Акжигитова Лаззат Қапарқызы



бет2/2
Дата02.07.2018
өлшемі480,25 Kb.
#45315
1   2

Жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді,

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең,-деп тереземді

Қазакпын, қойнауы құт, жері дархан

Әнімді бес құрылықтың бәрінде айтам,-

дегендей ортамызға Оразхан Мейрамбекті



«Қазақстан» әнімен шақырымыз.

Жүргізуші:

Бостандық,- деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен «тарих» дейді. Ендеше тәуелсіздік беттеріне тағы бір зер салайық.

1931-1933 жылдары өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан түрлі індеттерден халықтың 40% қырылды. 1млн.578 мың халық атамекенін тастап кетті. 40 жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.

1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдары Кеңес үкіметін нығайтуға қатысқан 27000 астам көрнекті қайраткерлер атылды.



Жүргізуші:

Ал 1941-1945 жылдары қиын да ұзақ 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы болды. 1418 күнде 20 млн. Адам қаза тапты. Солардың ішінде біздің батыр ағаларымыз бен апаларымыз жетерлік. Олар: Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, Р.Қошқарбаев, Ә. Молдағұлова, М.Маметова т.б.



Көрініс «Бір үзім нан».

Қараңғы тартқан , жұпыны болған кедей -кепшіктің үйі.Көрпешенің үстінде таспиығын тартып, бір Құдайға табынып, бала-шағасының амандығын тілеп ақсақал отырады...



Сырттан мазасы болмай тұрған інісін арқалап ағасы кіреді. Әкесі отыра береді.

Үлкен баласы Нұрлыбек інісін жатқызып жатып: -тәте, апам бір жаққа кеткен бе?

Әкесі:-ммм, иә кеңседе тізім бойынша үйдің әр мүшесін санап нан беріп жатыр деген соң, кеңсеге кетті ғой апаң- деді әкесі.

Нұрлыбек,- тәте таңертеңгісін бір үзім нан қалған сияқты еді, қарным ашып тұр, Айдосқа да берейінші,-деп едім.

Әкесі: Қазір апаң келіп бәрімізге быламық жасап берер, әкелген нанымен бәріміз тамақтанармыз. Сәл сабыр ете көріңдер, апаң да келіп қалар...

Әкесі таспиығын тартып отыра береді.

Үлкен баласы Нұрлыбек: тәте онда біз Айдос екеуміз жата тұрайықшы апам келгенде оятарсыз,-деп жатады.

Бір кезде үйге екі ер кісі кіріп келеді. Амандасып, хал-жағдай сұрасқан соң, қалталарынан кішкентай орамалға ораулы тұрған нанды ұсынады.

- Бұл не?- деп ақсақал абдырап қалады.

- Сабыр сақтаңыз ақсақал, сабыр...-деп күмілжіп қалады келген кісілер.

Апамыздың арты қайырлы болсын, жаны жәннатта болғай,- деп көңіл айта бастайды.


  • О, сұмдық не деп тұрсыңдар,-деп дірілдеп кетеді ақсақал.

Келген кісілердің бірі,-бағана кеңседе апам кезекте тұрып, көзі қарауытып, басы айналып құлап, тіл тартпай жүріп кеткен екен...

- Әкесі: -не дейді, тіл тартпай кеткені несі, ооо сұмдық айй!

- Әкесі: Нұрлыбек балам тұр, балам ! Балам тұр-тұр, ойбай-ау балам-ау апаңнан айырылып қалдық қой !

- Әкесі сасып-салдыраған күйі:--әйй, мыналардың аяқ-колдары мұздай ғой, көздерін де ашпайды ғой, Айдос, Нұрлыбек !

- Ойбай-ау бұл не деген сұмдық ! Сендер де апаларыңның артынан кетіпсіңдер ау, құлындарым-ай,-деп жер тоқпақтап еңіреп жылайды.

- О, тәңірім не жаздым мен саған, бұл өмірде қу бас қалдым-ау

Ер кісілер кіріп, балалардың беттерін жауып алып, шығып кетеді.

Сатбай Шапағат «Мен қазақпын» өлеңін оқиды.



Осыдан 31 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндіреді. Бұл Желтоқсан көтерілісіне тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастарымыз қатысты. Олар алаңға бейбіт жолмен барған еді.
Көрініс «Ызғарлы желтоқсан»

Бейбіт өмір... Жатақханада студенттер қысқы сессияға дайындалып отырады.

Қыздар жүгіріп келіп, соңғы жаңалықты естідіңдер ме?

-Жоқ, қандай жаңалық!?,-деп жастар шулай түседі.

-Д. Қонаевтың орнына қайдағы жоқ бір Колбин деген орысты қойыпты. Жастар алаңға, қолдарында жаып алған траспоранттарымен «Долой Колбина», «Қазақстан-қазақтарға»-деп бейбіт ниетпен шыққан еді. Алаңда қыздарды ұрып-соғып, шаштарын жұлып, ақыр соңында мұздай су шашып қазақ жастарын қорлайды.

Желтоқсан құрбандарын 1-минут үнсіздікпен еске алайық.


Айым: Қайрат Рысқұлбеков

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында 1966 жылы 13 наурызда дүниеге келеді. 1973-1981 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылында орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп интернатта оқып, 8-жылдық білім алды.1981-1983 жылдары Киров атындағы орта мектепті бітірген соң, әскер қатарына шақырылғн. 1984-86 жылдары Амур өлкесі, Белогор қаласында әскери міндетін быроймен өтеді. Әскерде жүріп жақсы қызметі мен тәрбиесі жөнінде ата-анасы бірнеше рет алғыс хаттарын алаып отырған. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет құрылыс институтына келіп, сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түседі. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жғйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.

1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты»-деген желеумен Қайратты нағашысының үйінде демалып жатқан жерінен тұтқындап әкетеді.Белгісіз себептермен Семей түрмесінде өміріне қастандық жасалды.

Жетістіктері:

Қ.Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. «Халық қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында К. Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Тараз қаласында Қ.Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.


Сандуғаш: Сәбира Мұхаметжанова.

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1970 жылы қаңтардың 1-күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы » мектебінің 1-ші сыныбына қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағалармен бітіріп, Өскемен педагогиқалық училищесіне оқуға түседі.Өскемен қаласында желтоқсанның 21-күні студент -жастар Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, бейбіт мақсатта тілектерін жеткізбек болатын. Алаңға келгендеріне жарты сағат өтпей жатып,құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған 10-15 студент қамауға алынады, солардың ішінде Сәбира да бар еді. Тергеу барысында тергеушіге «Ешкімге тиіспеңдер, оқудан шығармаңдар, барлығын мен ұйымдастырып, алаңға алып шықтым»-деп, жиырма қыздың өмірін арашалап қалған. Өлімінен кейін де отбасына көп қысымшылық көрсетілген.


Қасымжомарт: Ербол Сыпатаев.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны—Ербол Мұқажанұлы Сыпатаев Алматы облысы, Панфилов ауданында туған. Алматыдағы Энергетика институтының студенті болған. Ербол жеті ағайынды, оның ішінде ең үлкені болған. Інісінің айтуынша, әкесі Ерболға «үздік оқығаны үшін»--деп велосипед әперген екен. Ерболдың жоғарғы оқу орнына алғаш рет құжат тапсыруы сәтсіз болады. Оқуға түсе алмаған соң, шопыр болып жұмыс істейді. 1983 жылы әскерге шақырылады. Ербол 18 желтоқсанда алаңда сапер күрегі бар екі жігіттен қатты соққы алып, ауруханаға түседі. 23-желтоқсанда көз жұмады. Соңғы қоштасу сөзі: «Біздің елде әділдік жоқ! Туған жерінде Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп, көше мен ескерткіш бар. 1994 жылы Е. Сыпатаевтың 30-жылдық мерейтойына байланысты Алматы Энергетика және байланыс университетінде арнайы оқу залы ашылды.


Айша: Ләззат Асанова

Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы, Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала, орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түседі. Анасы Алтынай Асанованың айтуынша 16 жастағы Ләззат 1986 жылы училищенің 2-курсында оқып жатқан еді. Ал желтоқсанның 25-күні тұңғышының өлімі туралы суық хабар Айдарлы ауылына жеткен. Бұл хабарды естіген жергілікті халық дүрлігіп кетіпті. Бір күн бүрын ғана көрші ауылға Желтоқсан көтерілісінің салдарынан қыршын кеткен Ербол Сыпатевтың денесі Алматыдан жеткізілген екен. Оны «нашақор», «наша шегіп, алаңда бұзақылық жасап таяқ жеп өлді»-деп әкелсе, Ләззатты «мінезі тік екен, бөлмесіндегі қыздармен қақтығысып қалып 5-ші қабаттан құлап өлді,-деп кінәлап әкелген. Шын мәнінде не болғанын іштей сезгенімен, сол кезде жұртшылықтың ауыз ашуға шамасы келмепті.


Жүргізүші Шолпанның орындауында «Тәуелсіздік» өлеңі.

2-жүргізүші:

ЭКСПО-2017 Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылған халықаралық көрме.Көрме 2017жылы 10 маусым-10 қыркүйек арасында өтті. Көрмеге 115 мемлекет, 22 ұйым қатысты, 4 млнға жуық адам келді.

Арамызда сол ЭКСПО көрмесін көріп, тамашалап келген интернат тәрбиеленүшісі де бар екен, ол 10б сыныбында оқитын Мырзахметов Алмас. Ортаға керемет шығармасымен шығарсақ:

Алмас: 2017 жылының жазында өзіміздің Түлкібас ауданымыздан 150 оқушыны апарды. Біз Астанаға поездбен бардық. Бізді арнайы тургид күтіп алды, сөйтіп бізді кереметтей қонақ үйге орналастырды. Бәрімізді қонақ үй ережесімен таныстырды. Ертесіне таңертеңнен бастап қыдыруға шығарды. «Нұр-Әлем» шар іспеттес ғимаратын тамашаладық, одан кейін кезегімен павильондарға кіріп қызықтап жүрдік.Көптеген шетелдіктерді көрдік, үш күн тез арада өтіп кетсе де, алған әсеріміз мәңгі есімізде қалды. Осы экскурссияны ұйымдастырған ағаларымызға дән риза болдық!

Кереметтей әсерімізбен поездға мініп, Оңтүстікке қарай жол тарттық.!

Сахыбек Қазынаның «Көңілді күн» әнін тыңдасақ.



Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын дей отыра келесі кездескенше сау саламатты болыңыздар!!!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет