VI. Ішкі акушерлік зерттеу
Күні, уақыты
17.05.2021, 21:00
А. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Патологиясыз.
Б. Қынабы ісінген, кеңейген
В. Жатыр мойны сақталған, 6 см ашылған, жиегі-тығыз. Жатыр мойнының «пісіп жетілу» дәрежесі жоғары.
Г. Ұрық маңы көпіршігі бар, бүтін, толғақ кезінде толығымен толады.
Д. Ұрық басымен келген. Ұрықтың орналасуы бойлық, алдыңғы көрініс, бастық предлежание, екінші позиция. Ұрықтың басы жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығында орналасқан.
Е. Сүйекті жамбаста ешқандай патологиялар анықталмады, диагональды конъюгатаның мөлшері 10 см.
Диагноз: 38 апта, босанудың 1 кезеңі. Преэклампсия орташа ауырлықтағы. Ұрықтың орналасуы бойлық, алдыңғы көрініс, баспен келегн ұрық, екінші позиция.
Босанудың бірінші кезеңінде, толғақ неше рет болатынын, қанша минут сайын болатынын, ұзақтығын өлшеп отырамыз. 4 сағат сайын қынаптық тексеру жасап, жатыр мойнының ашылуын өлшеп отырамыз, пациенттің жағдайын бақылап, пульс пен АДны өлшеп отырамыз. Ұрықтың жүрек соығысн өлшеп, қай жерге келегнін, позициясын қараймыз. Қағанақ суы кеткенде 2 кезең басталады. !целге көп су ішкіземіз.
2 кезеңде: жатыр мойнының толық ашылуын бақылаймыз, пациенттің жағдайын бақылап, АД мен пульс өлшейміз. Нәресте туылған соң, оның қалай жылағанын, бұлшықет тонусын тексереміз. Кіндік шеңбері қай жерде орналасқанын анықтаймыз. Апгар шкаласы бойынша балаға баға беріп, анасының кеудесіне баланы қоямыз.
3 кезеңде: бала туыла салысымен окситоцин енгіземіз, 10 минуттан кейін жатырға активті түрде контрдавление жасап, кіндік бауға тиракция жасап, тарта отырып, жатырды кері итеріп, баланың жолдасын тудырып аламыз. Жолдастың бөліктерін қарап, қағанақ қабының бүтін екеніне көз жеткіземіз. Босану жолдарын стерильді салфеткамен сүртіп, жалпы қан шығынын есептейміз.
Босану биомеханизмі:
Шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі 3 негізгі және 3 қосымша кезеңнен тұрады.
1 - негізгі – ұрық бастың кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы. Ұрық басы сагитальды жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес келеді.
1 – қосымша – ұрық басы сәл бүгіліп, иегі кеудесіне жақындайды. Кіші еңбегі жамбастың өткізгіш осьіне жақындап, өткізгіш нүктеге айналады.
2 - негізгі – ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі.
2 - қосымша – ұрықтыңбасы екінші аздаған іштей бұрылыс жасап, сагитальды жігі жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді.
3 - негізгі – ұрықтың басының жарып шығуы, шүйде ойысы қасағаның астына келіп, бірінші айналу нүктесі пайда болады.
3 - қосымша – сол айналым нүктесінде бала басы шалқаяды, баланың беті, маңдайы,иегі туылады. Денесіішке бұрылыс жасап, басы сыртқа бұрылыс жасайды. Бала алдыңғы иыққа дейін туылып, иық пен қасаға арасында екінші айналым нүктесі пайда болады.Осы нүктеде бүйіріне бүгіліп, артқы иығы туылады, әрі қарай қалған бөлігі кедергісіз туылады.
Достарыңызбен бөлісу: |