5. Көркемдік-эстетикалық дамуы
Мақсаты: Балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып мұғалімі Кусайнова Б. С. «Қуыршақ театры» атты үйірме жұмысын ұйымдастырды. Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірменің мақсаты- оқушыларға жапсырма (папье-маше) арқылы ертегілер кеіпкерлерін жасап, оларды қолдану арқылы саусақ бұлшықеттерін дамыту, актерлік қабілеттерін арттырып, еркін сөйлеуге үйрету,сондай-ақ өнердің әр саласында жұмыс істей білуге баулу.Мектепте бала санының аздығына байланысты, үйірмеге де 5-6 сынып оқушылары қатысады. « Қызыл телпек» және « Морозко » ертегісінің қойылымы көрсетілді.
«Жас қанат» қолөнер үйірмесінің басшысы Салимова К.Т. Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген.Мақсаты: оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Үйірмеге 17 оқушы қатысады. Көркем еңбек сабақтарында ұлттық киім түрлері,әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыруға үйренеді. Жұмсақ бейне ойыншықтар сабақтарында оқушылар қуыршақ театрына ойыншықтар жасап береді. Салимова К.Т. үнемі ізденіс үстінде болады, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, басқа сөз беттерден, слайд – фильмдерден алып қолданады. Сабақтары қызықты өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |