Алдиярова Алтынгүл, Қасен Айсана Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс магистранттары, Ақтөбе
Миф пен мифология арасындағы айырмашылық
Аннотация Бұл мақалада миф пен мифология арасында бар өзгешеліктерді білудің мәні қаншалықты өзектігі екендігі қарастырылады. Мифологияның кейбір ерекше тармақтары салыстырмалы мифология мен грек мифологиясы болып табылаатындығы айтыла келе, біріншісі әртүрлі мәдениеттерден пайда болған мифтер арасындағы байланысты табумен айналысады, ал екіншісі - Ежелгі Грецияның танымал мифтерін зерттеуден туатындығы қарастырылды. Дүниегекөзқарас адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасатындығын ескере отырып, дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік тарихи типтеріне мифология және дін жататындығы анықталды. Сондықтан бүкіл адамзат бір кездері философияға мифологиядан дінге өту жолы арқылы келген деген шешімге келдік. Нәтижесінде мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы, ал миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы деген байлам жасалынды. Сөйтіп, мақаланың қорытындысында алғашқы дәуірдегі метафоралық-бейнелі ойлау кейіннен мифологиялық ойлауға айналған деуге болады. Адамзат санасына тән метафоралық, поэтикалық сипат қалай болғанда да мифологияның алдына шығады. Мақалада миф санадан алшақтап, өткен шақта қалып қойған жоқ, ол белгілі дәрежеде тарихта жаңғырып отырады деген қорытынды жасалды.