(Б.з.б. 3 ғ. – б.з. 4 ғ.) Ø Үйсіндер туралы жазба деректер. Орналасқан жері 1. Үйсіндер алғашында тәуелді болған: Ғұндарға.
v Деректерде: «Алғашқыда олар (үйсіндер) ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады...».
2. Б.з.б. 160 жылы (б.з.б. ІІ ғасырда) үйсіндер Орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды. 3. Кейінгі темір дәуірінде Жетісу жерін мекендегендер: Үйсіндер.
4. Үйсін тайпаларының мекендеген жері:Жетісу. v Үйсіндердің шығыс шегі Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен.
5. Жазба деректердегі үйсіндердің шығысындағы көршілері: Ғұндар.
6. Үйсіндердің солтүстік батысындағы көршісі: Қаңлы.
v Батысындағы көршісі " Дауания.
7. Үйсіндер өзімен көрші жатқан осы елмен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған: Қытай.
8. Хань хроникасындағы жазуға қарағанда, үйсін гуньмосының қытай ханшайымына үйлену уақыты: Б.з.б. 107 ж. 9. Үйсін атауы қытай жазбаларында кездеседі: Б.з.б. 2 ғ. бастап.
10. Үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп бейнелеген: Қытай жазбалары.
v Үйсіндер антропологиялық жағынан еуропеоидтер. Бірақ олардың бет пішіндерінде монғолоидтық белгілер барлығы да анықталған.
11. Жетісу жеріндегі ежелгі үйсіндердің бас мүсінін жасаған: М.М.Герасимов.
12. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет жазып қалдырған тарихшы: Сыма Цянь.
13. Үйсіндердің тілі мен жазуы жөнінде толық дерек жоқ.
14. Деректердің мағлұматы бойынша үйсін халқының саны: 630 мың.
15. Қытай деректеріндегі үйсіндердің әскер саны: 188 800 жауынгер.
16. Үйсіндердің астанасы: Қызыл Аңғар (Чигучен), Ыстықкөл жағалауында орналасқан.
Ø Қоғамдық құрылысы 17. Үйсіндерге қатысты «Усунго», «Синго» ұғымы: Көшпелі мемлекет.
v Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар.
18. Үйсіндер басшысының лауазымы: Гуньмо.
19. Үйсін билеушісіне бағынған тайпа көсемдері мен ұсақ рубасыларының атауы: Бек.