Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет19/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 
2004.
2. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 
2002.
3. Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. – М.: «Академический Про-
ект», Екатеринбург: «Деловая книга», 2003. – 528 с.
4. Сухомлинский В. А. Балаға жүрек жылуы. Шығармалар толық 
жинағында. – Алматы, 1984. – 476 б.
5. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тари-
хы. − Алматы: Білім, 2003. -280 б.
6. Баласағұн Ж. Құтты бiлiк. – Алматы: Жазушы, 1986. – 358 б.
7. Көбеев С. Баланы семьяда тәрбиелеу. – Алматы: Мектеп, 1965. – 67 б.
8. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. – Алматы: Ғылым, 
1975. – 305 б.
1.4 Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары 
мен негізгі принциптерi
1.4.1 Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары 
және оның мазмұндық алғышарттары
1.4.2 Әлеуметтендіру принциптері, оладың түрлері және оларға 
сипаттама
1.4.3 Баланы қоғамға бейімдеу мен ендіруде әлеуметтендіру 
принциптерін басшылыққа алудың жолдары
Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық және


54
құрылымдық мәселелерін жасауда қолданылып жүрген негізгі 
тұжырымдамалық идеялар Б. А. Грушин, Р. Г. Гурова, С. Н. Иконни-
ков, В. Г. Лисовский, Ю. В. Торсуев және т.б. еңбектерінде қарас-
тырылған. Бұл зерттеулерде тәрбиенің әлеуметтік детерминант-
тылығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты 
тұлғаның әлеуметтенуі жайлы эмпирикалық зерттеулердің талдаула-
ры берілген.
В. С. Бестужев-Лада, Б. С. Гершунский, М. Н. Скаткин, В. А. Ка-
раковский, В. А. Ядов т.б. әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау 
мәселелерін шешуде әлеуметтік педагогика ғылымына үлкен үлес 
қосқан.
В. И. Журавлев, Б. Т. Лихачев, В. Г. Разумовский, Г. П. Буда-
новалардың зерттеулерінде жастардың еңбекке, отбасылық өмірге,
білім алуға, қоғамдық іс-әрекет пен дем алуға дайындығы жан-
жақты әрі терең қарастырылған.
Қазіргі дәстүрлі педагогика әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы 
төмендегідей мәселелерді де қарастыру қажеттілігін мойындауда:
– тұлға мәнін және оның қалыптасу кезеңдерін ашу;
– индивидттің әлеуметтік болмысының түрлі формаларын ажы-
рату (адам, жекелік, тұлға, субъект);
– әлеуметтану мазмұнын түсіну;
– тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытудың өзара байла-
ныстылығына талдау жасау;
– тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының әлеуметтік детерминан-
ты мен мәдениеттер диалогының рөлін түсіну және т.б. Бұл бағытта 
В. В. Давыдов, В. В. Краевский, А. В. Мудрик, Б. С. Гершунский, т.б. 
еңбектерін айтуға болады.
Психология мен әлеуметтік психологияда тұлғаның психо-
логиялық құрылымы мен рефлексивтік белсенділіктің түрлеріне, 
формаларының заңдылықтарына іс-әрекет психологиясы мен тұлға 
ерекшеліктері, 
идентификациялаудың 
әлеуметтік-психология-
лық механизмдері (эмпатия, еліктеу, сендіру, т.б.) жатады. Бұл орай-
да Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, 
В. М. Мерлин, Л. И. Анциферова, И. Н. Семенов және т.б айтуға 
болады.
Соңғы жылдарда философияда қоғамда адамның алатын 
орны, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы, 
тұлға дамуының әлеуметтік мәдени детерминациясы, адамның іс-
әрекеттік болмысы әлеуметтік қоғамның негізгі сфераларын талдау, 


55
гуманистік концепция мазмұнын түсіну мәселелеріне көп көңіл 
бөлінуде. Бұл бағыттағы зерттеулер ретінде М. Н. Берулова, 
Л. П. Буева, Л. Н. Коган, И. И. Резвицкий, И. Н. Семенов, Э. Г. Юдин, 
К. А. Шварцман т.б. еңбектерін атауға болады. 
Жоғарыда айтылған ғылымдардағы ізгіліктілік мәселелердің 
ғылыми маңыздылығын жоғары бағалай отырып, әлеуметтік пе-
дагогика үшін негізгі рөл әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет 
тұжырымдамасы мен әлеуметтендіру тұжырымдамасына бері-
летіндігін атауға болады. Бұл тұжырымдамалар әлеуметтік педа-
гогиканың тұжырымдамалық негізін құрайды. Бұл тұрғыда Л. В. Фи-
липпованың жұмысы басты орынға ие. Онда әлеуметтік педа-
гогиканың тұжырымдамалық негіздері біртұтас жүйе ретінде 
пәнаралық білімдерді интеграциялаудың әдіснамалық және тео-
риялық мәселелерін қамтиды. Осындай көзқарас әлеуметтік пе-
дагогтарды кәсіби дайындаудың психологиялық-педагогикалық 
тұжырымдамасының мазмұндық және методологиялық негізін 
құрайды.
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындаудың психологиялық-
педагогикалық тұжырымдамасын құрастырудың бастапқы кезеңіне 
әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде және практикалық пән 
ретіндегі статусы, пәні, мазмұны, құрылымы және қызметтері мен 
міндеттері жайлы заманауи көзқарастарды жатқызуға болады.
Мұндай көзқарас әлеуметтік педагогиканы тұлғаны әлеумет-
тендірудің заңдылықтарын түсінуге және осы заңдылықтарды нақ-
ты бір тұлғаға қатысты қолдануды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 
пәнаралық кешен ретінде қарастыруға болатындығын айқындайды.
Әлеуметтік педагогика статусы нақты бір тұлғаның өзін-өзі 
жүзеге асыра алуына септігін тигізетін әлеуметтік педагогикалық іс-
әрекет феноменіне қатысты әлеуметтік философиялық позицияның 
көрінісі болып табылады. Осының нәтижесінде тұлғаның өзін-өзі та-
нуы, өзін жүзеге асыра алуы қамтамасыз етіледі. Бұл әлеуметтік пе-
дагогиканы ғылым ретінде танып, оның практикалық пән ретіндегі 
қоғам тапсырысын жүзеге асыратындығын нақтылай түседі.
Әлеуметтік педагогика тұлғаны әлеуметтік-педагогикалық әсер-
лердің жүйесі, көпқырлы әлеуметтендіру процесінің бастапқы және 
соңғы нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл барлық педагогикалық ме-
ханизмдер мен құралдардың біртұтас қоғам жүйесінде, яғни қоғам 
өмірінің барлық салаларында қызмет етуін ескере отырып, қайта 
қарастырылуы қажет екендігін көрсетеді. Бұл өз-өзінен жоғарыда


56
аталған мақсатқа қызмет ететін әлеуметтік-педагогикалық жобалар 
мен технологиялар жасауды қажет етеді.
Әлеуметтік педагогиканың объектісі ретінде тұлғаның өзі қа-
растырылады. Ал кейбір зерттеулерде (мысалы, Л. В. Филиппова) 
объект нақтыланып, тұлғаның әлеуметтену барысында қалыптасуы 
және дамуы түрінде айқындалады.
Қазіргі таңдағы түрлі көзқарастар тұрғысынан алғанда «тұлға» 
ұғымы адамның өмір сүру болмысының ерекше түрі; қоғамның 
мүшесі ретінде, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі. Мұндай көзқарас 
психологияда кеңінен танымал болып, әлеуметтік-философиялық 
және әлеуметтік көзқарастармен жақсы үйлеседі. Бұл тұлғаның 
қалыптасу, даму мәселесін пәнаралық тұрғыдан қарастыруды, мәні 
тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық позициядан қарастыруға 
мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік педагогиканың
объектісінде ең алдымен тұлға феноменінің әлеуметтік мәдени бол-
мысы көрініс табуы тиіс. Тұлғаның әлеуметтік-мәдени табиғаты 
төмендегідей мәселелермен сипатталады: Тұлға феномені адамның 
позициясында басқа адамдармен қарым-қатынасында көрінеді, 
өмірлік мақсаттары мен оның артында тұрған мотивтерінде мінез-
құлық түрлері мен жалпы мақсаттары мен міндеттеріне жетуде 
қолданатын іс-әрекет тәсілдерінде көрінеді. Осы сипатта тұлға 
түсінігі позиция, әлеуметтік рөл, әлеуметтік статус ұғымдарымен 
тығыз байланысады. 
Әлеуметтік рөл дегенде белгілі бір топтағы адамның күтілетін 
мінез-құлыққа жауап беретін іс-әрекетінің бағдарламасын түсіну ке-
рек. Түпкі мәніне келетін болсақ, бұл белгіленген бір қоғам өміріне 
араласатын адамның еріксіз статусы, яғни мұндай адам өзінің қызмет 
әрекетіне сай мінез-құлыққа жауап беруі тиіс. 
«Статус» ұғымы бұл адамның қалыптасқан әлеуметтік қатынас-
тар жүйесіндегі мінез-құлқын сипаттайды. Мұнда адамның өз орны, 
іс-әрекет түрі және нормативтік мінез-құлық типі болады. Статустық
жүйеде адамдардың қарым-қатынасын, іс-әрекеттерін ретке салып 
отыратын нормалар бар. Статус пен тұлғаның рөлі сырттай қараған-
да бірдей болғанымен, тұлға ұғымының мәнін толық қамти алмай-
ды. Тұлға ұғымының мәні оның еркін, өз бетінше, жауапкершілікпен, 
яғни өзінің статустық-рөлдік шектеулерден, нормативтік инструк-
циялардан шетке шығып еркін әрекет етуімен байланысты.
Адамның әлеуметтік қоғамдағы орнын кей жағдайларда белгілі 
мақсат, себеп, жағдайлар айқындайды. Ал тағы бір жағдайларда адам


57
сол қоғамдағы орнын саналы, ерікті түрде таңдап, өзін өзгелерге 
мойындату арқылы жеңіп алады. Мұндай жағдайда адамның өмір-
дегі өз позициясының бар екендігін айту қажет. Позицияны адамның 
тұлға ретіндегі жалпы сипаттамасы ретінде түсіну қажет. Ал тұлға 
бұл аспектіде-өмірде, қоғамда, мәдени қарым-қатынаста өз орнын 
өздігінен айқындайтын адам. Осы негізде тұлға – біртұтас әлеуметтік 
мәдени құрылым, мәдениет, уақыт және тарих кеңістігінде өз пози-
циясын еркін, өз бетінше айқындаған субъект. Адамдармен қарым-
қатынаста позицияны түбегейлі ұстану мүмкін емес. Өмір сүру ба-
рысында жауапкершілікті өз мойнына алу керек болатын жағдайлар 
орын алуы мүмкін. Сондықтан тұлға біржолата қалыптасқан 
сапа, жай-күй немесе құрылым емес. Тұлға – іс-әрекет әдісі, өмір 
сүру бейнесі, іс-әрекет субъекті. Осы тұрғыдан алғанда әрбір 
адам өзінің жеке көзқарастары мен позицияларын берік ұстанып, 
оның дұрыстығын өзгелерге мойындатқан жағдайда ғана толық 
мағынадағы тұлға ретінде қалыптасады. Тұлға – адамның айрықша 
өмір сүру тәсілі. Осы тұстан бастап, адамның ерекше болмысы тура-
лы айтуға болады. Мұндай тәсіл тұлғаның жеке білім алуы негізінде 
қамтамасыз етіледі. Ал ондай білім адамның іс-әрекетінің ерекше 
деңгейіне, басқаша айтқанда тұлғалық сатысына көтерілгенде, жеке 
өмір сүру тәсіліне ие болғанда қамтамасыз етіледі. 
Тұлғалық деңгей – бұл өз іс-әрекетіне, мінез-құлқына толық жа-
уап беру, әлеуметтік іс-әрекет қаупі мен қиналыс қаупіне, түрлеріне 
қарамай, сол жолды таңдауы сияқты мәселелер түсініледі.
Субъектінің әлеуметтік байланыстар мен қатынастарға 
түскендігін бейнелейтін ұғымдардан жеке құндылық, жеке таңдау, 
еркін, тұлғалық бағдарлар мен мақсаттар, жеке уақыт сияқты 
мәселелерді атауға болады. Тұлғалық құндылықтар дегенде нақты 
бір индивидтің қоғамдық және топтық құндылықтарды меңгеруін 
түсіну қажет. Әлеуметтік құндылықтар жеке өмір сүру іс-әрекеті 
тәжірибесі барысында тұлғаның құндылықты бағдарларының 
психологиялық құрылымына енеді. 
Құндылық бағдарлар тұлғаның қызметі барысында көптеген 
қызметтерді атқарады және оның тұрақтылығы мен тұтастығын 
қамтамасыз етеді. Тұлғалық бағдарлар мотивацияның негізгі 
қозғаушы күші болып, әлеуметтік мінез-құлықтың негізін құрайды. 
Дамыған тұлғалық бағдарлар – кемелденген тұлғаның маңызды 
көрсеткіштерінің бірі, ол әлеуметтенгендік деңгейінің, индивидтің 
әлеуметтік қоғамға енуі деңгейінің көрсеткіші ретінде бағаланады. 


58
Осыған байланысты кез келген қоғамда тұлғалық бағдарлар 
тәрбиенің және мақсатқа бағытталған қалыптастырудың объектісі 
болып табылады. Жоғарыда айтылған пікірлерді жинақтай оты-
рып, тұлғаның табиғи болмысы төмендегі екі топтағы сипаттамалар 
арқылы ашылатындығын айтуға болады:
Бірінші топқа тұлғаның ұстанымы, әлеуметтік рөлі, құндылық-
тары және жоғарыда санап өтілген феномендер кіреді. 
Екінші топ адамның жеке деңгейдегі өмір сүру тәсілі арқылы 
тұжырымдалады. Бір сөзбен айтқанда, тұлға әлеуметтену бары-
сында қоғамда дұрыс өмір сүру үшін өзіне қажетті мінез-құлық 
формаларына ие болып қоғам мақұлдаған көзқарас, сенімдерін 
қалыптастырады. Әлеуметтену өз ішіне адамның әлеуметтік бол-
мысты тануын, жеке практикалық және топтық жұмыс дағдыларына 
ие болуды қамтиды. Әлеуметтену процесі барысында белгілі бір 
өзгерістерге алып келетін сапалар мен психологиялық механизмдер 
қалыптасады. 
Әлеуметтендіру процесі үшін қоғамдық тәрбиенің маңызы зор. 
Әлеуметтендіру процесін индивид тарапынан әлеуметтік тәжі-
рибені меңгеру барысында қарым-қатынас және іс-әрекет аясын 
кеңейту ретінде, өзін-өзі реттеу, сана-сезімі мен белсенді өмірлік 
ұстанымының қалыптасуы түрінде сипаттауға болады.
Әлеуметтендіру институттары ретінде отбасы, бастауыш мек-
тепке дейінгі білім беру мекемелері, мектеп, еңбек және басқа да 
ұжымдарды жатқызуға болады.
Тұлғаның жаңаша жоғары деңгейде дамуының объектив ал-
ғышарты – тәрбие процесі. Жоғарыда тұлғаның әлеуметтік бол-
мысына қатысты аталған қағидаларға сүйене отырып, әлеуметтік 
педагогиканың пәніне әлеуметтендіру процесінің мазмұнын құ-
райтын құрылымдық-функционалдық байланыстарды, заңдылық 
қарым-қатынас пен өзара байланыстар логикасын, тұлғаның өзін-өзі 
айқындауы мен өзін жүзеге асыра алуы процестерін жатқызуға бо-
лады.
Әлеуметтік педагогиканың принциптері әлеуметтік педагогика-
ның тұжырымдамалық негізін шығармашылық тұрғыдан талдау нә-
тижесінде айқындалады. 
«Принцип» сөзінің өзі латынның «принципум» деген сөзінен 
аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Кез келген ғылым 
өзінің дамуында белгілі бір заңдылықтардан бастау алатын, соларға 
негізделетін қағидаларға сүйенеді. Мысалы: кез келген құрылысшы 


59
акірпіш қалау үшін ең алдымен фундамент қалап алу керектігін 
біледі. Сол секілді педагогикалық процесті ұйымдастыруда бас-
тапқы ережелер мен талаптарды, яғни принциптерді ескеріп, үнемі 
басшылыққа аламыз.
Кез келген ғылымның негізгі қағидаларына сүйене отырып, 
оның ережелері қалыптасады. Қағидалар мен ережелер біздің қала-
уымыздан тыс пайда болады. Оларды ескермеген жағдайда ертелі-
кеш біздің тәрбиелік әрекеттеріміз пайдасыз, тіпті зиянды да болуы 
мүмкін.
Әлеуметтік педагогика өзінің практикасында ғылыми педа-
гогиканың тәрбие қағидаларына сүйенеді. Соған қарамай әлеуметтік 
педагогика баланың ересек болғанға дейін ең алдымен бала болып 
қалуын қалайды. 
Сондай-ақ швейцар педагогі Иоганн Генрих Песталоцци (1749-
1827) қараусыз қалған балалар үшін қамқорлыққа алу үйлерін 
ұйымдастыра отырып, тәрбиедегі негізгі мақсат – адамның қабілеті 
мен табиғи күшін дамыту, сонымен қатар бұл даму жан-жақты әрі 
үйлесімді болуға тиіс деген болатын.
Әлеуметтік педагогиканың принциптері – бұл, тұлғаның қалып-
тасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, 
сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай прин-
циптер қатарына – гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, 
поляризация және тәжірибе жатады.
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет