6. Отбасылық мәдениет тәрбиесінің қалыптасуы
Бағыт мақсаттары: жеке тұлғаның өзіндік сана, этикалық принциптерді дамыту, қоғам дәстүріне сай келетін моральдық сапа мен тәртіптердің қалыптасуын негізге алу. Жастарды әлемдік және ұлттық мәдениет, қазақстандық қоғамның қажеттілігіне сай жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау.
Мектептегі ата – аналармен жұмыстың кең тараған түрлері: жиналыстар, , біріккен шаралар, жаттығулар, тренингтер т.б.
Ата–ана әртүрлі, олардың мектепке көз қарасы да сан алуан. Сол үшін алдымен ата–анна өзін тану үшін психологиялық жаттығулар, тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Әрине, кез келген ата–анна өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту ретінде жүргізілді. Өздерін, балаларын жаңа қырынан көре алатынын байқаған ата – аналар белсендігі арта түсті. Бала тәрбиесіндегі ата – ананың ролі басым екендігін, бала тәрбиесіне көңіл аз бөлінетінін мойындап, жауапкершілікті сезініп отырды.
Мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Қыркүйек айындағы алғашқы ата-аналар жиналысынын тақырыбы: « Жанұяда балаға зорлық – зомбылық болмасын». Мақсаты: балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу. Зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу, әсем болады. Сондықтан балаларды ұрып – соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа зорлық көрсетуге болмайды. Әр баланың қорғау құқығы бар: №36, 22 бап Қазақстан Республикасының Конституцияда деп шешім қабылданды. Психологиялық жаттығу : « Ата – ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістеме» өткізген психолог: Салимова К.Т. Ата – аналар балаға қаншалықты көңіл бөлуін керек екенін анықтады.
«Менің отбасым» сурет көрмесін дайындаған Тлеулинов А.Б. кітапханашы. Фотокөрме « Менің отбасым!» әр сынып дайындады.
Ата – аналар жиналысында «Отбасындағы тәрбиенің ерекшекшіліктері» баяндама оқылды. Мақсаты: мектеп, ата – ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Корытынды жасаған кезде бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата – ана. Бала үшін үй ішінен, ата – анадан артақ тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сінеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл- қыздармен үй шаруасында жүріп –ақ әңгімелесіп , ой бөлісуге де болады. Сол себептен бала айналысындағыны бойына сіңіріп өседі.
Ата – аналарға : « Отбасылық құндылық ағашы» шығармашылық жұмыс өткіздік. Ата – аналар үлкен ағаш суретін салды.Отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастырды.Тамырға ең негізгі отбасылық құндылық, діңіне орташа құндылықтары, ал, бұтақтарына отбасынызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, құндылықтарды орналастырды.
Ата – аналар, мұғалімдер бірігіп жаңа жылға дайындық жасады. Ата – аналар өз балаларына киімдер тігіп, сыйлықтар дайындады
.
Достарыңызбен бөлісу: |