Алғабас негізігі мектебінің 2015-2016 оқу жылының тәрбие жоспары бойынша І жартыжылдыққа арналған есебі



бет4/12
Дата25.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#4609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4. Рухани – адамгершілік даму.

Мақсаты: Өзінің міндеттерін түсінетін және қабылдайтын, өмірді және өзін, өзінің іс – әрекеттерін рухани – адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті толық тұлғаны тәрбиелеу, өзін – өзінтәрбиелеу, өзін – өзі, өзінің қабілетін, рухани – адамгершілік тұрғысынан өзін – өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін тану.

5-9 сыныптар арасында « Арайлы Алтын күз!» сайысы өтті. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды: таныстыру, өнер сайысы, дастархан мәзірі, сән үлгісі, білгенге – маржан. Әділ қазылардың шешімі бойынша: 5-6 сынып 1- орын, 7-8 сынып 2 орын, 9-сынып 3- орынға ие болды.

« Қарттарым - асыл қазынам!» мерекесіне жауапты болған Дабиева А.Ж. тәлімгер. Жыл сайын зейнеткерлері мен тұрғындарына арналған мерекелік үстел, концерт көрсетеміз.

«Ұстаз – ұлы тұлға» мұғалімдер күніне 9-сынып оқушылары өзін –өзі басқару күнін өткізді. Мұғалімдерді құттықтап, мерекелік үстел мен концерт ұйымдастырды.

5-6 сынып оқушыларға «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы » пікірталас өткіздік. Мақсаты: оқушылардыадамгершілікке тәрбиелеу.Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? сұраққа өз ойларын ортаға салды. Және «Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Қатысқан: 9 оқушы.

« Әдепті бала – арлы бала» тақырыпты әңгімелесу түрінде 1-4 сыныпқа Кусайнова Б.С. өткізді. Мақсаты: оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Қатысқан: 21 оқушы.



Сынып жетекшілері адамгершілікке, еңбекқорлыққа, имандылыққа, өтірік айтпауына, сөз берген кезде оны орындауға т.б. сұхбаттар жиі өткізеді. Психолог Салимова К.Т. әр түрлі тренингтер, сауалнамалар өткізіп отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет