу еңбектерге пікір талап етіледі. Ғылыми жұмысқа берілетін пікірдің құрылымы, негізінен, мына мәліметтерді қамтиды (пікір талап етілетін жағдайға қарай өзгерістер болуы мүмкін, кейде пікірдің дайын формасы беріледі):



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет