Қалас жамалов философия


Патристиканың қорытынды кезеңі



бет24/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Патристиканың қорытынды кезеңі Рим империясының толық жойылған, өмірін тоқтатқан, оның орнына ұсақтану, саяси-экономикалық өмірлердің құлдырауға ұшыраған уақытына сәйкес келді. Тарихи дәуірде патристика өзінің алдына христиандықтың пайда болу кезеңінде қойған ең маңызды міндеттерін шешпей, христиандық наным-сенімнің философиялық негізін қисынға келтіріп, тұжырымдаумен айналысты. Осымен классикалық патристика өзінің қортынды кезеңіне орын беріп, христиан дінінде өзіндік ерекшелігі мен орындары бар соңғы шіркеу әкелерінің орнына оның ізбасарлары келеді. Егер шіркеу әкелері үшін ең жоғарғы бедел Інжіл және Қасиетті жазбалар мен айтылғандар болса, олардың ізбасарлары бұған шіркеу әкелерінің еңбектері мен беделін де қосты.
Патристиканың құлдырау уақытындағы Батыс Еуропа философиясының ішінде жаңа өзіндік ерекшелігі бар ойлар немесе өз еңбектерімен философияның болашақ дамуына елеулі әсерін тигізгендер аз болды. Осыған байланысты Боэций мен Эриугенді атап айтуға болады. Бұлардың біріншісі патристиканың тікелей өкілі болмаса да, оның аяқтаушысы, екіншісі өзіндік ерекшелігі бар жаңа ортағасырлық схоластикалық философия бастауында, табалдырығында тұрды.
Боэций (480-524 ж.ж.) антика философиясына тән, оның өзіндік қорытындысын жасаған Римнің соңғы философы. Оның грек тілінде жазылған шығармаларды орта ғасырда жалпыға танымал болған латын тіліне аударуы және оларға жазған түсініктемелерімен философияның дамуына айтарлықтай әсерін тигізді. Оның аударламаларының ішінде Евклидтің «Бастамасы», Порфиридің «Кіріспесі», Аристотельдің «Органоны» және т.б. еңбектер болды.
Византия империясымен құпия байланысы бар деген желеумен кінә тағылған Боэций абақтыға жабылып, өлім жазасына кесіледі. Абақтыда өлім жазасын күтіп отырып, болашақта көпке танымал, көп оқылатын, рух бостандығына арналған «Философиямен жұбану» атты еңбегін жазады. Боэций шығармаларынан антика философиясымен, әсіресе Платон еңбектерімен тығыз байланыстылықты және онда христиандық дәлелдемелердің орын алмағанына көз жеткіземіз.
Грек және латын тілдерін еркін меңгерген Эриуген (810-877 ж.ж.) грек, византия философтары еңбектерінің аудармасымен және оларға түсініктемелер жазумен айналысады. Диалектиканы дамытты, оны логика (қисын) есебінде дұрыс ойлау және болмыстың кең көлемді жалпы қасиеттері мен принциптері туралы ғылым деп түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет