3. Құқықтық тәрбие
Мақсаты: құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды
іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу.
Жыл басында «Мектеп ережесі- оқушының құқығы мен міндеті» жасалып, оқушыларға таныстырылды. Әр сыныпта тәрбие сағаттары мен сынып жиналыстары өтті. Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Оқушылардың бос уақыты қадағаланып, түнгі бейсауат жүрістерін болдырмау үшін мұғалімдерден кезекшілік құрылды, ата-аналары мен оқушылардан қолхат алынды. Осындай жұмыстар каникул кездерінде де үздіксіз жүргізіліп отырады Тарих мұғалімі Кожахметов Т.Б. « Өз құқығынды білесің бе?» сауалнама өткізді. «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұранмен мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол – көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша « Қауіпсіз мектебі» акциясы өтті. «Жас Ұлан» тобының мүшелері « Жаяу жүргіншілерге» арнау үнпарақтарын таратты. «Жолын болсын,балақай!» сайыс өткізілді. «Жолда жүру тәртібін, жадыңда ұста!»5-9 оқушыларға арнап видеороликтер көрсетілді. Сынып жетекшілері микроаудандарды аралап, дәптер толтырған кезде: оқымайтын, нашар тұратын отбасылар - жоқ деп қорытынды жасады.
Оқушылардың бос уақыты қадағаланып, түнгі беймезгіл жүрістерін болдырмау үшін мұғалімдерден кезекшілік құрылды, ата-аналары мен оқушылардан қолхат алынды. Сынып жетекшілері микроаудандарды аралап, дәптер толтырған кезде: оқимайтын, нашар тұратын отбасылар - жоқ деп қорытынды жасады.
Тарих мұғалімі Кожахметов Т.Б. 5-9 сынып оқушыларға «Бала және оның құқығы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Құқық қорғау органы қызметкерлермен кездесу өткіздік. Кийма участкалық полиция қызметкері Суменов М.Б. оқушылармен «Балалар құқығының» заңдары туралы әңгімелесу өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |