Алғабас негізігі мектебінің 2015-2016 оқу жылының тәрбие жоспары бойынша І жартыжылдыққа арналған есебі


Салауатты өмір салтын қалыптастыру



бет2/12
Дата25.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#4609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мақсаты: Білім алушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу, денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну, дене тұрғысынан жетілу.
Оқу жылы басталуымен мектебімізде денсаулық күніне орай арнайы жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екендігін түсіндіру басты бағыт болды.       Мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен қыркүйек айында «Салауатты өмір салты, денсаулық кепілі» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға барлық мектеп оқушылары және сынып жетекшілері ат салысты. Іс-шара барысында әртүрлі эстафеталық жарыстар, ойындар өткізілді. Денсаулық күніне орай өткізілген іс-шарамыздың соңы мектеп оқушыларының флешмоб биімен аяқталды.

      Халықаралық шылым шегуден бас тарту күні аясында 5-9 сынып оқушыларымен «Темекі тартудың тыныс мүшелеріне зияны» пікір алмасуды Каримова К.Е. биология пәнінің мұғалімі өткізді. Мектебіміздің медбикесі Рахимжанова А.К. жасұрпаққа зиянды әдеттерге еліктеу, қызығу өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертіп, темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы мағлұмат берді.

«Экология және денсаулық» тақырыбында СӨС жетекшісі Кожахметов Т.Б. лекция оқыды. Еліміздің мықты тірегі – дені сау ұрпақ. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану – салауатты өмір кешу мен байланысты. Бүгінгі тақырыпты түйіндей келе-адам бақытының бірінші байлығы екенін айтып қорытындылады



Желтоқсанның 2 мен 11 аралығында «Біз өмірді таңдаймыз» атты акция өткізілді. Барлық іс – шаралар бекітілген жоспар бойынша өткізілді. Жоспар бойынша мектептің наркопостары санитариялық жұмыстарға арнап лекция оқып, әңгіме құрды.Желтоқсанның 4-і күні дене шынықтыру мұғалімі Кусаинов О.А. «Спорт – бұл өмір» атты 7-9 сыныптар аралығында волейбол ойынынан жарыс өткізді. Келесі күні мектептің медбикесі оқушыларға ВИЧ және СПИД туралы лекция оқып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.Акция тақырыбы бойынша мектепте қабырға газеті шығарылды. Сонымен қатар «СПИД – ғасыр дерті» тақырыбында сурет көрмесі өткізіліп, оқушылар зиянды әдеттерден аулақ болу жолдарын білетіндіктерін суреттері арқылы жеткізе білді. Қорыта келгенде, акция бойынша өткізілген барлық іс – шаралар қанағаттанарлық деңгейде өтіп, өмірді бағалай біліп, салауатты өмір салтын ұстануға әр бала міндетті екендігі айтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет