Алғашқы адамға берген атаулары: «Епті адам» «Епті адамның» («Homo habilis») табылған жері



бет25/91
Дата06.02.2022
өлшемі241,12 Kb.
#81286
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91
Байланысты:
тарих тест

(Б.з.б. IV ғ. – б.з. III ғ.)
Ø Ғұндар тарихының ерте кезеңі
1. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа: ғұн.
2. Ғұндар кезеңі қамтитын аралық: Б.з.б. IV ғ. – б.з. III ғ.
3. Қытай деректерінде «ғұн» атауының пайда болған кезі: Б.з.б. 3 ғасырдың аяғы.
4. Ғұндар туралы дерек беретін: қытай деректері.
5. Б.з.б. IV және III ғасырларда ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған аймақ: Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық.
6. Шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше, Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасы пайда болған мерзім: б.з.б. 209 жылы.
7. «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі,оны қалай береміз?» - деп айтқан: Мөде.
v Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген тайпаларды бағындырды (юэчжи, дунху тайпаларын).
8. Б.з.б. ІІ ғасырда ғұн басшысы Мөде шаньюй Азияда ғұндардың күшті мемлекетін құру үшін әскери реформалар жасады.
9. Көшпелілерден қорғану үшін Цинь патшалығы Ұлы Қытай қорғанын салды: Б.з.б. III ғасырдың аяғында.
10. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы: 4 000 шақырым.
Биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.
11. Ғұндардан жеңіліс тапқан Хань әулетінің негізін қалаушы: Лю-Бань.
v Қытай билеушісі Мөде шаньюймен «Тыныштық және туыстық» туралы келісімшарт жасауға мәжбүр болды.
12. Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезіБ.з.б. II - I ғғ. аралығы, Мөденің билік жүргізген мезгілі.
13. Ғұн мемлекетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі: б.з.б. 55 жыл.
14. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекетінің екіге бөлінуінің нәтижесінде, Хуханье бастаған оңтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздіктерінен айрылып: Хань әулетіне тәуелді болды.
15. Солтүстіктегі ғұндардың өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа жылжыған уақыты:Б.з.б. I ғ. аяғында (б.з.б. 47 жылы).
16. Батысқа қарай жылжыған солтүстік ғұндарға басшылық еткен: Чжи-Чжи.
17. Б.з.б. І ғасырдың аяғында Қазақстан аумағына келген солтүстік ғұндар бейбіт келісімге келді:қаңлылармен.
18. Б.з.б.46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы көмек көрсеткен елі: Ғұндар.
P Б.з.б. 36 жылы Қытай мен үйсіндердің біріккен күші Талас бойындағы Чжи-Чжи тұрғызған қаланы талқандап, Чжи-Чжи мен оның жақындарын өлтірді.
19. Ғұн тайпаларының Қазақстан аумағына қоныс аударуының екінші толқыны басталды: Б.з. I ғ. (93 жылы).
20.





Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт: 300 жылдан астам.
21. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа жылжу мерзімі: б.з.б. ІІ ғ. басталып – б.з. IV ғ. дейін созылды.
Ø Халықтардың ұлы қоныс аударуы
§ Ғұн тайпаларының батысқа қарай жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен белгілі.
P 375 – 376 жж. Ғұндар готтарды қиратып, Рим империясының шекараларына жетті.
22. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған: ғұндар.
23. Ғұн әскерлерінің негізгі құрамыАтты әскер.
24. Ғұндардың еуропа елдеріне жасаған жорықтарына басшылық еткен: Аттила.
25. Аттиланың өмір сүрген жылдары: 400 – 453 жж.
26. Ғұн билеушісі Еділ (Аттила) жауынгерлерінің Рим империясына қауіп төндірген мерзімі: V ғасырдың 30-жылдары.
v

Аттила бейнеленген медальон




Еділ (Аттила) Румыния мен Венгрия елдеріндегі ғұндарды қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтті.
27. Еділдің (Аттиланың) билік құрған жылдары: 445 – 453 жж.
v Еділ (Аттила) билігі тұсында ғұндарда әскери-демократиялық құрылыс нығайды.
28. Еділ (Аттила) жауынгерлерінің Каталаун даласында рим-франктердің біріккен күштерімен шайқасы болды: 451 жылы.
29. 451 жылы ғұндарға қарсы римдіктер, сарматтар, аландар мен франктер бірігіп шайқасқан жер: Галлия.
30. Еділ (Аттила) басқарған әскер бірінші рет жеңіліс тапты:Каталаун даласында.
P 452 жылы Еділ бастаған ғұндар Рим қаласын қоршауға алды.
31. Еділ (Аттила) жөнінде құнды дерек қалдырған: Прииск.
32. 448 жылы Аттила сарайында болып қайтқан Прииск айтты: «бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады...».
«...Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әоі құлаққа жағымды».
33. «Атилла» операсын жазған Италияның атақты композиторы: Джузеппе Верди.
34. Қазақша «Еділ» атымен аталатын өзен: Волга.
35. Еуропадағы ғұн жорықтары:
Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.
Құл иеленушілік құрылысының жойылуына ықпал жасады.
Орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашты.
Ø Қоғамдық құрылысы
36. Ғұн мемлекетіндегі ру саны24
37. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша бөлінді: Сол, орталық, оң қанатқа (үш қанатқа).
38. Қытай деректеріндегі : Шаньюй.
39. Ғұн мемлекетіндегі шаньюйден кейінгі басты тұлғалар:Түменбасы.
v Олар 24 руды басқарған. 24 түменбасын шаньюй тағайындаған.
40. Ғұн мемлекетіндегі «түменбасы» лауазымын иеленген: шаньюйдің жақын туыстары.
41. Ғұн мемлекетіндегі түменбасы әскерінің құрамы: 10 мың атты әскер.
42. Ғұндардағы биліктің берілу жүйесі: Мұрагерлік жолымен.
43. Ғұндардың ру көсемдеріАқсақалдар.
44. Құрбандық шалу үшін барлық бекзадалар шаньюйдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады: Жылына үш рет.
45. Ғұндарда ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарға берілген жаза түрі: Өлім жазасы.
46. Ғұндарда ұсақ қылмыстар үшін қолданылған жаза айыптының бетін тілген.
Ø Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
47. Ғұндардың негізгі шаруашылығы: Көшпелі мал шаруашылығы.
48. Ғұндар өсірген үй малдары Барлық түрін.
49. Ғұндардың негізгі баспанасы: Киіз үй.
50. Ғұндардың астық сақтайтын ұралары табылған жерлер: үй-жайлардың іші.
v Сүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.
? «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық суыққа, шөлге үйренген » деп пайымдаған: Аммиан Марцеллин.
51. Ғұн әміршісінің сарайы туралы сипаттап жазған: Прииск.
52. 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Приискіні ерекше таңқалдырған аппақ тастан қаланған монша.
53. Орталық Қазақстанда б.з.б. 7-6 ғасырларда «аң стилімен» қатар дамыған стиль: «Полихром стилі».
54. Ғұндарда дамыған зергерлік стиль: «Полихромдық стиль».
v Бұйымның бетін алтын түйіршіктермен дәнекерлеу: Зерлеу.
v Бұйымға сәндік үшін түрлі түсті заттар жапсыру: Безендіру.
v Алтын жіптермен кестелеу, алтын жалату: Оқа жүргізу.
55. Ғұндар бұйымының бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыру стилі «Полихромдық стиль».
v Бұл зергерлік стиль б.з.б. І мыңжылдықтың басында Алдыңғы Азия мен Шығыс Жерорта теңізі елдерінен тараған.
56. «Полихромдық стильдің» барынша гүлденген кезеңі: Б.з. III – V ғ.ғ.
57. Ғұндарда бұйымдарды безендіру үшін қолданылған негізгі бейне: Жабайы аңдар бейнесі.
58. Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел: Ұршық бастары.
59. Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі тайпалар сыйынған: Көк тәңірге, ата-баба аруағына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет