153
әлеуметтендіруге ықпал ететін негізгі факторларды ескере оты-
рып, тәрбиені отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие деп екі түрге
бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және
қажетті категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат-мазмұны,
ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына
сәйкес өзгеріп отырады.
Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру»
ұғымымен
сәйкестендіріліп түсіндіріледі.
Әлеуметтендіру – латынның «социалус» деген сөзінен аударғанда
«қоғамдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, қоғамдандыру немесе
қоғамда өмір сүруге икемдеу деген сөз.
Соңғы жылдары жарық көрген философиялық әдебиеттерде:
«Әлеуметтендіру – индивидті ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыра-
тын еңбек тәжірибелерін, білім мен мінез-құлық нормаларын,
құндылықтар мен дәстүрлерді меңгеруге
және әрі қарай дамытуға
бейімдеу. Сондай-ақ индивидті қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне
ендіру және оның «бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру
болып табылады» – деп анықтама берілген.
Кеңестің гуманист педагогі В. А. Сухомлинский өзінің
«Коллективтің құдіретті күші» деген еңбегінде әлеуметтендіруді
былайша сипаттайды: «Адамның қоғамдық мәні оның басқа адам-
дармен байланысында, өзара қарым-қатынасында көрінеді. Дүниені
және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе,
адамдар-
мен әртүрлі қатынастарда, оның материалдық және рухани тұтыну
қажеттерін өтейтін қатынастарда бола отырып, бала қоғамға кіреді,
оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу
процесін, яғни жеке адамның қалыптасу процесін әлеуметтендіру
деп атайды» деген.
Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір
мақсатта әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше
факторлар ықпал етеді. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік ме-
кемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар,
жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор отбасы
болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы
тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр.
Өмір тәжірибелері мен
ғалымдар зерттеулері (А. А. Вербицкий, Э. Д. Днепров т.б.) отба-
сы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: