Алеуметтик педагогика indd


өзара қарым-қатынастық қызметі



Pdf көрінісі
бет61/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

өзара қарым-қатынастық қызметі
барысында жүзеге 
асады. Отбасының балаға тәрбие беруде әсер етушілік ықпалы 
қоғамның әсер ету ықпалындай өте ауқымды.
Соңғы уақытта бір балалы отбасылары мен толық емес отбасылары 
(әкесі не шешесі жоқ отбасылары) көбейіп барады. Мұндай жағдайда 
ұжымның болу-болмауы ондағы үй-ішілік қарым-қатынастың сипа-
тына байланысты болады. Егер онда тату қатынас, толық түсінушілік 
болса ұжым деп айтамыз. Ал егер түсінбестік басым, үнемі ерегісу мен 
ұрсу болса, онда ұжым бола алмайды. Отбасындағы түсінбеушілік – 
үйдегі ерлі-зайыптылардың көзқарасындағы қарама-қарсылық пен 
қақтығыс. Осындай қақтығыстың арасында көбіне отбасындағы 
баланың тәрбиесі зиян шегеді. Кейбір отбасыларындағы ересектер 
сырттай қарағанда тату-тәтті өмір сүріп, балалары да оқып, үлкендер 
еңбек етіп жатқандай көрінеді. Ал, шын мәнінде ондағы мүшелердің 
әрқайсысы өз бетінше өмір сүреді, тіпті ересектер өз балаларының 
өміріне араласпауды дұрыс деп табады.
Жоғарыдағы көрсетілген отбасындағы қарым-қатынастың екі 
типі де ұжымның қалыптасуына кедергі жасайды. Өзара тату қарым-
қатынас жасайтын отбасыларында жағдай мүлдем басқаша. Ондағы 
адамдардың көзқарастары, қызығушылығы мен ынтасы сәйкес 
келіп, олар үнемі бір-біріне көмектесуге дайын, жанашыр болып 
келеді. Осындай қарым-қатынас орнау үшін отбасында қанша адам 
болуы керек деген сұрақ тууы мүмкін. Психолог А. В. Петровскийдің 
көзқарасы бойынша отбасының сипатын ондағы адамдар санымен 
анықтайтын болсақ, онда қателескен болар едік. Мұның барлығы 
ондағы адамгершіліктік ахуалмен, мақсатпен анықталады. Үлкен 
отбасыларындағы, яғни көп балалы үйлерде көпшіл, адамгершіліктік 
қарым-қатынасты қалыптастыру мүмкіндігі үлкен. 
Қазақ отбасы тек қана ер, әйел және балаларынан ғана емес, үлкен 
отбасыларынан тұрған, яғни әкесі мен анасы, үйленген ұлдары, қажет 
болса үйленген немере-шөберелері, былайша айтқанда «ата балала-
ры» бірге тұрған, оларды әкелері басқарған. Оларды мұндай бірігуге 
мәжбүр еткен жалпы экономикалық мүдделері ғана емес, сол секілді 
қандастық-туыстық, намыс бірлігі деп ұғуымыз керек. Мұндай үлкен 
отбасылары бірге тамақ ішіп, бірге отбасы мәселелерін шешкен. 
Әсіресе, бұл отбасындағы тәрбиені тиімді ұйымдастыруға септігін 
тигізген. Қазақ отбасындағы мұндай өмір 
сүру дәстүрі балалар-


170
ды көпшіл, сабырлы, кең пейілді, бауырмал етіп қалыптастырған. 
Енші алып бөлек кеткен ұлдары болса, олар да ата ақылынан тыс 
кете алмаған. Барлық тұрмыс мәселелерін әулеттің атасы шешкен. 
Мұндай отбасылары оңайлықпен күйремеген, қайта ауызбірлігі 
нығайып, біріне-бірі сүйеніш болып, табалдырықтары мықты 
болған.
Осы тұста ғалым Әбуали Қайдар өзінің «Қазақ қандай халық?» 
деген кітабында «...қазақта бір тұқымнан тараған әулеті неғұрлым 
көп болса, халықтың ішінде ең күштісі сол, өйткені ол қажет 
болған жағдайда әділдік орнына да, қорғануға да өз әулетінің күшін 
жұмсай алады. Сондықтан қазақтарды бір іске итермелеу керек 
болса, мұндайда ханның келісімінен гөрі өскен-өнген әулеттердің 
басшы адамдарының айтқаны өтімді» – деп отбасында көп бала-
лы және олардың барлығының өз ортасында жоғары беделді болуы 
үлкен күш екендігін сипаттайды. Сондықтан отбасы тәрбиесінің 
тиімділігі ондағы баланың көптігінде дегенді айтады.
Ақын Ақтамберді: 
Атадан алтау туғанның, жүрегінің баста-
ры, алтын менен бу болар. Атадан жалғыз туғанның, жүрегінің 
бастары, сары да салқын су болар, жалғыздық сені қайтейін,
– деп 
әрбір қазақ отбасы үшін жалғыз баласы бардың болашағы қиын бо-
лады дегенге келтіреді. Себебі қазақ қашан да көптеп өніп-өскенді 
қалайтын халық емес пе? Содан болар халқымызда балалардың 
көптігі берекенің молдығымен байланыстырылған. Мұндай ойлар-
ды көп балалы отбасындағы шаруашылықтың бөлінуімен, өзара 
әрекеті қарым-қатынастың орнауымен, ата-аналарға қолқанат бо-
лар көмекшілердің табылуымен, тіпті дау-жанжалда да олардың 
даусының басымдығымен байланыстыра сипаттап, былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет