Ал ақпараттық жүйе


Ақпараттық жүйелердің бірнеше даму сатыларынан өтті



бет2/4
Дата03.07.2020
өлшемі0,89 Mb.
#74855
1   2   3   4
Байланысты:
курсач Инкар

Ақпараттық жүйелердің бірнеше даму сатыларынан өтті.


Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.

60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.

70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.

80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті. Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.



Ақпараттық жүйені өндіру келесідей процестерді атқарады:

  • сыртқы және ішкі көздерден ақпарат енгізу;

  • кіріс мәліметтерін талдау;

  • оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;

  • ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру;

  • өнімдер мен қызметтерді өндіруге кететін шығындарды азайту;

  • бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру;

Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1.1 сурет) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:

1 сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер

Ақпараттық жүйенің қасиеттері:


  • кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;

  • ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;

  • ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;

  • ақпараттық жүйенің өнімі шешімдер қабылданатын немесе рутиндік операцияларды автоматты түрде орындау жүргізілетінақпарат болып табылады.

  • адамның қатысуы жүйенің күрделілігіне, деректер типтері мен жиынтығына, шешілетін міндеттердің формализациялау дәрежесіне байланысты болады.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде дербес компьютер болып табылады.

1.2 Ақпараттық жүйенің жіктелуі

Ақпараттық жүйелердің бірнеше сипаттамалары бойынша классификациялауға болады (2-сурет):


  • Автоматтандырылу дәрежесі бойынша жіктеу.

  • Ақпаратты пайдалану бойынша жіктеу.

  • Қолдау сферасына байланысты жіктеу.

Автоматтандыру дәрежесі бойынша классификация: Фирмаларды басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты ақпараттық жүйелер қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады.

Қолмен жасалғанақпараттық жүйелер ақпаратты қайта өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Мысалы, компьютері жоқ фирмада менеджерлердің қызметі туралы айтуға болады, ол қолмен жасалған ақпараттық жүйемен жұмыс істейді.

Автоматтық ақпараттық жүйелер адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.



Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әр түрлі модификациялары бар және классификациялануы мүмкін, мысалы, ақпаратты пайдалану сипаты мен қолдану сферасы бойынша.



2 сурет. Әр түрлі белгілер бойынша ақпараттық жүйелер жіктелуі


Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша классификация:

Ақпараттық-іздеушілік жүйелер енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.

Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларда шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады: басқармалы және кеңесші.

Басқармалы ақпараттық жүйелер адамның шешім қабылдауына негізделген ақпаратты өндіреді.

Кеңесші ақпараттық жүйелер адамның мағлұматына алынады және нақты іс-әрекет сериясына айналмайды. Бұл жүйелер интеллекттің жоғарғы дәрежесіне ие болады.

Қолдану сферасы бойынша жіктелуі:

Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар, өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, банктер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудың ақпараттық жүйелері жатады.Осындай жүйелердің негізгі функциялары келесілер болып табылады: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есеп және анализ, перспективалы және оперативті жобалау, бухгалтерлік есеп және т.б. экономикалық-өндірістік есептер.

Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың ақпараттық жүйелері өндірістік қызметшілер функциясын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Олар металлургиялық және машина жасайтын өндірістердегі технологиялық процестерді қолдау үшін ұйымдастыру кезінде кең пайдаланылады.

Автоматтандырылған жобалаудың ақпараттық жүйелеріжаңа техника немесе технология құру кезінде инженер-жобалаушылар, конструкторлар, архитекторлар, дизайнерлер функциясын автоматтандыру үшін арналған. Осындай жүйелердің негізгі функциялары болып мыналар табылады: инженерлік есептер, графикалық құжатнама құру (сызбалар, схемалар, жобалар), жобалық құжатнамаларды құру, жобаланатын объектілерді модельдеу.

Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер фирманың барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады және өнімді жобалаудан бастап, өткізуге дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды. Мұндай жуықтау фирманың құрылымын өзгертуге әкелуі мүмкін, бұған кез келген басқарушы бара алмайды.

2 «Көліктер анықтамасы» бағдарламалық қамтамасыз етуді құру

2.1 Есептің қойылымы

Есептің қойылымы деп - программаға арналған негізгі шарттар мен орындау жолдарын ұсынатын есептің сипаттамасы аталады. Есептің қойылымы компьютерлік ақпараттық жүйелерді жобалау сатысында жүргізіледі. Бұл мәселені қою үшін оның логикалық және ақпараттық мәнін толық ұсыну үшін қажетті және жеткілікті мәліметтер пайдаланылады. Есептің қойылымын тапсырыс берушімен бірге техникалық тапсырма негізінде бағдарламалық өнімді әзірлеуші ұйым әзірлейді. Бас орындаушысы әзірлеуші болып саналады.

Тапсырма бойынша кіріс ақпарат — кіріс тапсырмаларына келіп түсетін және оны шешу үшін пайдаланылатын деректер. Есептің қойылымында программаның мақсаты және қандай болу керектігі сипатталады.

Бұл курстық жұмыста көлік сатумен айналысатын компанияның тұтынушыларына арналған “Көліктер анықтамасы” қосымшасы қарастырылады.

«Көліктер анықтамасы» автоматтандырылған анықтаманы жасау – көліктер базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Бұл бағдарламалық жасақтама көліктердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Бұнда берілген деректерді пайдаланып кез келген көлік жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.

«Көліктер анықтамасын» автоматтандырудағы мақсат - өте аз уақыт ішінде көлік жайлы жайлы толық, нақты мәліметтерді алу. Қосымша арқылы көлік сатумен немесе өндірумен айналысатын фирмалар қызметкерлерінің жұмысын үнемдеу,қолайлы ету.

«Көліктер анықтамасы» бағдарламалық жасақтамасы –ең алдымен, көліктер туралы деректерді сақтауға және енгізілген параметрлерге байланысты кеңейтілген іздеу жүргізуге мүмкіндік беретін көмекші құрал.

Жобаның функционалдығы:


  • көліктің сипаттамалары мен бейнесі көрсетілген көліктерді қосу;

  • қосылған көліктер тізімін кесте түрінде көрсету;

  • қосылған көлікті жою және өзгерту әрекеттерің орындау;

  • келесі параметрлер бойынша көліті іздеу: маркасы,моделі,шыққан жылы,бағасы;

  • сұрыптау жүргізу.

Бағдарламалық жасақтама Windows 10 операциялық жүйесінде орындалды. Бұл бағдарламаның жұмысы үшін келесі сипаттамалары бар дербес компьютер қолданылады: Pentium 100 төмен емес процессор, сыйымдылығы 64 МБ төмен емес жедел есте сақтау құрылғысы, қатты магниттік диск,CD-ROM.

2.2 Ақпараттық қамтамасыз ету

Ақпараттық қамтамасыз ету – АЖ-да айналымдағы ақпараттың көлемі, орналасуы, ұйымдастыру нысандары бойынша жобалық шешімдердің жиынтығы болып табылады. Ол көрсеткіштер жиынтығын, анықтамалық деректерді, ақпарат жіктеуіштері мен модификаторларын, қызмет көрсету үшін арнайы ұйымдастырылған құжаттаманың біріздендірілген жүйелерін, ақпарат массивін, сондай-ақ ақпаратты өңдеу технологиясының сақталу сенімділігін, сапасын қамтамасыз ететін персоналды қамтиды.

Ақпараттық жабдықтауды жобалау оның құрамына кiретiн әр түрлi жүйеастыларды өзара байланыстыруы қажет, және де төмендегiдей қасиеттердi қанағаттандыруы тиiс:

Бiртұтастылық қасиетi элементтердiң өзара байланысын бiлдiредi, мұнда егер де бiр элементте өзгерiс болса, онда ол басқа элементтердiң де өзгерiсiне әкеледi.

Алшақтатылғандық қасиетi жүйенiң ортадан шектетiлу мүмкiндiгiн және бiр жүйеастына кiретiн жүйеастыларының автономиясын қарастырады.

Адаптивтiлiк – бұл жүйенiң өзгермелi құбылыстарға бейiмделе бiлу қасиетi.

Үйлесiмдiлiк жүйенiң методикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және т.б. аспектiлердiң басқа жүйелермен байланысуын қамтамасыз етедi.

Дұрыс шешiм алу үшiн ақпараттық жабдықтау кешенiн ұйымдастыру негiзiне келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы, дәлдiлiгi және туралығы, басқарушы ортаға деректердi жiберудiң мерзiмдiлiгi қойылуы қажет.

Ақпаратты енгiзудiң күрделiлiгiн қысқарту үшiн енгiзiлетiн ақпаратты жiктеу және кодтау жүйелерiн қолдану арқылы қысу қажет.

Ақпараттық жүйе UML диаграммаларының көмегімен жобаланып дайындалды.



Персоналдардың негізгі қызметтері мен міндеттері 3 суретте бейнеленген прецеденттер диаграммасында көрсетілген.


3 сурет. Прецеденттер диаграммасы

Ақпараттық жүйеге фирма қызметкері мәліметтер базасына қосу үшін "Қызметтер диаграммасында" көрсетілген (4 сурет).

4 сурет. Қызметтер диаграммас
Жүйедегі мәліметтер қорының статикалық құрылымын модельдеу үшін Класстар диаграммасын қолданамыз (5 сурет). Класстар диаграммасының қызметі: жүйедегі объектілердің типін анықтау және олардың арасындағы байланысты көрсету болып келеді.


5 cурет. Класстар диаграммасы

2.3 Бағдарламалық қамтамасыз ету

Бағдарламалық қамтамасыз ету-компьютерде ақпаратты автоматты өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалардың жиынтығы. Бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) болып бөлінеді.



Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге: операциялық жүйелер және олардың пайдаланушылық интерфейсі; аспаптық бағдарламалық құралдар; техникалық қызмет көрсету жүйелері жатады.

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге пайдаланушының ыңғайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ қосалқы функцияларды орындау үшін қызмет ететін сервистік бағдарламалық құралдар жатады.

Жұмыста Windows операциялық жүйесі жәнеақпаратты сақтау үшін MDB (Microsoft Access) форматындағы деректер қорын қолданылады. Қолданушымен байланыс орнату үшін Visual Studio бағдарламалау ортасын пайдаланамыз.

Операциялық жүйе-бұл өзара байланысты жүйелік бағдарламалар кешені, оның функциялары есептеу жүйесінің ресурстарын пайдалану мен таратуды бақылау және пайдаланушының компьютермен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру болып табылады.Операциялық жүйелер онша көп емес. Барлық компьютерлерде Windows орнатылған, себебі ол қарапайым және ыңғайлы. Бұл жүйенің бірнеше нұсқасы бар — 95, 98, 2000, Me, NT, XP, Vista, Windows 7,8,10.

Олар бір-бірімен шығарылған күнімен, қызметтерімен, қасиеттерімен ерекшеленеді.



«Көліктер анықтамасы» бағдарламасын құруда Microsoft Visual Studio бағдарламалау тілі қолданылды, себебі:

Microsoft Visual Studio объектілі-бағытталған бағдарламалау тілі, яғни әрқайсысы белгілі параметрлерге ие және бірқатар нақты функцияларды орындай алатын объектілер жиынтығынан тұрады.

C Sharp программалау тілінің көптеген мүмкіндіктері төрт түрлі мақсатта пайдалануға жасалған:

- үлгінің біртұтас жүйесі және игерушіліктің әдіс-айласының ықшамды

мағыналы тілінің үлгісі

- XML түсініктеме, атрибуттар, уақиғалар және уәкілдер сияқты компоненттер мүмкіндіктеріне сүйене отырып зерттеме жасау.

- C Sharp тілінің практикалық артықшылықтары бірегей мүмкіндіктеріне негізделе отырып, қауіпсіздік сілтеме жұмыстарын қоса отырып, асыра толып кету тексерісі.

- ыңғайлы тілдік конструкциялар, foreach және using операторлары сияқты, әзірлеушінің өнімділіктерін жоғарылатады.

  • VS жиынтығына келесі негізгі компоненттер кіреді:

  • Visual Basic.NET -VisualBasic қосымшаларын әзірлеу үшін;

  • Visual C++ - дәстүрлі C++тілінде;

  • Visual C# - тілді C# (Microsoft);

  • Visual f# - на F# (Microsoft Developer Division).

C# немесе С Ѕһагр бағдарламалау тілі "С" отбасы тілдері негізінде құрылған. Оның көмегімен түрлі бағдарламалар мен компьютерлік ойындар әзірленіп дайындалады. Бұл тілдің бай функционалы бар және әзірлеушілерге көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Әрбір компонент құжаттарға арналған атрибуттар мен кіріктірілген элементтерді қамтиды. C# тілі бағдарламалық компоненттерді жасау және пайдалану үшін өте қолайлы жұмыс сызбасын қолдайтын тілдік құрылымдарды ұсынады.

Бұл тілдің көптеген артықшылықтарына жатады:

  • Microsoft өнімдерінің басым көпшілігін қолдау;

  • шағын компаниялар мен кейбір жеке әзірлеушілер үшін Visual Studio, Azure бұлты, Windows Server, Mac Pro үшін Parallels Desktop және басқа да құралдар тегін;

  • оның синтаксисі басқа бағдарламалау тілдеріне ұқсас.. C# тілі жаңадан бастап үйренушілерге ең түсінікті және қолайлы болып саналады;

  • көптеген артықшылықтардан басқа бұл бағдарлама кейбір кемшіліктерге ие. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • Windows платформасына басымдық;

  • тіл тек шағын фирмалар, жеке бағдарламашылар, стартаптар мен оқушылар үшін тегін.

Microsoft Visual Studio көмегімен DataSet технологиясы арқылы Access ДББЖ-мен байланыс орнату оңай болып табылады. Қолданушыға бағдарламалық өнімнің интерфейсінде деректер қорының қажетті атрибуттарын көрсету және ДБ атрибуттарын толтырудың ыңғайлы карточкаларын жасау: байланыстарды құру және оларды жаңғырту секілді көптеген мүмкіндіктерді ұсынады.

Microsoft Visual С# - ті іске қосу үшін мына амалдарды орындаймыз ПУСК – Все программы — Microsoft Visual Studio 2015 — Microsoft Visual C# (Си-шарп) 2015. Microsoft Visual С# – ті іске қосқанда экранда пайда болған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет