Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет67/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

2-сурет
Мектептің әлеуметтендіру институттарымен байланысын 
көрсететін сурет
Тәртіп сақтау 
органдары
Мектепке
дейінгі мекемее
МЕКТЕП
 
Отбасы
Мәдени 
мекемелер
Косымша білім
беру 
мекемелері
Еңбек ұжымы 
өндіріс
Бүгінгі күннің шындығы мектептердегі басқару стилін жа-
ңартуды және оқыту технологиясын өзгертуді қажет етеді. Бүгінде 
«Мұғалім қандай болуы керек» деген сұрақтар шағын мамандық 
шеңберінен шығып, әлеуметтік деңгейге көтеріліп отыр. Халық 
ағарту жүйесін жаңа тұрпатта қайта құру мұғалім мамандығына 
және оны дайындауға жаңа талаптар қояды. Қай кезеңде болмасын 
жеке адамның қалыптасуының бастауы мектептен, ал мектепте бәрі 
Отбасы
Мектепке 
дейінгі мекеме
Мәдени 
мекемелер
Қосымша білім 
беру
Еңбек ұжымы 
өндіріс
Тәртіп сақтау
органдары
МЕКТЕП


184
де мұғалімнен басталады. Осыған қатысты орыс халқы мектебінің 
негізін қалаушы К. Д. Ушинскийдің мына бір сөздері еске түседі: 
«Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс ... 
Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасан-
ды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен, тәрбие ісінде жеке 
адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей 
әсерінсіз мінез-құлқына сіңірерліктей шын тәрбие беру мүмкін 
емес».
Біртұтас педагогикалық процесте мұғалім араласатын адам-
гершілік қатынастар сан қырлы әрі мынадай негізгі парал-
лельдерде кездеседі: «мұғалім-оқушылар, мұғалім-оқушының 
ата-аналары, мұғалім-мұғалім, мұғалім-мектептің әкімшілігі, 
мұғалім-жұртшылық».
Мұғалім өз тарапынан оқушымен, ата-аналармен, мұғалім 
әріптестерімен жариялылық принципі негізінде қарым-қатынас жа-
сайды. Ол бірнеше бағытта көрініс береді.
Жеке адамның кәсіби педагогикалық бағыттылығы балаға деген 
ықыластылық пен махаббат, педагогикалық қызметке ынталылық, 
педагогикалық-психологиялық байқампаздық, ұйымдастырушылық 
қабілет, әділдік, адамдармен тез араласа алу, адамға үйірлік, көпшіл 
болу, дербестік, өзін-өзі игере алу, жұмысқа қабілеттілік. Жеке бастың 
танымдық бағыттылығы – рухани қажеттілік пен қызығушылық
интеллектуалдық, белсенділік, ғылыми эрудиция (білімдарлығы), 
жаңаны сезе білу, өздігінен білім алуға дайын болуы, т.б. бағыттар 
мұғалім мамандығының негізіне алынған.
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, 
оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сер-
гек, өз ісіне ізгілікті сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі 
құбылыстардың барысын адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, 
жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен 
қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-
аналармен, ұжыммен педагогикалық ынтымақтастық орнатуға 
бейімділігі бар, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуды ке-
рек етеді.
Мұғалім сынып жетекшісі ретінде ата-аналармен отбасы тәрбиесі 
мәселелері бойынша білімін көтеруде негізгі әсер етуші тұлға бола-
ды. Ол үшін сынып жетекшісінің отбасы тәрбиесі бойынша білімі 
терең, ата-аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыра алатын, қабілеті 
жеткілікті болуы қажет.


185
Оның үстіне қалыпты отбасыларындағы тәрбие де көпшілікті 
алаңдатарлықтай жағдайда. Нақтылап айтқанда, отбасыларындағы 
ажырасу саны жыл өткен сайын азаймай отыр, жастардың отбасылық 
өмірге жеңіл қарауы немесе отбасын құруға деген ынта-ықыласының 
төмендігінен отбасын құруға асқпауы, тіпті ажырасу фактілерінің 
көптігі орын алып келеді.
Бүгінгі отбасы жағдайында бала тәрбиесін ұйымдастыру ата-
аналарға көптеген ғылым саласынан білімді де қабілетті болу-
ды талап етеді. Ата-аналардың дені отбасын асырау мен олардың 
қажетін қанағаттандырумен уақыттарын өткізуде. Ал бала тәрбиесі 
назардан тыс немесе өзге адамның қолында болып отыр. Олай 
дейтін себебіміз, бүгінгі күні әрбір үйде демесек те, бес отбасының 
бірінде бала күтуші жалданып жұмыс істейді. Ата-бабаларымыздың 
ұлағатты өсиеттерін еске алатын болсақ, бұл табиғатымызға, қала 
берсе тәрбиемізге жат дәстүр дер едік. 
Отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында бүгінде тәрбие меке-
мелерінде қандай жұмыстар жүргізілуде? Өкінішке орай, жүйелі 
жұмыстар жүргізіліп жатырдей алмаймыз. Себебі біз көбінде мектеп-
те, жоғары оқу орындарында негізінен білім сапасын арттыруға, ол 
үшін көптеген жаңа технологияларды қолдануға, балалардың іскерлік 
қабілеттерін арттыруға аса көп көңіл бөлеміз де, тәрбие мәселесіне 
жете көңіл бөлмейміз. Соның салдарынан ерте, дайындықсыз от-
басын құру (бүгінгі жастар арасында мектеп қабырғасында жүріп
тұрмыс құрып жатқан да жастар бар), ерте ажырасу немесе отбасын 
құруға деген жауапсыздық басым. 
Сондықтан да отбасын құрудың маңыздылығы мен отба-
сы өмірін ұйымдастырудың функциялары туралы алғашқы 
ақпараттар берілгені дұрыс. Мектеп қабырғасындағы жоғары сынып 
оқушыларымен жүргізілетін болашақ отбасылық өмірге дайындық 
жұмыстары жоғары оқу орнына бармайтын, еңбекке араласатын 
жастар үшін маңызды. Осы тұста мектеп пен отбасы бірлескен 
жұмыстарын жетілдіру арқылы ұл, қыз тәрбиесіне жете көңіл 
бөлу қажет. Мектеп бағдарламасына енген «Валеология» пәндері 
мазмұнындағы ақпараттарды ұлттық бағытта толықтырып, оның 
оқытылу әдістемесін, ақпараттың түсіндірілу механизмін жетілдіру 
қажет. Баланы болашақ отбасылық өмірге даярлай отырып, оның 
жеке басының гигиенасы мен денсаулығын сақтау мақсатында 
болашақ ұрпағы мен әулет дамуын жалғастыру жолдарын дәстүрлі 


186
де ғылыми ақпараттармен байланыста оқытатын жаңа жүйе жасау 
қажет.
Ал жоғары оқу орындарында болашақ маманды даярлаумен 
қатар олардың отбасылық өмірді ұйымдастырудағы біліктілігін 
жоғарылату маңызды. Өкінішке орай, бүгінгі жас маман отбасы 
тәрбиесін ұйымдастыруға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан 
кеңес беруге дайын емес. 
Бүгінгі отбасыларына бала тәрбиесінде психологиялық-педа-
гогикалық кеңес беретін және көмектесе алатын мекеме – мектеп. 
Мектеп мұғалімдері жоғары оқу орындарынан арнайы дайындықпен 
келгенде ғана отбасы тәрбиесі проблемаларын шешуге қабілетті 
болмақ. Осы тұста ата-аналардың да отбасы тәрбиесін ұйымдастыру 
бойынша білімдері мен ынта-ықыластары біркелкі емес. Сондықтан 
ата-аналар жиналысында бәріне ортақ мәселе – бала тәрбиесін 
тиімді ұйымдастыру мақсатындағы тәжірибелер мен теориялық 
тұжырымдарды талқылап, пікір алмасу маңызды. Сынып жетекшісі 
бағыт-бағдар беріп, тақырыптың бір арнада өрбуін қамтамасыз етіп 
отыруы тиіс. Бастауыш сынып оқушысының бойында кездесетін 
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және физиологиялық 
даму өзгерістерімен қатар, оларды қалыптастыру жолындағы ата-
ана әрекетін ұйымдастыруды бірге үйрену қажет. Сонда ғана бала 
дамуымен туындап отыратын мәселелер бойынша тақырыптар 
таңдалып, сөзге арқау боларлық тақырып шығып отырады. Осылай-
ша, біртіндеп ата-аналардың да отбасы тәрбиесін жетілдіру бойын-
ша сауаттылығын жетілдіріп отыру тиімді болмақ. Сонымен қатар, 
ата-аналардың есте ұстар басты қағидасы – әрбір ата-ана балаларын 
дәл өзіндей етіп емес, өзінен асып түсетіндей етіп тәрбиелеуі ке-
рек екендігін ұмытпауымыз тиіс. Өйткені олардың заманы ата-ана 
заманына қарағанда әлдеқайда талапшаң болмақ. Соны басты на-
зарда ұстау керек. Ойымызды қорытындылай келе, төмендегідей 
іс-шаралар отбасы тәрбиесінде орын алып отырған проблемаларды 
біршама шешуге мүмкіндік туғызады:
– мектептерде ата-аналарға педагогикалық-психологиялық 
тұрғыда кеңес беретін «Ата-аналар университеттерін» ашуды жан-
дандыру қажет.
– мектептегі сыныптың ата-аналар жиналысында ата-аналар-
дың педагогикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тақы-
рыптық жиындар ұйымдастырылуы тиіс.
– мектеп қабырғасында «Ер балаларды отбасылық өмірге 


187
даярлауға арналған бағдарлама», «Қыз балаларды отбасылық өмірге 
даярлау бағдарламасын» жасау қажет. 
– бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (теледидар, радио, га-
зет, журнал және т.б.) отбасы тәрбиесін ұлттық дәстүрлі жетілдіруді 
мақсат еткен бағдарламалар, сұхбаттар мен кездесулерді жиі наси-
хаттау арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруға қол жеткізу қажет.
Бүгінгі күні мектеп пен отбасының байланысы немесе мектептің 
отбасына ықпал етуінің негізгі формалары – ата-аналар жиналы-
сы, мектептегі ата-аналар күндері, әкелер мен аналар конферен-
циялары және т.б. болып отыр. Жұмыс түрлерінің өзгермегенімен, 
оның мазмұнының жаңаша бағыт алуы қажеттілікке айналып отыр. 
Отбасындағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым-қатынас 
жүйесін зерттеуде әрбір ата-анамен жеке дара жұмыс жүргізілуі 
қажет. Ата-аналар жиналысында баланың жеке басының дамуына 
қатысты барлық ғылымдар саласы (психология, физиология, ги-
гиена, педагогика, т.б.) интеграциялық бірлікте жаңа мәліметтер 
қарастырылып отырылуы керек.
Ата-аналар жиналысы – бұл мұғалімнің қолындағы маңызды 
педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата-аналарға балалары 
туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға 
болады. Өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар 
жиналысы нәтиже береді.
Оқушыларда ұнамды қасиеттерді қалыптастыруда сынып 
жетекшілерінің ата-аналармен жұмыс жүргізуде методологиялық, 
психологиялық, физиологиялық, гуманитарлық, технологиялық, 
жаңа көпшілік хабар, пән аралық байланыс, гигиеналық 
білімдермен қаруланып, байқағыштық қабілет, қарым-қатынастық 
(коммуникативтік), ұйымдастырушылық, практикалық, педагогтық 
такт және техника, гностикалық, шығармашылық, конструкциялық, 
өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттеріне ие болуы тиіс. Сонымен 
бірге жеке басының қалыптасуында білімділік, қарапайымдылық, 
мейірімділік, жоғары талап қоюшылық пен кешірімділік, адалдық, 
әділдік, еқбекқорлық, кішіпейілділік, сабырлылық секілді 
қасиеттердің болуы қажет.
Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, ба-
лалар бойында ұнамды қасиеттерді қалыптастыруда ата-аналар 
білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің 
ата-аналарға арналған іс-шараларының мазмұнына ендірілумен 
жүзеге асырылмақ.


188


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет