Емтихан билеті № 7
1. Патанатомия: Ситуациялық есеп
???? 2. Патфизиология: нейрондардың осмостық (маусым) зақымдануының патогенезі
НЕЙРОНДАР МЕМБРАНАСЫ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ патогенезІ
ЛАТ әсерленуі
мембраналық фосфолипаза және басқа гидролазалар белсенділенуі
осмостық зақымдануы
иммундық зақымдануы
3.Ішкі аурулар пропедевтикасы: Мишық сынамалары-үйлестіру сынамалары
Қимыл қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе теңдігі тұрақтылығын зерттеу
Мұрын саусақ сынағы: науқастың көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексереді. Аяқ ұштарын бір-біріне қосып тік тұруын сұрау;
Қашықтықтан алып келген созылған оң қолының сұқ саусағымен мұрнының ұшына тигізу; осы реттілікте сол қолымен қайталау.
Өкше — тізе сынағы: Науқас шалқасынан жатады; Бір аяғының өкшесін екінші аяғының тізесіне қойып тілерсек үстімен төмен қарай жүргізу, сосын кері тізеге дейін қайту; осы реттілікте екінші жағын тексеру.
Ромберг кейпі сынағы- көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексеріледі. Қадамдары: науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу; науқас аяқ ұштарын бір-біріне қосып, басын сәл көтеріп, қолдарын жанына
алып сәл уақыт тік тұрады (кейбір жағдайда жүктемелеу үшін қолын алға созып тұрады); осы реттілікте көзін жұмдырып қайталау
Терең рефлекстер
Астыңғы жақ рефлексі — иекке батырылған саусақты неврологиялық балғамен соққанда шайнау бұлшық еттерінің ширығуы.
Білезік буын рефлексі — кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда (ұрғанда) қолдың білезік тұсында бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның УҮІІІ мойын сегменттсрінде тоғысады.
Шынтақ жазылу рефлексі — үш басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлынның ҮІІҮІІІ мойын сегменттерінде тоғысады.
Шынтақ бүгілу рефлексі — екі басты бұлшық еттің сіңірін невро-логиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның У-УІ мойын сегменттерінде тоғысады.
Ахил рефлексі - квадрицепс бұлшықет рефлексін (сан бұлшықет) тексеру науқастың шалқасынан жатқандағы және отырғандағы қалпында тексеріледі.
а - науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
б - науқасты шалқасынан жатқызу - оның аяғы ұршық және тізе буындарында бүгілген; в- дәрігер қолымен науқастың аяқ ұшын ұстап алдыға бүгеді, екінші қолымен өкше сіңіріне балғашамен соғады;
Беткей рефлекстер
Үстірт рефлекстер теріні, көздің мөлдір қабығын немесе кілегей қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді. Олар:
Көздің мөлдір қабығы рефлексі – көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшымен жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы.
Жұмсақ таңдай рефлексі — қалақшамен немесе түтікше оралған қағаздың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырғанда оның өзінің және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.
Жұтқыншақ рефлексі- қалақшамен жұтқыншаққа жанастыру кезінде жөтел немесе құсу әрекеттері қимылы
4. Фармакология:Эпилепсияға қарсы дәрілік заттар, анықтамасы, жіктелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |