Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі.«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары



бет7/10
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#141815
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
алаш

Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық.М.Жұмабаевтың пікірінше, «Ұлт тәрбиесi – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi».Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.Қазақтың этнопсихологиялық табиғатын зерттеген психологтардың В.Стасов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Мұқанов, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев еңбектері баланы дамыту мен тәрбиелеуде, оның тұлға ретінде қалыптасуында психология мен этнопсихология ғылымдарының маңыздылығын сипаттайды. Сонымен қатар қазақ салт – сана, әдет – ғұрып, дәстүр, ұлттық өнер мен ауыз әдебиеті үлгілерінен талғым айтып, мұра қалдырып кеткен ортағасыр ғұламалары әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құанбаев еңбектері, педагогикалық ой – пікірлерін оқып – үйрену, жинақтаған ілімді заман талабына сай оқушыларға ұлттық рухта тәрбие беріп, ақыл – ойын дамыту әрбір педагогтың міндеті. Бірақ әлі де болса баланы ұлттық сипатта дамыту, оның жан дүниесін зерттеп, тану және баланың бойына ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру психология ғылымында үлкен ізденушлікті талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет