1. Рудольф Штайнердің Вальдорфтық педагогикасы Вальдорфтың педагогикасының негізін неміс философы әрі педагогы Рудольф Штайнер
(1861-1925) қалаған. Алғаш мектеп Штутгарт қаласында «Вальдорф Астория» фабрикасының
қызметкерлерінің балаларына арналып ашылған. Фабрика атауына сай педагогика саласы
«Вальдорфтық» болып аталып кеткен. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша 600 ге жуық
вальдорфтық мектептер бар. Осы мектеп түлектері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде
жұмыспен қамтылудың жүз пайыз екені көрсетілген. Сонымен қатар бұл түлектердің басқа
жұмыскерлерге қарағанда қабілетті екені анықталады. Олар өмірге бейімделгіш әрі ізденімпаз
болып келеді. Мұндай нәтижелердің сыры неде? Бұл жүйемен оқытудың ерекшелігіне
тоқталайық.
Аталған білім беру бағыты оқушыларға қоршаған ортаға ашық болуды жәнеадамдардың әр
алуан мәдениетіне сыйластықпен қарауға үйретеді. Мектеп жеке тұлғаның еркіндігі мен оның
шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Вальдорфтық педагогиканың негізгі
мақсаты – шығармашылық тұрғыда еркін ойлай алатын адамды тәрбиелеу. Бала рухани тұлға
ретінде қарастырылады. Әр бала дүниеге өз миссиясымен келеді және педагог сол миссиясын
табуға көмектесетін адам ретінде қарастырылады. Яғни, бала рухына шарықтауға еркіндік беру
мектептің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Білім беру мақмұны:
1. Зияткерлік, эстетикалық және еңбектік-тәжірибелік білім берудің үйлесімі.
2. Қосымша ағарту жұмыстары (музей, театр және т.б.).
3. Пәнаралық байланыс.
4. Міндетті шығармашылық пәндер:сурет салу өнері, графика, музыка, би өнері.
5. Еңбек тәрбиесіне де көп көңіл бөлінеді.