Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет29/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

«Қанағатты»
адам 
баласын тіршіліктің бар қызығын қанағат тұтқан өмірдің сопылық 
жолы деп бөліп қарастырса
«Әділдік», «Ақыл»
және 
«Бақытқа»
талпынушылық нағыз адам баласына тән қасиеттер деп ерекшелейді. 
Осындай қасиеттер бойында қалыптасқан тұлға ел мүддесін 
ақтайтын идеал басшы – хан бейнесіне лайық дегенді ұсынады. Бұл 
жолда ақын Жүсіп Баласағұн отбасы тәрбиесінің негiзгi мақсаты 
– ата-аналардың балаларына берген жақсы тәрбиесi, жақсы мiнез-
құлқы мен рухани байлыққа қол жеткiзуі деп біліп, оның өнегесi 
ата-анадан екендiгiн:
«Ұл мен қыздың өнегесi ата-ана, Бәрi бiзден – 
дұрыс па, әлде қата ма»
(1485 бәйт), – деп сипаттайды. Сөйтіп, ата-
аналардың өзара сыйластығы мен қарым-қатынастағы жарастығы 
балаларына жақсы тәрбие берудегі бiрден-бiр дұрыс жол деп санай-
ды. Өйткені ата-ана өнегесін көріп өскен ұрпақ есейгенде өздері де 
сондай отбасы іргесін құрады деп қорытынды жасайды. 
Жеке адам деп әдетте нақты адамды, сол берiлген қоғамның 
мүшесiн айтады. Жеке адам болу үшiн адам психикалық дамудың 
белгiлi бiр дәрежесiне жетуi және өзiнiң өзге адамдардан айырмасы
бар екенiн, бөлiнбейтiн бiртұтас екенiн бiлетiндей жағдайда болуы 
тиiс. Немесе жеке адам деп қоғамда белгiлi бiр мақсат қойып, сол 
мақсатты iске асыру жолында күресе алатын және қоғамға белгiлi 
бiр пайда келтiретiн адамды айтамыз.


84
Педагогикалық еңбектерде жеке адам түсiнiгiне оның қоғамдық 
сипатына, өмiр барысында өзiне топтаған әлеуметтiк сапалар мен 
қасиеттер жиынтығын бiлдiретін белгілеріне байланысты анықтама 
беріліп жүр. Жеке адам белгiлi бiр қөзқарастары мен қарым-
қатынастарының болуымен, белсендiлiк дәрежесiмен, басқа да 
қасиеттерiмен сипатталады.
Жеке адам түсiнiгi қашан да педагог ғалымдарды, ағартушылар 
мен ойшылдарды ойландырып келген. Адамның адамдығын 
бiлдiретiн қасиеттер қандай екендiгi және оның өлшемдерi қандай 
болуы керектiгi және т.б. сұрақтар көпшілікті толғандырып келдi. 
Осы тұста қазақтың ақыны Абай Құнанбаев өзiнiң 11-ші қара сөзiн-
де «Қашан бiр бала бiлiм-ғылымды махаббатпен көксерлiк болса, 
сонда ғана оның аты адам болады», – деп атап көрсетiп, адамдықтың 
белгiсi оның рухани байлығы мен ықыласында жатқандығын сипат-
тайды. Сөйтiп, Абай адамдықты бiлдiретiн үш-ақ қасиет екендiгiн: 
нұрлы ақыл, ыстық қайрат және жылы жүрек деп көрсетедi.
Жеке адам туралы ой-пiкiрлер ерте кездегi шығыс ғұламалары
атап айтқанда М. Қашғари, Қайқаус, Қ. Иассауи және т.б. еңбек-
терiнде кеңiнен орын алған. Мәселен, Қайқаус өзiнiң «Қабуснама» 
атты еңбегiнде: «Адамдықты бiлдiретiн үш қасиет бар, соның 
бiрi – жәуанмәртлiк. Жәуәнмәрт болам десең көзiңдi жаман 
қараудан, тiлiңдi жаман сөзден, қолыңды жаман iстен сақта» деп 
көрсетедi. Мұның өзi ғұламалар көзқарастарындағы ойлардың 
жеке адамға қойылатын талаптар мен адамдық сапалардың ой 
тазалығымен, әрекет үйлесiмдiлiмен және мейiрiмдiлiкпен бай-
ланысты қарастырылатынын дәлелдейдi. Мұндай ой-пiкiрлер 
шығыс ғұламалары еңбектерiнен бастау алып, бүгiнгi ғалым-
педагогтар еңбектерiнде педагогикалық теорияның бастауы ретiнде
қарастырылып келедi.
Жеке адам өзiнiң биологиялық және рухани дамуында үнемi 
қозғалыста, өзгерiсте болады. Ол үнемi тәрбиенiң ықпалында бо-
лып, жетiлiп, қалыптасып отырады.
Жеке адамның қалыптасу қасиеттерi балалық шақтан басталып, 
жеткiншек және жасөспiрiм шақта айрықша интенсивтi жүредi де, 
бұл қалыптасу ересек болған кезде өзiнiң бiршама аяқталу кезеңiне 
жетедi. Жеке адамның дамуы мен жетiлуiнде тәрбиеге зор мән 
берiледi.
Жеке адамның дамуы ұғымына келейiк. Жалпы дамудың 
маркстiк түсiнiгi бұл ұғымды анықтаудың негiзi болып табылады,


85
бұл түсiнiк жай нәрседен күрделi нәрсеге қарай, төменнен жоғарыға 
қарай қозғалу процесi ретiнде, өрлеу бағыты бойынша сапалық 
ескi жағдайдан жаңа жағдайға қарай қозғалу, ескiнiң құрып бiтiп, 
жаңаның тууы, жақсару процесi ретiнде қарастырылады.
Қарама-қарсы негiздердiң күресi – дамудың қайнар көзi. Жеке 
адамның, әсiресе, балалық және жасөспiрiм шақтарында дамып 
жетiлуi ең алдымен тәрбиенiң ықпалы арқылы жүрiп отырады. 
Тәрбие халықтық дәстүрлер мен iзгi қасиеттердi жас ұрпақтың бо-
йына сiңiру арқылы баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, 
дүниетанымын, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын 
қалыптастыруды көздейдi. Баланың дамуы күрделi қайшылықтары 
бар процесс болып табылады. Бұған негiзгi педагогикалық үш фак-
тор әсер етедi.
1.Тұқымқуалаушылық; 
2. Орта;
3. Тәрбие.
1. Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың бо-
луы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан 
дене қалыптасуы, шаштың түсi, көздерiнiң, терiлерiнiң түсi ауы-
са алады. Осының бәрi туа бiткен дене ерекшелiктерi деп аталады. 
И. П. Павловтың iлiмiне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа 
бiткен қасиеттермен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, 
тiлдiң дамуы, тiк жүру және т.б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу 
барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым-қатынаста бол-
маса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.
2. Адамның дамуына орта ықпал етедi. Олар: географиялық 
орта,үй-iшi ортасы, әлеуметтiк орта және ұжымдық орта болып 
бөлiнедi. Мысалы солтүстiк аймақта өмiр сүретiн адамдар мен 
оңтүстiкте өмiр сүретiн адамдардың мiнез-құлқы мен әрекетiнде 
өзгешелiктер кездеседi. Өйткенi олар өмiр сүретiн ортаның темпера-
турасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигiзедi.
Отбасының өзi ондағы баланың қалыптасуына әртүрлi әсер етедi. 
Тiптi бiрдей ортадағы әртүрлi отбасыларында тәрбие алған балалар 
әртүрлi болады. Оған отбасының мынадай белгiлерi әсерiн тигiзедi:
– отбасының құрамы;
– отбасындағы адамдардың жас мөлшерi мен баланың от-
басындағы туылу реті (тұңғышы, кенжесі секілді);
– отбасындағы әлеуметтiк-материалдық жағдай;


86
– отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қа-
тынас;
– отбасында қолданылатын салт-дәстүрлер.
Жеке адамның қалыптасуына ұжымның әсерi де ерекше. 
Ұжымның өзi балалар ұжымы, еңбек ұжымы, отбасылық ұжым, 
ортақ шығармашылық қызығушылығына байланысты қалыптасқан 
ұжым және т.б. болып бөлiнедi. Баланың қалыптасуына оның 
құрдастары мен ұжымдағы достарының ықпалы ерекше әсер етедi.
3. Тәрбие – баланың дамуына ықпал ететiн негiзгi әрi шешушi 
фактор болып табылады. Тәрбиенiң басқа факторлардан айыр-
машылығы – ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал 
етуi. Сондықтан тәрбие адам дамуы үшiн басқарушы рөл атқарады. 
Жеке адамның, әсiресе, балалық және жасөспiрiм шақтарында да-
мып, жетiлуi ең алдымен тәрбиенiң ықпалы арқылы жүрiп отыра-
ды. Бiрақ тәрбиенiң дәрежесi мен сипаты көп жағдайда тәрбиенiң 
даму заңдылықтарын қаншалықты ескергенiне байланысты болады. 
Сөйтiп, тәрбие мен дамудың арасында екiжақты байланыс болады.
Балаларды дамытудың аса маңызды шарты – қарым-қатынаста
болу және iс-әрекетке түсу. Бала ересек адамдардың көмегi арқылы 
сонау балдырған шағынан-ақ сыртқы дүниемен қарым-қатынаста 
болады.
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында ықпал етуші әсерлер-
дi iшкi және сыртқы деп екi топқа бөлiп қарастыруға болады. 
Қоршаған орта мен тәрбие – сыртқы әсерлер. Өйткенi ол табиғи 
икемдiлiкпен, құмарлықтармен байланысты. Сыртқы тәрбие, орта
әсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың жиынтығы 
– iшкi әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы 
екi фактордың байланысы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ халқы ерте кезден-ақ бұл факторлардың адам тәрбиесiнде 
өте маңызды екендiгiн бiлген. Адамның тектiлігiн жоғары бағалау, 
оның ұрпақ тәрбиесiндегi бой көрсетуiне сену және т.б. түсiнiктер 
бүгiнге дейiн сақталып келедi. Бұл жөнiндегi деректер халықтың 
мақал-мәтелдерiнен, аңыз-әңгiмелерiнен айқын байқалады.
Жеке адамның қалыптасуына ықпал ететін жоғарыда қа-
растырылған үш факторды әлеуметтік орта тұрғысында жекелеп 
қарастыру әлеметтік педагогика ғылымына тән. Өйткені бала өмір 
сүретін ортаның көп деңгейлі ықпалы оның әлеуметтік факторларын 
айқындайды.
Әлеуметтену процесiне бiрнеше негiзгi факторлар әсер етедi. 


87
Олар: мегофакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және ми-
крофакторлар (1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет