Академиялық зерттеулер


- ғылыми еңбектің атауы, авторының аты-жөні, лауазымы



бет5/6
Дата23.05.2024
өлшемі0,62 Mb.
#202813
түріҚысқаша мазмұндама
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5-6 лекция Этика және Академиялық жазылым (2)

- ғылыми еңбектің атауы, авторының аты-жөні, лауазымы;

  • негізгі бөлім (зерттеу тақырыбының өзектілігі мен тақырыптың ашылуы; мәселенің теориялық тұрғыдан терең зерттелгенін дәлелдейтін дәйексездердіңберілуі, мәтін құрылымының логикалық жақтан дәйектілігі; зерттеу мақсатына сәйкес әдістердің қолданылуы; қойылған мақсат- міндеттердің орындалуы);

Пікір

  • жетістіктері мен кемшіліктері;
  • жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығы;
  • сауаттылығы, ресімделуінің талап етілетін нормаларға сәйкестігі;
  • ұсыныс (курстық/дипломдық жоба, реферат т.б. үшін қорытынды баға, кейде қорғауға жіберу/жібермеу туралы ұсыныс; мақала, тезис, бяндама т.б. үшін жариялауға жіберу/жібермеу туралы ұсыныс;
  • магистрлік/докторлық диссертация үшін ғылыми дәреже беру/бермеу туралы ұсыныс);

    - пікір берушінің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, қолы (мекеме мерімен расталады).

Реферат

Реферат (баяндау, хабарлау) - қандай бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жүмыс. Рефераттың мақсаты нақты тақырып немесе мәселе бойынша білім жинақтау және жүйелеу болып табылады. Рефераттың түрлері

Рефераттың өнімді және өнімсіз деген екі түрі бар. Өнімсіз рефератта алғашқы түпнүсқа мәтіннің мазмұны баяндалады. Өнімді реферат шығармашылық немесе сыни ойлау тұрғысынан жазылады.

Реферат

Өнімсіз рефератты іштей тағы да реферат-конспект және реферат-түйіндеме деген екі түрге бөлуге болады. Реферат- конспектіде нақты ақпарат жалпы қорытылған түрде, иллюстриативті материал, зерттеу әдістері туралы әртүрлі мәліметтер, зерттеу нәтижелері мен оларды қолдану мүмкіндіктері жазылады. Реферат-түйіндеме берілген тақырыптың тек негізгі ережелерінен түрады.

Өнімді реферат реферат-баяндама және реферат-шолу деген екі түрге бөлінеді. Реферат-шолу бірнеше дереккөздің негізінде қүрылады және қарастырылатын мәселе бойынша өртүрлі көзқарастарды салыстырады. Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздегі ақпаратқа талдау жасаумен қатар мәселеге объективті баға беру болады. Бұл рефератта тақырып жан-жақты толық сипатталып жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет