Акушерлік және Гинекология кафедрасы


IX. Ерте босанғаннан кейінгі кезең



бет9/10
Дата25.01.2022
өлшемі330,72 Kb.
#114277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
І
І
IX. Ерте босанғаннан кейінгі кезең

Босану жолдары патологиясыз, жатыр мойны, аралықтары бүтін. Жатырдың көлемі кішірейіп келеді, консистенциясы жұмсақ. Босанған әйелдің жалпы жағдай жақсы, есін біледі. Асқынулар жоқ, асқынулардың алдын алу мақсатында, әйелге өзін жылы ұстауға, ауыр нірселерді көтермеуге, ауыр жұмыстар атқармауға кеңес беріледі.

Босану кезінде 25 мл қан кетті, босанғаннан соң қан кеткен жоқ.
X. Босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы

1 – тәулік

20.05.21ж. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Тамыр соғысы 85 рет минутына. Тыныс жиілігі 17 рет. Зәр шығаруы ауырсынусыз. Сүт бездері жұмсақ, емізікшесі таза, өзі емізеді. Жатыры тығыз. Бөліністері орта мөлшерде, алқызыл түсті. Шағымдары жоқ, үлкен дәреті қалыпты.

2 - тәулік

20.05.21ж.Жалпы жағдайы қанағатанарлық. АҚҚ 120/80 мм.сб. Тамыр соғысы 80 рет минутына. Тыныс алу жиілігі 17 рет. Зәр шығаруы ауырсынусыз. Сүт бездері жұмсақ, емізікшесі таза, өзі емізеді. Жатыры тығыз, кіндіктен екі көлденең саусақ төмен. Бөліністері орташа мөлшерде, алқызыл түсті. Шағымдары жоқ, үлкен дәреті қалыпты.
Шығару эпикризі.

Дәрменбаева Ботагөз Қайратқызы 29 жаста. Қалыпты жамбас өлшемдерімен жүктіліктің 38 аптасында ретті толғақ басталған соң, бүтін қағанақ қабымен Қызылорда облыстық перзентханасына келіп түсті.

Толғақтың басталуы 19:00-де; қағанақ суының кетуі 03:00-де; судың мөлшері мен сапасы - ақшыл мөлдір. Бала жолдасының түсуі белсенді түрде 10 минуттан кейін, бала жолдасы бүтін, барлық бөліктері түгел. Кіндік бауы ұзындығы – 50 см.

І кезең – 10 сағат;

ІІ кезең – 25 минут;

ІІІ кезең – 10 минут.

Жалпы ұзақтығы – 10 сағат 35 минут.

Нәресте жынысы – ер;бойы – 56 см; салмағы – 3200 грамм; бас шеңбері – 34 см; кеуде шеңбері – 32 см; жетілген тірі; Апгар шкаласы бойынша 9/10 балл.

Бала туылды 19 мамыр 2021 жылы .

Босанғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Аралықтың жыртылысы жоқ. Қан шығыны – 250 мл.


Әйел босанған кейін 3 тәулікте нәрестесімен үйіне шығарылды.

Тағайындаулар.

Күтіну, жылы сумен жуыну, асқынулар болған жағдайда бірден дірігермен байланысу. Жылы жүру, ауыр көтермеу, ішке бандаж кию немесе ішті тартып байлау.

Тамыр соғысы мен температуралық қисықтың графикалық суреті.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет