Қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісіне мейілінше еңбек еткен ұлы тұлғалар болды. Солардың бірі де бірегейі алаш арыстарының бірі, өзі өмір сүрген дәуірдің бір туар азаматы, халқының патриоты атанған Мағжан ақын зерттеп, этнопедагогиканың негізін салды.М.Жұмабаев әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiн жазумен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты ғылыми еңбегі болашақ ұрпақ тәрбиесін беруге бағытталған. Оның педагогикасының мақсаты:1.Ақыл тәрбиесі,2. Құлық тәрбиесі,3. Сұлулық тәрбиесі,4. Дене тәрбиесі.Ақыл тәрбиесі – түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын болса. Құлық тәрбиесі – жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса, Ал, сұлулық тәрбиесі – сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден лаззат алып, жан толқытады. Сонымен қатар, дене тәрбиесі – ыстық-суық, денсаулықты сақтау мәселелері қарастырылады.Осы төрт тәрбиенің психологиялық астарларына тоқталып өтейік. Мәселен: Ақыл тәрбиесінде адамның интеллектуалды, креативті дамуы. Құлық тәрбиесінде адамның тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуындағы мінез-құлық психологиясы. Мінездің қалыптасуындағы маңызды мәселелеге көңіл бөлген. Екінші сұлулық тәрбиесі. Бұл сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас техникасы мен ережесінің дұрыс қалыптасуы. Сонымен қатар, дене тәрбиесінде адамның денсаулық психологиясы, салауатты өмір салтын ұстану мәселесі қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |