Акушерлік және Гинекология кафедрасы


ІІІ. Арнайы (Акушерлік) анамнез



бет3/10
Дата25.01.2022
өлшемі330,72 Kb.
#114277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
І

ІІІ. Арнайы (Акушерлік) анамнез

  1. Етеккір функциясы

Етеккірі 14 жасында басталған, бірден қалыптасқан, циклі 28 күн, 5 күннен.Ауырсынусыз, қан кету мөлшері орташа, босанғаннан соң келу уақыты өзгермеген. Соңғы етеккір бірінші күн 26.08.2020; соңғы күн 30.08.2020. Етеккір бойынша босану уақыты 24.05.2021.

  1. Жыныс қатынасының функциясы

Алғашқы жыныстық қатынасы 22 жасында, тұрмыста. Жүктіліктен қорғанбайды, жыныстық қатынастан соң циклі өзгермеген. 1 неке, жыныс қатынасынан бастап 2 жылы жүктілік пайда болған. Гинекологиялық аурулармен ауырмаған.

  1. Генеративті функциясы

1-ші жүктілік 2006 ж., асқынусыз, уақытында босанған. Босанғаннан соң асқынулар болмаған.

2-ші жүктілік 2009 ж., асқынусыз, уақытында босанған. Босанғаннан соң асқынулар болмаған.

3-ші жүктілік-осы


  1. Осы жүктілік ағымы

Әйелдер консультациясына алғаш рет 20.11.2021 келген-12 апта. Алғашқы консультацияға келген уақыттан бастап есептегенде, жүктілік мерзімі 37-38 апта. Консультацияға уақытылы келіп тұрған.

Осы жүктіліктің бірінші және екінші жартысында асқынулардың алдын алу үшін тұрақты түрде анализдер тапсырып, УДЗ жасатып тексеріліп жүрген. Ұрықтың алғашқы қозғалысын 20 аптада байқаған.

Жүктіліктің уақыты:

Соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап-38 апта;

Алғаш рет әйелдер консультациясына келген уақыттан бастап-38 апта;

Ұрықтың алғаш қозғалған уақытынан ббастап-38 апта;

Скульскийдың формуласы бойынша:

Х=25+12=37 апта

Жорданияның формуласы бойынша:

=9,6=270 күн; 37 апта

25.03.2021ден бері декреттік демалыста, 31 апта.

Босануға психофизикалық дайындалған.


  1. Босануға қатысты мағлұматтар.

Бас ауруына, аяқтары мен қолдарының ісінуіне шағымданады. Алғашқы толғақ 17.05.2021 19.00де басталған. Жиілігі 10-15 минут сайын, ұзақтығы 20-25 секунд, орташа ауырсынған. Ұрық маңы көпіршігі бүтін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет