Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет53/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

2. Қаржылық-экономикалық мәселе.
Қаржылық-экономикалық 
қиындықты, ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен 
көп балалы отбасылары сезінеді. Жыл сайын көптеген жас отба-
сылары аз қамтылған отбасыларының санын толықтыра түсуде. 
Өйткені жас жұбайлардың алатын жалақысының дені пәтер жалдауға 
жұмсалса, бір бөлігі отбасындағы бала күтімі мен тәрбиесіне, 
денсаулығына, олардың тұрмыстық қажетін өтеуге және рухани-
мәдениетін арттыруға, т.б. қажеттіліктерге жұмсалады. Әйтсе де 
мұндай шығындарды ай сайын өтеп отыруға әрбір жас отбасының 
экономикалық жағдайы келе бермейді. Оның үстіне аналарға 
берілетін жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік көмектер отбасы 
мәселесін шешуге жеткіліксіз. 
3. Жұмыспен қамту мәселесі.
Әйелдердің жұмыссыздығы 
және шектен тыс жұмысқа жегілуі. Әйелдердің толығымен қо-
ғамдық жұмыстарға араласуы олардың сұраныстарынан және 
елдегі экономикалық дамуының салдарынан туындады. Әйтсе де, 
әйелдердің тым көп қоғамдық жұмыстарға жегілуі және отбасының 
тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарын да қоса орындауы, бала табу 
мен оның тәрбиесімен айналысуы – бұл әлеуметтік мәселе ретінде 
қарастырылып келеді. Бұл процестің әлемдік сипаты дүние жүзінде 
ең көп тараған типі бола отырып, отбасы жұбайларының екеуінің 
де ұстанған бағытының өзіндік ұстанымдарын дәлелдеу мен осы 
мақсатта табысқа жетуге талпынуы екендігін дәлелдейді. Егер әйел 
баласының жұмыс істеуге деген талпынысына талдау жасап көретін 
болсақ, онда мынаны байқауға болады деп тұжырым жасайды ғалым 
Ф. А. Мустаева: 
Біріншіден,
экономикалық мұқтаждық, ерінің тапқан табысының 
жетпеуі. Сонымен қатар кейде әйел азамат отбасындағы бірден- бір 
асыраушы болуы мүмкін. Көп жағдайда әйелдер отбасын асырау 
үшін денсаулыққа зиянды жұмыстарды да үстеме ақы төленетін 
жағдайда орындауға дайын болады. 
Екінші фактор,
әйелдердің жұмыстан айырылмай төзімділік та-
нытып жұмыс істеуге деген құлшынысы – бұл ертеңгі күнге деген 
сенімсіздіктің, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың 
сақталмауынан туындаған өзін-өзі қорғауға талпынысын дәлелдейді. 
Сонымен қатар, мұндай төзімділік таныту отбасын асыраудағы 
жұмыспен қамтамасыз етудің бір жолы болумен қатар, бұл әйел


145
баласының өз қабілеті мен өзін тұлға ретінде дамыта түсіретін орны, 
қарым-қатынас жасау ортасы, сонымен бірге әйелге үлкен азаматтық 
құрметпен қарым-қатынас жасайтын орта да – осы еңбек ұжымы. 
Шетел ғалымдарының зерттеулері бойынша адамдар өз еңбектері 
мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік беретін, қарым-қатынаста 
өзара ықпал ету мүмкіндігінің болуы арқылы дамуға бағыттайтын
орта осы еңбек ұжымы болып табылатындығын айқындады. 
Шын мәнінде бүгінгі қоғамдық жағдайда әйел қызметтік өсу 
бағытындағы бағдарламаны таңдауға да, тек қана отбасылық 
міндеттермен отыруға да, тіпті екеуін қатар қабылдауына да құқылы 
болуы тиіс. Ал қоғам оның отбасылық өмірін ұйымдастыруы үшін 
де, қызметтік міндеттерін орындауына да тиісті жағдай туғызуы 
қажет.
4. Отбасын жоспарлау мәселесі.
Мыңдаған жылдар көлемінде 
адамның биологиялық тұрғыдан өсуі ұлттық дәстүрлер мен 
діни сенімдер негізінде отбасындағы бала саны мен тәрбиесінің 
бағытын анықтап келді. Соғыстың салдарынан, елдегі эпидемиялық 
аурулардың таралуынан және аштық пен жұттан отбасындағы бала-
лар санын жоспарлау мүмкін болмады. Осындай қиыншылықтардан 
санаулы ғана бала аман-есен болып өсетіндіктен, аналарымыз бойы-
на біткен нәрестенің бәрін дүниеге әкелуге міндетті болған. 
Бүгінгі күні қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай 
түбегейлі өзгерді. Отбасында көп бала табу қоғамдағы ата-
аналардың әлеуметтік сұраныстарының жеке бастық сипатына қарай 
біртіндеп артта қала бастады. Қалалы жерлерде отбасында отырған 
аналар болмаса жұмысқа араласқан әйелдер үшін көп балалы болу 
қажеттілігі төмендеп кетті. 
Отбасында бала санын жоспарлау мен бала санын шектеудің 
шаралары өркениетті ел үшін өте қатігез тәсілдермен шешілуде. 
Ана құрсағында пайда болған баланы түсік тастау арқылы дүниеге 
әкелмеудің жолы –
ана болашағы үшін қауіпті. Ол болашақ ана-
ны бала сүю мүмкіндігінен айыруы немесе денсаулығына зиян 
келтіруі мүмкін. Соған қарамастан дәрігерлердің насихатынан кейін 
де қалаусыз нәрестелердің дүниеге келуі олардың физиологиялық, 
психологиялық сапасына нұқсан келтіретіндігін көрсетті. Ананың 
психологиялық дағдарыс жағдайында жүріп құрсағында бала 
көтеруі, оған деген мейірім мен сүйіспеншіліктің болмауы ана 
құрсағындағы бала дамуына өзіндік кері әсерін тигізетіндігі белгілі 
болды. 


146
Осындай маңызды проблемалардың шешімін табу үшін мемле-
кет көптеген шараларды қарастырды. Сондықтан аналардың қашан, 
қанша бала дүниеге әкелетіндігін өз еріктеріне салды. Өйткені 
қалаусыз туылған балалар жетім балалар санын арттырмаса, отбасы 
ортасы мен ана мейірімін көруі екіталай жағдай болып отыр. 
Бүгінгі күні кәмелетке толмаған жастардың балалы болуы 
әлеуметтік проблема ретінде басты назарда. Акселерация құбылысы 
жеткіншектердің гармоналдық және дене жағынан қарқынды да-
муын қамтамасыз етті. Оның үстіне ата-аналардың тым шектен тыс 
қамқорлығы бүгінгі жастардың адамгершіліктік-рухани жағынан 
дамуын кешеуілдетіп жіберді. Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда жас 
қыз - ана үшін көп қиындықтар туындайды. Онда отбасындағы бетке 
басар айыптаулар, мектептегі қалыпты жағдайға келмейтін оқушы 
қыздың қылығы, көпшіліктің сыни көзқарасы және т.б. кәмелетке 
толмаған ана үшін үлкен психологиялық дағдарыс жағдайды 
қамтамасыз етеді. Сондықтан мектеп оқушыларын және олардың 
ата-аналарын болашақ отбасылық өмірге даярлау бағытында 
жыныстық тәрбие мен қарым-қатынас мәдениеті тақырыптарында 
сауаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру маңызды.
5. Тағы бір аз зерттелген проблемалардың бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет