Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі.«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары



бет10/10
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#141815
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
алаш

Шәкәрім Құдайбердиев болса өзінің «Үш анық» атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады. Бұл тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталды. Оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, мейірімділік сезімін тәрбиелеуге негізделді.Ш.Құдайбердиев «Үш анық» атты философиялық еңбегінде тұлғаны рухани қалыптастыру мәселесіндегі маңызы ерекше. Ол өзінің еңбектеріндегі «жан, рух» жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады.Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Адам өміріндегі мақсаты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы ой мен жаман ойды, ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу оның басты қағидасы болды.Сонымен, Алаш қозғалысы – XX ғасырдағы қазақтың мемлекетшілдік идеясы болды. Алаш қозғалысы – жаңашыл жасампаздың көшбасшысы. Алаш қайраткерлерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың идеялары қазақ халқының санасында, жаужүрек ұлдарының іс-әрекеттерінде жалғасын тапты. Алаш рухы қазіргі ұрпақты елдікке, ауызбірлікке, елге адал қызмет жасай білуге үндейді. Тәуелсіз Қазақстанды нығайта түсуге шақырады. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет