Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Отбасындағы тәрбие процесінің бүгінгі жағдайына сипаттама беріңіз.
2. Отбасы функцияларының өзара байланысы мен баланы әлеу-
меттендірушілік сипатын дәлелдеңіз.
175
3. Отбасы қызметтері мен ондағы ер және әйел қызметтерін қазақ
халқының отбасылық дәстүрлері негізінде түсіндіріңіз.
4. Бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесінің ұлттық және қоғамдық талаптарын
сәйкестендіре жетілдірудің қандай мүмкіндіктерін ұсына аласыз?
5. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің дамуындағы жетістіктері мен кемшілік-
терін салыстырғанда қандай тұжырымға келдіңіз? Көзқарасыңызды
дәлелдеңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Нұрғалиев Р. Н. Философиялық сөздік. – Алматы,1990. – 423 б.
2. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы,
2002.
3. Әл-Фараби. Мемлекет қайтаркерлерiнiң нақыл сөздерi. Әлеуметтiк-
этикалық трактаттарында. – Алматы: Ғылым, 1975. – С.5 – 28.
4. Сухомлинский А. В. Балаға жүрек жылуы. Шығармалар толық жинағы
– Алматы, 1987.– 476 б.
5. Қоңырбаева С. Қазіргі балалар және оларды отбасы жағдайында
әлеуметтендіру мүмкіндіктері. – Алматы. / «Ұлттық тәрбие» журналы,
2011. №1. – Б. –98-101.
6. Коменский Я. А. Избранные педагогические произведения: в 3-х т.
/ под ред. М. Ф. Шабаевой. – М.: Учпедгиз. – Т.3.
7. Макаренко А. С. Педагогическая поэма. – М.: Педагогика, 1984. − 3
т. – 512 с.
8. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тiлi, 1992. – 160 б.
9. Құнанбаев А. Қара сөз, поэмалар. /құрастырған К. Серiкбаева. – Ал-
маты, Ел, 1992. – 272 б.
10. Тәжин М., Аяғанов Б. Социология негiздерi. – Алматы: Ана тiлi,
1993. – 143 б.
11. Гребенников И. В. Основы семейной жизни. – М. :Просвеще-
ние, 1999.
2.5 Мектеп - әлеуметтендіру институты және әлеуметтік-
педагогикалық жүйе ретiнде
1. Мектептің әлеуметтендіру институты ретіндегі мәні мен
мүмкіндіктері
2. Мектептің баланы әлеуметтендірушілік қызметі
3. Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетек-
шi бағыты мен типтері
4. Мектептегі баланы әлеуметтендіру шараларының ұйым-
дастырылу ерекшеліктері
176
Тәрбие адамзат қоғамының пайда болуымен бiрге бiте қайнасып
дамып келе жатқаны бәрiмiзге де белгiлi. Педагогика ғылымы
адам тәрбиесi жайлы ғылым болғандықтан, тәрбие категориясы
да адамзат қоғамымен бiрге дамып, өзгерiп отырады. Алғашқы
қауымдық қоғамның өзiнде ғылым-бiлiм дамымай тұрған кезден-
ақ, адамдар үңгiрде өмiр сүрiп, аң аулап, тамақтарын тауып же-
генде өз ұрпақтарына күн көрiстiң жолдарын мұра етiп үйретiп
отырған. Мiне, мұның өзi адам баласының әлеуметтiк тәжiрибелерiн
ұрпақтан-ұрпаққа берiп отыруы, олар әрекеттерiнiң тәрбиелiк сипат
алғандығын дәлелдейдi.
Отбасының пайда болуымен және жекеменшiктiң шығуымен
сәйкес тәрбие сипаты да бөлiне бастады. Үстем тап өкiлдерiнiң ба-
лалары ақыл-ой мен дене тәрбиесiне үйретілсе, ал қаналушы тап
өкiлдерiнiң балалары еңбек тәрбиесiн бойына сіңірді. Қоғамда және
тiршiлiкте болып жатқан күнделiктi құбылыстар тәрбие мәселесiнiң
алдына жаңа мiндеттердi қойып отырды.
Тәрбие бүгiнге дейiн бiр орында тұрған емес. Ол сан құбылып,
сан өзгерiске ұшырап, қоғаммен бiрге жаңарып келедi.
Тәрбие ұғымы қоғамдық категория ретiнде қызмет етедi.
Олай болса, оның анықтамасы, мақсаты және мiндетi адамзат
қоғамында болған әрбiр өзгерiстен соң мiндеттi түрде өзгерiп оты-
рады. Өйткенi сол қоғамда өмiр сүретiн адамдардың әлеуметтену
процесi нәтижесiнде бүкiл болмысы, психологиясы, сұранысы
және т.б. өзгередi. Олай болса, оларды тәрбиелеудiң теориясы мен
әдiс-тәсiлдерi де өзгеруге тиiстi. Оған дәлел – кеңестiк тәрбиедегi
жеке адамға қойылған талап пен бүгiнгi балалар тәрбиесiне
қойылатын талаптың бiрдей еместiгi. Елiмiздiң егемендiк алуы-
на байланысты тәрбие ұлттық бағытқа бет бұрды. Өйткенi қоғамға
тәуелсiз Қазақстанның ұлттық тәрбиесiн бойына сіңірген жаста-
рын қалыптастыру қажеттiлiкке айналып, тұңғыш рет 1993 жылы
жаңа ұлттық тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы жарық көрдi. Онда
тәрбиеге анықтама да жаңаша бағытта берiлдi: «Тәрбие дегенiмiз –
халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық дәстүрлерiн
жас ұрпақтың бойына сiңiру». Ал тәрбиенiң негiзгi мақсаты ұлттық
тәрбие беру болды. Себебi бiздiң ұлтымыздың ғасырлар бойы
қолданып келген дәстүрлi тәрбие тәжiрибесi өте жоғары тиiмдiлiк
көрсетiп келгенi бәрiмiзге белгiлi. Онда тәрбиенiң алдына қойған
мiндеттерi: ең алдымен денi сау, ұлттық сана сезiмi оянған, руха-
ни ойлау дәрежесi биiк, мәдениеттi, парасатты, ар-ожданы мол,
177
еңбекқор, iскер және бойында басқа да iзгi қасиеттер қалыптасқан
адамды тәрбиелеу деп көрсетiлдi. Осы мiндеттердi мемлекеттiк
тұрғыда жүзеге асыруда мектеп бағдарламаларына көптеген
өзгерiстер енгізілді, жаңа оқу пәндерi енгiзiлiп, тәрбие сағаттарының
ұйымдастырылуы мен мазмұны жаңаша, этнопедагогикалық тұрғыда
қарастырылды.
Қоғамға нарықтық экономиканың келуiне байланысты бала-
лар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қажеттiлiкке
айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық заманына сай
қасиеттердi қалыптастыру тәрбие мақсатына айналды. Осы тұста
ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар өздерінің «Педаго-
гика» кітабында тәрбие ұғымына былайша анықтама бередi: «Тәр-
бие дегенiмiз – жастарды қоғамда өмiр сүруге және еңбек етуге
бейiмдеу». Бұл нағыз нарық талабын ескеріп, адам тәрбиесін қоғам
талабына сай жүзеге асыруды көздеген анықтама болатын.
Бүгiнгi таңда «тәрбие» ұғымының ауқымы әлеуметтендiру
ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi
бүгiнгi тәрбие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп
тәрбиелеумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң балама-
сы ретiнде де қолданылып келедi.
Практикада «көше тәрбиелейдi», «ортаның тәрбиесi» және т.б.
түсiнiктер жиi қолданылады. Әлеуметтiк жағдайлардан туындаған
проблемалар мен сұраныстардан бүгiнгi педагогика ғылымының
жаңа салаларының өзектiлiгi артып, өмiрде кең қолдау тауып отыр.
Мәселен, әлеуметтiк педагогиканың зерттеу проблемалары ғылыми
педагогика мазмұнындағы тәрбие мәселелерiн басып озып, тiптi оны
өзiнiң мазмұнында терең қарастырып, өзара байланыста қамтып
келедi. Бұл да бүгiнгi қоғамның жағдайлары адам тәрбиесiнде
әлеуметтiк педагогтар қызметiне мұқтаж екендiгiн көрсетiп, тәрбие
әлеуметтенумен бiте қайнасып бiрге қарастырылуын керек етедi.
Әлеуметтендiру мен әлеуметтiк тәрбиелеуде мектеп бiрiншi дәрежелi
рөлдi атқарады. Бала мектепке 7 жасар ерте балалық шағында келiп,
одан көп жылдар көлемiнде қалыптасқан тұлға ретiнде 17-18 жасында
үлкен өмірге қадам басады. Мектепте бала тек оқып қана қоймайды,
тұлғалық қалыптасуының қарқынды даму кезеңiн өткiзедi. Мек-
теп қабырғасында бала немесе жасөспiрiм оқып бiлiм алатын,
болашақ өмiрiне қажеттi белгiлi бiр дағды мен қабiлеттердi игеретін
болғандықтан, дәстүрлi мектептердi оқу орны, оқу мекемелерi
деп атайды. Бір кездерде қоғамдағы қайта құру мен идеологиялық
178
бағдардың ауысуына байланысты мектептiң тәрбие берушiлiк
және қалыптастырушылық рөлi бiршама төмендеп кеттi. Көптеген
педагогикалық ұжымдар қоғамдағы әлеуметтiк тұрақсыздық пен
идеологиялық белгiсiздiк жағдайында мектептiң негiзгi мiндетi –
балаларға сапалы бiлiм беру ұстанымдарын өз деңгейінде атқара ал-
мады. Сапалы бiлiм алған адам өмiрде міндетті түрде тәрбиелi әрi
қоғамдық істерге жан-жақты дайын болады деп саналды. Бiрақ тари-
хи тәжiрибелерге талдаулар жасау мен практика мұның дұрыс емес
екендiгiн көрсетiп бердi. Бүгiнгi жағдайда мектептiң әлеуметтiк-
қалыптастырушылық, тәрбиелеушiлiк мiндетi елеулi түрде
күшейтiлуде. Әсiресе, тұрғындардың елеулi бөлiгiнiң әлеуметтiк
орнықтырушылығы отбасындағылардың әлеуметтiк-психологиялық
қиыншылықтардан басымдығы бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк
ортаның қатаң әсерiнiң күшеюi бүгiнгi бiлiм беру мен тәрбиенiң
дәстүрлi қызметiнiң көкейкестiлiгiн арттырып, тереңдете түсуге
алып келдi. Олар:
1.
Достарыңызбен бөлісу: |