Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет54/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

отбасы ішіндегі 
қатігездік.
Бүгінгі күні көптеген отбасыларындағы жұбайлар 
арасындағы қақтығыс ұрып-соғумен, бірін-бірі жарақаттаумен, 
тіпті өлтірумен аяқталатын жағдайлардың да кездесетіні жасырын 
емес. Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 30 тамыздағы 
статистикалық мәліметі бойынша осы бір жылдың ішінде 16 197 
отбасында зорлық-зомбылық қылмысы тіркелген. 2008 жылы 
отбасындағы зорлық-зомбылықтың кесірінен болған 715 әйел мен 
129 бала өлімі тіркелген. Дағдарыс орталықтарының одағы жыл 
сайын отбасындағы қақтығыстарда 500 әйелдің қаза табатынын 
жариялайды. 
Қоғамдық ұйымдардың мәліметіне қарағанда әйелдердің 40 па-
йызы ғана отбасындағы қорлау қылмысына байланысты болған 
жағдайды тиісті орындарға хабарлайтындығын айтады. Олардың 
өзінің көп бөлігі экономикалық тұрғыдан дәрменсіз болғандықтан, 
шағымдарын қайтарып алады екен. Ондай отбасыларындағы бала-
лардың психикасына, тәрбиелік және физиологиялық дамуна кері 
әсерін тиізіп, үйден қашып кететін балалар санының артатындығы 
да осыдан. Әке-шешелерінің көзінің тірісінде әлеуметтік жетім ата-
нып, балалар үйінен бір-ақ шығатын балалар аз емес. 


147
Өкінішке орай, бүгінгі күннің шындығына келер болсақ, 
2011 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәлімет бойынша
Қазақстан Республикасы көлемінде жетім бала мен ата-анасының 
қамқорлығынан айырылған балалардың саны 38 386-ға жетіп, 
соның ішінде 14 052-сі ертең отбасы ұйтқысы болар қыз балалары 
екен. Солардың арасында 11 612-сі ата-анасының қамқорлығынан 
айырылған балалар, яғни тірі жетімдер. 
1999-2010 жылдар аралығында 8 675 бала шетел азаматтарына 
асырап алынуға берілген. Сонымен қатар, 7 530 кәмелетке толмаған 
бала қаңғыбас атанып, үйінен кетіп қалғандар. Жасөспірімдер ара-
сында жүйке ауруларына шалдығып, өз-өзіне қол жұмсау саны да 
артып барады. СУИЦИД бойынша Қазақстан Республикасы дүние- 
жүзінде 2-ші орында тұр. Сондықтан бүгінгі отбасы тәрбиесінің 
мазмұны мен технологиясын жетілдірудің жолдарын қарастыру 
қоғамның өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылуда. Мұның 
барлығы бүгінгі қоғамдық жағдайдағы тәрбиенің олқылықтары мен
отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың немқұрайдылығының салдары 
деп білу керек.
Дүниежүзінде мұндай жағдайларға тосқауыл қоюдың шаралары 
қарастырылып келгенімен, барған сайын қылмыстық әрекеттердің 
отбасылық жағдайдан бастау алу фактілері азаймай отыр. Сондықтан 
күйеуі тарапынан қатігездік көріп отырған әйелдер үшін уақытша 
қамқорлыққа алу үйлері құрылып, оларға заң жүзіндегі көмектер 
көрсетіліп жатыр. Әйтсе де, тәжірибелер көрсеткендей, бұл әйелдер 
күйеуіне қаржылай тәуелді және балаларының болашағы үшін 
алаңдаушылық білдіретіндіктен қатігездік көрсетсе де, күйеуін 
тастап кете алмайды.
Қазіргі отбасыларының әлеуметтік проблемаларының басқа 
да қырларын көптеп айуға болады. Тәжірибеде отбасыларымен 
жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізуді жалпы 
әлеуметтік мәселе ретінде бөліп қарау қажет. Әлеуметтік педагог 
клиенттің отбасылық проблемасын шешуі, ал отбасы әлеуметтік 
педагогтың көмегімен өз проблемаларының себебі неде екендігін 
түсініп, оны өз бетінше шешудің жолдарын қарастыруы тиіс.
Күрделі отбасыларына тән өмір сүру ерекшелігінің маңызды-
лығы ондағы ұлтаралық қарым-қатынастардың тұрақтылығында, 
тұрмыстық тіршіліктің орнықтылығында, жас жұбайлар үшін 
бала күтімі мен тәрбиесіне деген қамқорлық пен кеңес алудың 
жоғары мүмкіндігінің боуында. Мұндай отбасыларында психо-


148
логиялық-адамгершіліктік атмосфера өзінше қалыптасады. 
Күрделі құрылымдағы отбасына жаңа өзінің өмірлік талғамы 
мен психологиялық мінезі тұрғысында өзгеше жаңа отбасы келіп 
қосылғанда отбасы қарым-қатынасы да күрделі бола бастай-
ды. Ондағы қарым-қатынастарда бірқатар қиыншылықтар мен 
түсінбеушіліктер орын алуы мүмкін. Әйтсе де, ондағы мүшелердің 
әлеуметтендірушілік ықпалы біртіндеп жаңа отбасы мүшелерін 
ретке келтіреді. Себебі көпшіліктің көзқарасы маңызды рөлді 
атқаратындықтан және дәстүрлі қалыптасқан отбасыларындағы 
қалыпты қарым-қатынас талабы екінші тарапқа тәрбиелік ықпал 
етеді.
Қолайлы отбасы. Мұндай отбасыларына жас отбасылар, орташа 
жастағы, ересек жастағы жұбайлар отбасы және т.б. кіреді. Сонымен 
қатар, мұндай отбасыларына баласыз, көп балалы, күрделі отбасы-
лар және т.б. да енеді. Отбасының қолайлығы тек қана материалдық 
тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тұрмыстың әлеуметтік-
психологиялық компоненттерін де қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан 
келгенде қолайлы отбасына ондағы ерлі-зайыптылар мен басқа да 
мүшелерінің бір-бірін жоғары бағалауы, отбасындағы отағасының 
беделін жоғары бағалаған отбасылары жатады. Отбасында кикілжің
орын алмайды, кездескен қайшы көзқарастар керіссіз оң шешімін 
тауып отырады, ерлі-зайыптылар отбасында туындаған мәселелерді 
өзара келісе отырып шешеді. Қолайлы отбасыларындағы мүшелер 
бір-біріне үнемі көмектесетіндігін және көмекке қандай жағдайда да 
дайын екендігіне сенімді болады.
Қолайлы отбасыларына психологиялық салауаттылық, отбасылық
құндылықтардың жақындығы, отбасы мүшелерінің әлеуметтік-
рөлдік бейімделуі мен отбасында әлеуметтік-қанағаттанушылық, 
ұзақ отбасылық өмірге талпыныс пен микроәлеуметтік қарым-
қатынастағы бейімділік тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет